Сабақтың жабдықтары

Сабақ туралы мәлімет

Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Ажғалиева Гүлзира Ажғалиқызы.

Пән

Қазақ тілі

Сынып

4

Сабақтың тақырыбы

Сан есім

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Заттың санын білдіретін сөздер бойынша жаттығулар орындау.
  • Мәтіннен «қанша?», «неше?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді табуға үйрету.
  • «Қос» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Дамытушылық

  • Оқушылардың сөздік қорын байыту.
  • Сөздерді мағынасына қарай орынды қолдануға үйрету.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

  • Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу.
  • Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
  • Төрт түлік малды танып-білуге баулу.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі

Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.

Әдістері

Көрнекілік, сұрақ-жауап, сауалнама, ойын, тірек-сызбамен жұмыс.

Көрнекіліктері

Сюжетті сурет (балық аулау), сауалнама, тірек сызбасы.

Жабдықтары

Бор, тақта, сүрткіш, маркерлі тақта, магнитті тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сабақты ұйымдастыру, оқушылардың назарын шоғырландыру және жұмысқа дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру (ойын әдісі: «Балық аулау»)

Тапсырма: 5–6 оқушыдан жауап алу, ережені қорыту.

Практика: мысал, сөз және сөйлем құрау.

Сөйлем ішінен дара және күрделі сан есімдерді табу.

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтіндегі сан есімдерді тауып, астын сызу.

Шығармашылық жұмыс

  • «Қос» сөзінің мағынасын түсініп, оны сан есіммен алмастыру.
  • «Жұбы жазылмайды» тіркесіне талдау жасау.
  • 411-жаттығу: ауызша орындау.

Пәнаралық байланыс: математика

Он бір түйе, бес жылқы
Екі сиыр, бес ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Таба алмасаң, бол күлкі.

Өлеңнен сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қою.

Сюжетті суретпен жұмыс (ана тілімен байланыс)

Суретке қарап, сан есімдерді қатыстырып шағын әңгіме құрастыру.

Үй тапсырмасы

Тақырыптық тапсырма

Ұлы Жеңістің 60 жылдық торқалы тойына арнап 5 дара және 5 күрделі сан есімі бар сөйлем құрастыру.

Жаттығулар

  • 412-жаттығу: өзіндік жұмыс, берілген сандарды сөзбен жазу.
  • 413-жаттығу: терме диктант, сан есімі бар сөздерді теріп жазу.

Қорытынды бөлім

  • Сауалнама әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
  • Алдыңғы сабақтарда өтілген сөз таптарын қайталау үшін сауалнама тапсырмаларын орындау.

Маркерлі тақтадағы тапсырмалар

1) Сын есімді зат есіммен сызық арқылы байланыстыр:

сұрғылт — жылқы
асау — су
таяз — бұлт

2) Сан есімді тауып, астын сыз:

Отыз, бойшаң, мысық

Сабақтың қорытындысы жасалып, оқушылардың жұмысы бағаланады.