Геогафиялық бойлық
Географиялық бойлық және географиялық координаталар ұғымы
Бұл материал 6-сыныптағы география сабағына арналған. Негізгі назар — глобуста және әртүрлі географиялық карталарда градус торын оқу, сондай-ақ географиялық бойлықты және координаталарды анықтау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты
Глобустағы және карталардағы градус торларын анықтау, географиялық бойлықты табу.
Сабақтың түрі
Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдістері
- Миға шабуыл
- Тұжырымдамалық карта
- Венн диаграммасы
- Картамен жұмыс
- Бейне көрініс
Табыс критерийлері
Оқушылар градус торын оқып үйренеді және географиялық бойлықты өз бетінше анықтай алады.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті
- Сәлемдесу.
-
Топқа бөлу (2 минут): түрлі-түсті стикерлер арқылы 4 топқа бөледі:
- I — «Карта» тобы
- II — «Глобус» тобы
- III — «Градус торы» тобы
- IV — «Ендіктер» тобы
- Бағалау парақшаларымен таныстыру.
Оқушының іс-әрекеті
- Сәлемдеседі.
- Топ атаулары жазылған қима қағаздар арқылы топтарға бөлінеді.
- Бағалау парақшасының құрылымымен танысады.
Жаңа сабақ жоспары
Білім: Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ–жауап)
Оқушылар сұрақтарға нақты, жүйелі және толық жауап береді.
- Географиялық карталарға қандай карталар жатады?
- Карталардың маңызын түсіндір.
- Ендік дегеніміз не?
- Ендіктер қалай ажыратылады?
- «Географияның тілі – карта» дегенді қалай түсінесің?
- Карталардағы бұрмалаушылықты қалай білуге болады?
Түсіну: Негізгі ұғымдар
Жаңа тақырып мәтінмен жұмыс арқылы түсіндіріледі. Географиялық координата жүйесі ендік пен бойлыққа сүйенеді.
Терминдер (қысқаша)
- Бойлық
- Longitude
- Ендік
- Latitude
- Экватор
- Equator
- Градус торы
- Degrees grid
Бағыттарға қатысты тіркестер
- Солтүстік ендік / Оңтүстік ендік
- Шығыс бойлық / Батыс бойлық
Картамен жұмыс: Атластан координата табу
Тапсырма: атлас картасын пайдаланып, төмендегі қалалардың географиялық ендігі мен бойлығын анықтаңыз.
| Объект | Географиялық ендік | Географиялық бойлық |
|---|---|---|
| Париж | 52° с. е. | 3° б. б. |
| Сидней | 34° о. е. | 150° ш. б. |
| Астана | 51° с. е. | 71° ш. б. |
| Мәскеу | 56° с. е. | 37° ш. б. |
| Дели | 28° о. е. | 77° ш. б. |
| Нью-Йорк | 40° с. е. | 75° б. б. |
Ескерту
Белгілеулер: с. е. — солтүстік ендік, о. е. — оңтүстік ендік, ш. б. — шығыс бойлық, б. б. — батыс бойлық.
Венн диаграммасы: Сәйкестігін тап
Төмендегі сипаттамаларды сәйкес ұғымдармен жұптастырыңыз (параллельдер, меридиандар, бағыттар, өлшемдер).
Сипаттамалар
- Градус торы сызықтарының белгілері
- Көкжиек тұстарының бағыттары
- Градуспен алғандағы ұзындығы
- Километрмен алғандағы ұзындығы
- 1 градустың километрмен алғандағы ұзындығы
- Глобустағы пішіні
Сәйкестендіруге берілген нұсқалар
Нұсқау
Жұмысты жұппен орындап, таңдауыңызды қысқаша дәлелдеңіз.