Шығармашылық қолөнер сайысы

Сайыстың барысы

Жүргізушінің құттықтауы

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қыз сыны» сайысына қош келдіңіздер!

Арнау

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе — елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Сайыс шарттары

Сайыс кезеңдері бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, әр турда қабілеттерін көрсетеді.

  • 1-тур

    Өзін-өзі таныстыру

  • 2-тур

    Сұрақ-жауап (викторина)

  • 3-тур

    Өнер сайысы

  • 4-тур

    Шығармашылық қолөнер (ою-өрнек қию)

  • 5-тур

    Ұлттық тағамдар (ас мәзірін даярлау)

  • 6-тур

    Еттің нанын жаю (қамыр жайу)

  • 7-тур

    Салт-дәстүрлерді көрсету

2-тур: Сұрақ-жауап викторинасы

Төмендегі сұрақтар оқушылардың білімін, тілдік сауаттылығын және жалпы дүниетанымын тексеруге бағытталған.

Блок 1

  1. 1) Қазақстан қандай мемлекет?

    • A) шағын
    • B) тәуелсіз
    • C) жаңа
    • D) кішкентай
    • E) тоталитарлық
  2. 2) Қазақ тілінде неше септік бар?

    • A) 4
    • B) 6
    • C) 15
    • D) 7
    • E) 5
  3. 3) Аптаның бірінші күнін белгілеңіз.

    • A) сейсенбі
    • B) жұма
    • C) дүйсенбі
    • D) сәрсенбі
    • E) бейсенбі
  4. 4) Наурыз мейрамында әзірлейтін басты тағамды атаңыз.

    • A) Наурыз көже
    • B) таба нан
    • C) самса
    • D) шұжық
    • E) бауырсақ
  5. 5) Мақалды аяқтаңыз: «Өнер алды — …»

    Жауабы: қызыл тіл

Блок 2

  1. 1) Қазақтың батыр қыздары:

    • A) Қыз Жібек, Баян сұлу
    • B) Айгүл, Айсұлу
    • C) Ғалия, Жанар
    • D) Әлия, Мәншүк
  2. 2) «-тер» жалғауы қай сөзге жалғанады?

    • A) қыз
    • B) дос
    • C) бала
    • D) мұғалім
    • E) мектеп
  3. 3) Жаз айын табыңыз.

    • A) қаңтар
    • B) қазан
    • C) шілде
    • D) сәуір
    • E) мамыр
  4. 4) Барыс септігіндегі зат есімді табыңыз.

    • A) балаға
    • B) баланы
    • C) баланың
    • D) баладан
    • E) баламен
  5. 5) Мақалды аяқтаңыз: «Мектеп — кеме, білім — …»

    Жауабы: теңіз

Блок 3

  1. 1) Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қай күн?

    • A) 30 тамыз
    • B) 30 мамыр
    • C) 1 мамыр
    • D) 22 наурыз
    • E) 25 қазан
  2. 2) Көктем айларын табыңыз.

    • A) сәуір, желтоқсан, ақпан
    • B) наурыз, сәуір, мамыр
    • C) маусым, шілде, тамыз
    • D) қыркүйек, қазан, қараша
    • E) желтоқсан, қаңтар, ақпан
  3. 3) Көптік жалғауды табыңыз.

    • A) -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
    • B) -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
    • C) -мен, -бен, -пен
    • D) -ға, -ге, -қа, -ке
    • E) -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
  4. 4) «Қармақ» — қандай буын түрі?

    • A) ашық буын
    • B) тұйық буын
    • C) бітеу буын
    • D) аралас буын
    • E) буынға бөлінбейді
  5. 5) Мақалды аяқтаңыз: «Отансыз — адам, …»

    Жауабы: ормансыз — бұлбұл

Блок 4

  1. 1) Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңыз.

    • A) әнұран, ту, елтаңба
    • B) дәптер, қалам, мектеп
    • C) думан, мереке, той
    • D) дәстүр, бәйге, жігер
    • E) жарыс, байқау
  2. 2) Ашық буынды сөзді көрсетіңіз.

    • A) жаз
    • B) бас
    • C) ана
    • D) ой
    • E) ал
  3. 3) Оқу жылы қашан басталады?

    • A) жазда
    • B) таңертең
    • C) көктемде
    • D) қыста
    • E) күзде
  4. 4) Қазақстанда қанша облыс бар?

    • A) 20
    • B) 14
    • C) 10
    • D) 12
    • E) 7
  5. 5) Мақалды аяқтаңыз: «Балалы үй — базар, баласыз үй — …»

    Жауабы: мазар

3-тур: Өнер сайысы

Өнерліге — өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.

Өнерді көп білетін — дана болар,
Өнерсіздің ісі — шала болар.

Қане, қыздардың өнерін тамашалайық.

4-тур: Шығармашылық қолөнер — ою-өрнек қию

Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп.

Келесі кезеңде әр ару қазақ халқының дәстүрлі ою-өрнегін қиып, шығармашылық шеберлігін көрсетеді.

5-тур: Қазақ халқының ұлттық тағамдары

Қатысушылар ұлттық ас мәзірін әзірлеу арқылы ұқыптылықты, ас дайындау мәдениетін және дәстүрді құрметтеуді танытады.

6-тур: Қамыр жайу (ет наны)

Бұл турда қыздарымыз қазақтың ұлттық тағамына арналған еттің нанын (қамырын) жайып, икемділігін көрсетеді.

7-тур: Салт-дәстүрлерді көрсету

Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.

Қорытынды бөлім

Жүргізуші

Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше, өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

Жүргізуші

Енді сөзді төрешілерімізге береміз.

Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.

Назарларыңызға рақмет!

Материал: «Қыз сыны» тәрбиелік іс-шарасының сценарийі

Пішім: турлар мен викторина сұрақтары