Әңгіме әрі қарай қалай өрбиді деп ойлайсыздар
Сабақтың тақырыбы
Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» хикаяты.
Мақсаты
Жаңа білімді меңгерту.
Түрі
Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс
Дене тәрбиесі.
Әдістер
Болжау, талдау, жинақтау (СТО жобасы).
Көрнекіліктер
Электронды слайдтар, электронды оқулық.
Сабақ барысы
Үй тапсырмасын тексеру
- И. Байзақовтың «Жазғы кеш» өлеңін жатқа оқу.
- Туған жердің табиғатын суреттеп, әңгімелеу.
Оқушылардың жұмыстарынан туған жерге деген сүйіспеншіліктің шексіз екені байқалады.
Талқылау сұрақтары
- Туған жерге болашақта қалай еңбек сіңіремін, мәртебесін қалай асырамын деп ойлайсыздар?
- Бүгінгі кейіпкеріміз туған халқына адал еңбегімен қызмет етіп, даңқын асқақтатты. Ол туралы таныспас бұрын тақтадағы суреттер бойынша әңгіме құрайық.
I. Қызығушылықты ояту
«Тірек символдар» стратегиясы арқылы тақырыпқа шығу.
II. Мағынаны тану
Бүгінгі тақырып: Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» хикаяты.
Хикаят (повесть) дегеніміз не?
Хикаят — баяндау түрінде қара сөзбен жазылған, оқиғалы көркем шығарма. Көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады.
- Әңгіме көбіне өмірдің бір мезетін, қысқа оқиғаны суреттейді.
- Роман күрделі әрі көлемді, тұтас бір кезең оқиғаларын кең қамтиды.
- Хикаятта оқиғалар жинақы, сюжеттік желі негізінен бір арнада өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы қысқаша дерек
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Ол күрес өнеріне ғұмырын арнап, қазақ халқының даңқын әлемге танытты.
Ол 28 мемлекетте күресіп, 56 медаль олжалаған. ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде Қажымұқандай әлемдік деңгейде танылған балуан қазақта ғана болғаны — тарихи деректерде айтылады.
Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сияқты мықтылармен қатар жүріп, боз кілемде оларды жығып, жеңіске жету — сол дәуір үшін нағыз ерлік еді.
Туған жылы мен жері
1871 жыл, 7 сәуір — Ақмола уезі, Сарытерек болысы, Жәдік ауылы.
Алғашқы әлемдік деңгей
1906 жыл — Германиядағы дүниежүзілік сайыста чемпион атанды.
Лақап аттар
Ямагата Мухунури, Мухан, Иван Чёрный, 1909 жылы — Қара Мұстафа.
Шетел сапарлары
1910 жыл — Оңтүстік Америка. Буэнос-Айресте еркін күрестен чемпион атанды. 1911 жыл — Ыстамбұлға барды.
Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан үкіметке ұсыныс айтып, ел аралап цирк өнерін көрсетіп, шамамен 100 мың сом жинап, майданға көмек ретінде жолдаған.
1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан ауылында қабірінің басына ескерткіш орнатылған.
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның шын есімі әлемдік спорт тарихында әлдеқайда кең жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың хас батыры.
«Болжау кестесі» стратегиясы
| Не болады деп ойлайсыз? | Қандай дәлеліңіз бар? | Шын мәнінде не болды? |
|---|---|---|
| Оқиға желісі туралы болжам | Мәтіндегі ишаралар, кейіпкер әрекеті | Оқылған бөлім бойынша нақтылау |
Әңгімені электронды оқулықтан тыңдату.
Мәтінді бөліктерге бөліп, сұрақтар арқылы талдау.
Мәтінмен жұмыс (бөлімдер бойынша сұрақтар)
- 1-бөлім: Жас бала сарайға не себепті қайта-қайта қарады деп ойлайсыз? Бұл кім болуы мүмкін?
- 2-бөлім: Шын мәнінде не болды?
- 3-бөлім: Бала Орлий Масликовқа жұмысқа жалданады деп ойлайсыз ба?
- 4-бөлім: Мұқан қандай әрекет жасайды деп ойлайсыз?
- 5-бөлім: Әңгіме әрі қарай қалай өрбиді деп болжайсыздар?
- 6-бөлім: Мұқан шанаға жеккен ат өліп қалып, оны шананың үстіне салып жаяу сүйретіп әкелуге мәжбүр болды. Бұл жағдайға бай қандай көзқарас танытады деп ойлайсыз?
III. Толғаныс
«Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы арқылы қорытынды пікір айту.
Олимпиада символы (сұрақтар арқылы)
Қазақстанда 2011 жылы Азиялық қысқы олимпиада өтетіні белгілі. Сол олимпиадаға символ жасау арқылы өз үлесімізді қосайық: сақиналардың артында сұрақтар жасырылған.
1 (көк)
Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті?
2 (қара)
Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?
3 (қызыл)
Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді?
4 (сары)
Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді?
5 (жасыл)
Қажымұқан туралы не білеміз?
Қорытынды
Бүгінгі сабақта әлемдік аренаға шығып, халық мәртебесін асырған Қажымұқанның қиын тағдырымен таныстық. Халық «көп бейнеттің зейнеті болады» дейді: Мұқан да қиындықпен шыңдалып, биік белестерге жеткен.
Келесі сабақта оның күрес алаңына шығу кезеңімен танысамыз.
Үй тапсырмасы
- «Қар күреген бала», «Жаяу сүйреген шана» бөлімдерін мазмұндау.
- Бөлімдерге жоспар құру.
Бағалау
Сабақтағы белсенділікке, мәтінмен жұмысқа қатысуына және жауаптардың дәлелділігіне қарай бағаланады.