Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған технологиялық карта

Тобы
№1 «Балапан» (ІІ кіші топ)
Тәрбиеші
Бағыбергенова Шайым
Білім беру салалары
Қатынас, Таным, Экология
Бөлімдері
Тіл дамыту, ҚМТҚ, Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
Жабайы жануарлар

Мақсаты

  • Әр аңның атауын және төлдерін ажыратып, дұрыс атауға жаттықтыру; олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
  • Жабайы аңдарға қатысты көрнекіліктер арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.
  • Жануарларға сүйіспеншілік сезімін арттыру, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Іс-әрекет кезеңдері

Төмендегі жоспар оқу іс-әрекетінің кезең-кезеңімен өтуін, тәрбиешінің қадамдарын және балалардың ықтимал жауаптарын көрсетеді.

1) Мотивациялық-қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері · Саяхатқа дайындық

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар, бүгін балабақшамызға қонақ апайлар келді. Кәне, амандасайық!

Кеше сендерге орманға саяхатқа шығатынымызды алдын ала айтқан едім. Ыңғайлы киім киіп, жол сөмкелеріңді алып келіңдер дегенмін. Жарайсыңдар, бәрі дайын екен!

Шаттық шеңбері Күннің көзі ашылсын!
Көкке шуақ шашылсын!
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Ендеше, жолға шығайық!

Балалардың іс-әрекеті

  • Қонақтармен амандасады.
  • Саяхатқа шығатынына қуанады.
  • Киімдерінің және жол сөмкелерінің дайын екенін көрсетеді.

2) Іздену-ұйымдастырушы кезең

Орман · Жұмбақтар · Ойындар

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Міне, балалар, орманға да келіп жеттік. Қараңдаршы, орманда ағаштар көп екен!

Орманда қандай жануарлар мекендейді?

Қараңдаршы, әдемі саңырауқұлақтар да бар екен.

Тыңдаңдаршы… бір дыбыс естілетін сияқты. Біреу ақырып жатыр. Бұл кім екен?

Аюдың тапсырмасы: жұмбақтар

  1. 1) Ұзын құлақ, көзі қыли,
    Қорыққан сайын секіреді ылғи.
  2. 2) Төрт түліктің қас жауы,
    Түзде жүрген көк сері.
  3. 3) Құйрығы бұлаң-бұлаң етеді,
    Барлығын алдап кетеді.
  4. 4) Қыс бойына жатады,
    Тәтті ұйқыға батады.

Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!

Орманда тағы қандай аңдар жүреді?

Қараңдаршы, секіріп-секіріп қоян да келе жатыр екен. Қоян не жеп жүр?

Қоянның ойыны: «Аңдардың балаларын тап»

Шарты: әр аңның төлінің атын атап, төлін өз анасының қасына орналастыру.

Тыңдаңдаршы, ұлыған дыбыс шығып жатыр. Орманда ұлитын қандай аң?

Қасқырдың ойыны: «Аңдардың жүрісі»

Балалар жануарлардың қимыл-қозғалысын салып көрсетеді.

Балалардың іс-әрекеті

Орманмен танысу

Ормандағы ағаштарды, саңырауқұлақтарды байқайды, атайды.

Жабайы аңдар: қасқыр, түлкі, қоян, аю және т.б.

Дыбысты ажырату

Ақыратын аңның аю екенін табады; аюдың бал жейтінін айтады.

Жұмбақтардың жауаптары

  • 1) Қоян
  • 2) Қасқыр
  • 3) Түлкі
  • 4) Аю

Қоян туралы

Қоянның сәбіз жейтінін айтады.

«Аңдардың балаларын тап» ойыны

  • Аю — қонжық
  • Қасқыр — бөлтірік
  • Түлкі — мыршай
  • Қоян — көжек

Қасқырдың дыбысы

Ұлыған дыбысты естіп, қасқыр екенін айтады және қимылын салады.

3) Рефлексиялық-коррекциялаушы кезең

Қорытынды · Қоштасу

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар, ағаш арасымен жортып келе жатқан мынау қандай аң?

Дұрыс, бұл — түлкі. Ендеше түлкіні тыңдайық: бізге не айтады екен?

Түлкінің ойыны: «Өз түсіңді тап»

Балалар өздеріне тиесілі түсті таңдап, сол түске сәйкес орынға отырады.

Жарайсыңдар! Бүгін ормандағы аңдарды көріп, танысып, ойындарын ойнадық.

Аңдарға рақмет айтып, қоштасайық. Енді балабақшамызға қайтатын уақыт таяп қалды.

Балалардың іс-әрекеті

  • Жортып келе жатқан аңның түлкі екенін айтады.
  • «Өз түсіңді тап» ойынына қатысып, өз түсіне сәйкес отырады.
  • Аңдарға рақмет айтып, қоштасады.

Күтілетін нәтиже

Нені біледі

Жабайы жануарлар және олардың төлдері туралы мәлімет алады.

Қандай түсініктерді игереді

Жабайы жануарлар туралы негізгі түсініктерді қалыптастырады.

Меңгерген іскерліктер мен дағдылар

Жабайы жануарларға қамқор болуға тәрбиеленеді, тапсырманы тыңдап орындау дағдысы дамиды.