Суреттен адам мен маймылды ажырат

Сабақ жоспары 3-сынып Жаңа тақырып

Тақырып: «Адам — қайдан, қалай пайда болған?»

Мақсаты

Адам мен маймылдың шығу тегі бір деген тұжырымды айғақты деректерге сүйеніп түсіндіруге үйрету және қоршаған орта туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Міндеттері

  • Білімділік: адамның шығу тегі туралы ғылыми түсініктерді қалыптастыру, білім алуға ынталандыру.
  • Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау дағдыларын және оқушы белсенділігін дамыту.
  • Тәрбиелік: адамгершілікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Нәтиже

Оқушы адам мен маймылдың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, қарапайым қорытынды жасай алады; қоршаған ортаның маңызын түсіндіреді.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгелдеу.
  • Сабаққа психологиялық және оқу әрекетіне дайындық жасау.

II. Үй тапсырмасын тексеру (қайталату)

1) Оқыту үдерісінің маңызы

Адам мен маймылдың түр-тұлғасы мен іс-әрекеттерін салыстыру.

2) Тапсырма

Адамға қатысты сөздерді белгіле:

көз үстел нан қарындаш жер құлақ жел шаш жануар ойыншық көйлек өсімдік

III. Жаңа тақырыпты қалыптастыру

Оқушылардың бастапқы түсінігін анықтау үшін жетекші сұрақтар:

  • Адамның пайда болуы туралы не білесіңдер?
  • Адам неден жаратылған деп ойлайсыңдар?
  • Маймыл қайда тіршілік етеді?
  • Адам мен маймылдың қимыл-қозғалысы ұқсай ма?
  • Суреттен адам мен маймылды ажырат.

IV. Кіріспе әңгіме және оқулықпен жұмыс

Оқулық бойынша

6–7-беттер: мәтінді оқу, суреттермен жұмыс, негізгі ойды табу.

Қорытындыға келу

Маймыл мен адамның тектес, туыстас екендігі туралы тұжырым жасауға бағыттау.

Оқу форматы:

  1. Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы.
  2. Оқушылардың тізбектей оқуы.
  3. Сұрақ-жауап арқылы түсінгенін тексеру.

V. Дәптермен жұмыс және сергіту сәті

Дәптерде қысқаша жазба жүргізу: негізгі ұғымдар, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды кестелеу. Одан кейін қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

VI. Жаңа білімді бекіту

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

  • Алла әуелі нені жаратқан?
  • Адам — қайдан, қалай пайда болған?
  • Адамның жаралуы туралы ғылым не дейді?
  • Ағылшын зерттеуші кім?

VII. Суреттер бойынша жұмыс

  • Адам мен маймылдың табиғаттың бір бөлігі екенін дәлелде.
  • Адам табиғаттан нені үйренеді?
  • Өзінің бір күнде істейтін іс-әрекетін әңгімеле.

VIII. Үй тапсырмасы

Оқулықтағы 6–7-беттерді қайта оқу, негізгі ойды 3–5 сөйлеммен жазу және адам мен маймылдың 3 ұқсастығы мен 3 айырмашылығын дәптерге кесте түрінде толтыру.

Бұл жоспар оқушылардың байқағыштығын, салыстыру және талдау қабілетін дамыта отырып, адам мен табиғаттың өзара байланысын түсіндіруге бағытталған.