Назарларын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Білімділік
Оқушыларды қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстыру, олар туралы мазмұнды әңгімелеуге үйрету. Етістіктің рай категориясы және оның түрлері жөніндегі білімді тереңдетіп, жинақтап, бекіту.
Дамытушылық
Сөздік қорды толықтыру, ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тақырып бойынша ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сауаттылықты арттыру.
Тәрбиелік
Еңбекке баулу, адамгершілік құндылықтарды ұстануға бағыттау, өз ұлтының дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақ түрі
- Дәстүрлі сабақ
- Сабақтың типі
- Білімді жинақтау және жүйелеу
- Сабақ формасы
- Жаңа сабақты түсіндіру
- Сабақ әдістері
- Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, топтастыру
- Пәнаралық байланыс
- Информатика
Көрнекіліктер
- Презентация, кестелер
- Бағалау парақшалары
- A3 және плакат қағаздары
- Маркерлер
- «Саусақтар» моделі
- Қазақтың ұлттық киімдері туралы суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Назарларын сабаққа аудару.
- Сурет қиындылары арқылы сыныпты 3 топқа бөлу:
- 1-топ: Тақия
- 2-топ: Тон
- 3-топ: Қамзол
II. Жаңа сабаққа кіріспе (сұрақ-жауап)
Әр сұрақ слайд арқылы көрсетіліп, жауаптар талқыланады.
- Қазақстанның төл мерекелерін атаңдар.
- Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
- Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
- Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?
- Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
Одан кейін бейнематериал көрсетіледі: «Бұлар қалай аталады?» деген жетекші сұрақ арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатына оқушылар өздері келеді.
Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады және қазақ халқының ұлттық киімдері бірнеше түрге бөлінетінін түсіндіреді (слайд арқылы үлгілер көрсетіледі).
Топтық жұмыс (оқулықпен)
Оқулықтағы №2 мәтін бойынша жұмыс:
- «Тақия» тобы: мәтін мазмұнын әңгімелейді.
- «Тон» тобы: мәтінді аударады.
- «Қамзол» тобы: өз көзқарасын білдіреді, қорытынды ой айтады.
Сөздікпен жұмыс
Оқушыларға қолдау ретінде тақырыптық сөздік ұсынылады.
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| ұлттық | национальный (-ая, -ое) |
| біркиер | праздничный |
| күнделікті | каждодневный |
| той-думан | праздник |
| сәнді | модный |
| салтанат | торжество |
| дәстүр | традиция |
| жиын | сборище |
| ішіктер | ценные шубы |
| сәукеле | свадебный головной убор |
«Ең…» ойыны (етістіктің райын қайталау)
Сұрақтар арқылы етістіктің рай категориясы қайталанады.
1) Ең көп қимылды білдіретін сөз табы қандай?
2) Ең қимылды бұйыратын етістіктің райы қалай аталады?
3) Қимылдың өткенін, осы шағын және келер шағын білдіретін етістіктің райы қайсы?
4) Қимылдың қалау-тілегін білдіретін етістіктің райы қайсы?
5) Қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіретін етістіктің райы қайсы?
Жаттығулар
- Берілген мәтінді оқып, етістіктерді анықтаңдар да, шартты рай формасын жасаңдар.
-
Мәтінмен жұмыс:
Шапан — қазақ халқының сырт киіміне жатады. Қазақтар шапанды ерекше бағалайды. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазір де сақталған.
Тымақ — қасиетті бас киім саналады. Тымақты айырбастамайды, аяққа бастырмайды. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар.
Сергіту сәті
«Көршінің суретін сал» ойыны арқылы сабақ мазмұны бекітіледі: оқушылар қағазды төбесіне қойып, көршісінің бейнесін салады. Соңында сол көршісіне қысқа тілек жазады.
III. Қолдану және шығармашылық тапсырмалар
№3: Тірек сызбалар бойынша «Киімдердің әлеуметтік дәрежесі»
- «Тақия» тобы: диалог құрастырады.
- «Тон» тобы: әңгіме құрастырады.
- «Қамзол» тобы: тақырыпқа сай сурет салады.
Топ қорғау
Әр топ өз атауына байланысты ұлттық киімнің мәнін түсіндіріп, сурет немесе сызба арқылы қорғайды.
«Жарыса сөйлем құрайық» ойыны
Тақырыпқа қатысты суреттер бойынша оқушылар плакатқа жылдам әрі сауатты сөйлемдер құрастырып жазады.
IV. Бекіту
Венн диаграммасы арқылы қазақтың ұлттық киімдерін өзге ұлт өкілдерінің киімдерімен салыстыру (орыс, кәріс, украин).
V. Қорытындылау және рефлексия («Саусақтар» әдісі)
Әр оқушыға саусақтары бейнеленген парақша таратылады. Оқушы өз таңдаған саусағына «жүзік» салып, бүгінгі сабақты бағалайды:
- Бас бармақ: Мен түсіндім.
- Балаң үйрек: Мен білгім келеді.
- Ортаң терек: Маған қиын болды.
- Шылдыр шүмек: Мен тапсырманы түсіндім.
- Кішкентай бөбек: Мен тырысамын.