Ауылдағы жазғы демалыс

Сабақтың тақырыбы

Жазғы демалыс. Ауылдағы жазғы демалыс. Фонетикалық талдау (қайталау).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • «Ауылдағы жазғы демалыс» тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын байыту.
  • Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
  • Сөйлеу мәдениетін дамыту.

Дамытушылық

  • Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру.
  • Ауызша ойлау және сөйлесу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

  • Табиғатқа сүйіспеншілікті арттыру және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
  • Ұжымшылдық, ізденімпаздық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Маңыздылығы мен өзектілігі

Маңыздылығы

Тақырып арқылы оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Өзектілігі

Қазақ тілінде өз ойын және өз пікірін еркін жеткізе білу.

Сабақ форматы

Типі

Білім мен әрекет тәсілдерін тексеру және бағалау сабағы.

Түрі

Жаңа сабақ, сайыс түріндегі сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Аударма Сыни тұрғыдан ойлау және жазу Миға шабуыл Мәтінмен жұмыс Іздендіру Синквейн жазу Бекіту

Көрнекілігі

  • Интербелсенді тақтадағы «Ауылдағы демалыс» суреті.
  • Жаңа сөздер, оқулық, қосымша суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Кезекшімен сұхбаттасу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың көңіл күйін сұрау.
  • Сабаққа дайындығын тексеру.

II. Сабақ барысын түсіндіру

Сабақ сайыс түрінде өтеді. Сынып нөмір бойынша төрт топқа бөлінеді:

I топ

«Күн» тобы

II топ

«Бұлт» тобы

III топ

«Көл» тобы

IV топ

«Шөп» тобы

Әр оқушының жауабы өз тобының белгісі арқылы бағаланады: Күн, Бұлт, Көл, Шөп.

III. Тақырып, міндет және мақсат

Сабақтың тақырыбы, міндеті мен мақсаты таныстырылады.

Жаңа сөздер

Интербелсенді тақтада сөздер көрсетіледі (екі оқушы оқып шығады).

көл
озеро
шопан
чабан
диқан
хлебороб
табиғат
природа

Тапсырма: жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру (ауызша).

IV. Суретпен жұмыс

Интербелсенді тақтада «Ауылдағы демалыс» суреті көрсетіледі.

  1. 1 Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
  2. 2 Әр топтан бір оқушының әңгімесін оқып шығуы.

V. Сұрақ құрастыру

Тапсырма: жаңа сөздерді пайдаланып сұрақтар құрастыру. Оқушылар кезектесіп бір-біріне сұрақ қояды. Қарсылас топ қайталанған сұрақтарды тізімнен алып тастауы керек.

VI. Фонетикалық талдау

Әр топқа жеке сөз беріліп, бір-бірін тексеру ұйымдастырылады:

I топ

ауыл

II топ

жаз

III топ

қой

IV топ

көл

VII. Қорытындылау

Синквейн жазу және рефлексия жүргізіледі.

Мұғалімнің сұрақтары

  • Бүгінгі сабақта не туралы айттық?
  • Не білдік?
  • Қандай тапсырмалар орындадық?
  • Мен нені үйрендім?

VIII. Бағалау

Оқушылардың жауаптары топтық белгішелер арқылы және өзара тексеру нәтижелері бойынша бағаланады.

IX. Үй тапсырмасы

68-бет: мәтінді мазмұндау.