Өнерім өмірімнің өзегі өнер байқауы
Мақсаты
Оқушыларды халқымыздың ізгі қасиеттерін, салт-дәстүрін құрметтеуге және сақтауға тәрбиелеу, сондай-ақ білім мен өнерге деген белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік бағыты
Ұлттық құндылықтарды қадірлеу, дәстүрді сақтау, тұлғалық жауапкершілікті нығайту.
Дамытушылық бағыты
Білім қорын толықтыру, шығармашылық пен өнер арқылы өз ойын еркін жеткізу дағдысын дамыту.
Кіріспе сөз
Қайырлы кеш, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Білімім мен өнерім — өмірімнің өзегі» атты танымдық байқауды бастауға рұқсат етіңіздер.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біздің алдымыздағы негізгі міндет — бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру» деп атап көрсеткен болатын.
Бүгінгі таңда ұстаздар қауымының басты мақсаты — білімді ұрпақ тәрбиелеп, сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі.
Осы кештің де міндеті — оқушылардың білім қорын жетілдіру, білмегенін білуге ұмтылдыру және білгенін өзгеге жеткізе білуге баулу.
«Білім мен өнер — егіз» демекші, бұл танымдық сайысқа 11-сынып оқушылары қатысады. Ендеше, сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, байқаудың барысымен танысайық.
Байқау шарттары
Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезең оқушының білімін, ойлау икемін және шығармашылық қабілетін жан-жақты бағалауға бағытталған.
-
1
Кәсіптік мүдделерін зерттеу (сауалнама)
Мамандық таңдауы, кәсіби мақсат және жеке жоспар туралы сұрақтар.
-
2
Сұрақ-жауап
Қатысушылар әр саладан өз таңдауы бойынша сұрақтарға жауап береді.
-
3
«Әуенді тап»
Әннің атауын немесе өлең жолдарын табу арқылы музыкалық танымды тексеру.
-
4
«Қиыннан шығар жол қайсы?» (ситуациялық сұрақтар)
Өмірлік жағдайларға байланысты шешім қабылдау және ой қорыту.
-
5
«Ойнайық та ойлайық» (сергіту сәті)
Белсенділік пен шапшаңдықты арттыратын қысқа ойын кезеңі.
-
6
«Ұлттық дәстүрді білеміз бе?» (сұрақ-жауап)
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып және ұлттық танымға қатысты сұрақтар.
-
7
«Өнерім — өмірімнің өзегі» (өнер байқауы)
Өнер арқылы өзін таныту: ән, өлең, сахналық көрініс және т.б.
Әділқазы
Сайыс болған соң, сайыскерлерге әділ баға беретін әділқазы құрамы болады. Бүгінгі кеште әділ әрі лайықты баға беріп, жеңімпазды анықтауға атсалысатын әділқазы мүшелері — мектебіміздегі «Болашақ» оқушылар ұйымының мүшелері.
Сайыскерлерге ақ жол тілей отырып, алғашқы турды бастаймыз.
I тур: Кәсіптік мүдделерін зерттеу (сауалнама)
Бұл кезеңде оқушылар өз болашағына қатысты ойларын нақтылап, мамандыққа қатысты ұстанымын ашық жеткізеді.
Сауалнама сұрақтары
- Мектепті бітіргеннен кейін немен айналысасыз?
- Таңдаған мамандығыңызға өзіңізді қалай дайындап жүрсіз?
- Өзіңіздің кәсіби шеберлігіңізді қай жерде тексересіз?
- Таңдаған мамандығыңыз туралы қайдан оқыдыңыз?
- Таңдаған мамандығыңыз бойынша кіммен ақылдастыңыз?
- Қазіргі таңдаған мамандығыңыз — тұрақты шешім бе, әлде әлі де ойланасыз ба?
Жалғасы
- Мамандық таңдауда сізге кім көбірек ықпал етті?
- Мамандық таңдау кезінде нені негізге алдыңыз?
- Жақсы маман болу үшін, сіздің ойыңызша, не қажет?
- Қалай жұмыс істегенді ұнатасыз: жеке, достармен, әлде ұжыммен? Неліктен?
- Ұжымда кім болғыңыз келеді: орындаушы ма, әлде ұйымдастырушы ма? Себебін айтыңыз.
- Таңдаған мамандығыңыз бойынша өзіңізді ойша елестетіп көріңіз.
II тур: Сұрақ-жауап
Әр сайыскер өз таңдауы бойынша 4 сұрақтан жауап береді. Сұрақтар түрлі бағыттарды қамтиды.
Бағыттар
- Бейне сұрақ
- Тұлғалар
- Технология
- Қазақстан
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Химия
- Музыка
- Жалпы сұрақтар
III тур: «Әуенді тап»
Бұл кезеңде Шәмші әндері мен жерлес сазгер Қ. Алесовтің шығармалары, сондай-ақ «Әке-Ана», «Достық», «Махаббат» тақырыптарындағы туындылар ойналады. Бұдан бөлек, МузАрт, Қарақат, НұрМұқасан топтарының репертуарынан әндер қойылып, сайыскерлер әннің атауын немесе өлең сөзін табуы тиіс.
Ән туралы ой
Ән — адамзаттың құрдасы.
Ән — зарлының мұңдасы.
Ән — сергектің серігі.
Ән — ғашықтың мұңдасы.