Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы
Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу және көбейту. Қайталау.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру.
- Қалдықпен бөлуді орындау дағдыларын бекіту.
- Жылдамдық, қашықтық, уақытты табу дағдыларын бекіту.
2) Дамытушылық
- Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
- Логикалық ойлауын және ой қорыту дағдыларын жетілдіру.
- Зейінін, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік
- Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
- Алған білімін орынды қолдана білуге баулу.
- Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Топқа бөлу
Түстер арқылы ынтымақтастық топтарын құру.
«Жетіқарақшы»
Өткенді қайталау, сұрақ-жауап арқылы бекіту.
Блум
Ойлау дағдыларын деңгейлеп дамыту.
Ішкі және сыртқы шеңбер
Жұппен және топпен өзара тексеру, талқылау.
«Кір жаятын жіп»
Жауаптарды реттеу, жүйелеу және көрнекі көрсету.
«Бағдаршам» және «Бас бармақ»
Өзін-өзі бағалау, жедел кері байланыс.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Түстер арқылы топқа бөліну.
- Көңіл күйді анықтау (бас бармақ арқылы көрсету).
- Сабаққа дайындықты белгілеу (3 рет шапалақ).
Сыныппен әңгіме
Бүгінгі сабағымыз ерекше, өйткені сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Қонақтарды білімімізбен және тәрбиемізбен құрметтеп шығарайық.
Еліміз мықты болуы үшін біз қандай болуымыз керек? Білімді болу деген не?
Дарынды тұлға өмірде кездескен қиындықты жеңе алады. Болашаққа қадам басқан еліміз дамыған, білімді болуы тиіс.
Бүгін біз де «Болашақ баспалдағымен» көтеріліп, білім шыңына қарай қадам жасайық. Егемен еліміздің туын желбіретуге өз үлесімізді қосайық.
II. Үй жұмысын тексеру және мақсат қою
Үй тапсырмасы тексеріледі. Сабақтың мақсаты нақты түсіндіріліп, алдағы жұмыс кезеңдері таныстырылады.
Сабақ 9 басқыштан тұрады
- 1Болашақ баспалдағы
- 2Ой ұшқырлар
- 3Тез есепте
- 4Кім жылдам?
- 5Шығармашылық тапсырма
- 6Бойы сергектің ойы да сергек
- 7Тез есептеп үйрен!
- 8Жұмыла көтерген жүк жеңіл
- 9Ойлан, тап
Дәптерді ашып, күн жады жазылады.
Жаңа сабақ
Кіріспе бөлім: «Жетіқарақшы» әдісі арқылы қайталау
«Болашақ баспалдағының» 1-басқышында өткен тақырып бойынша қорытынды сұрақтар қойылады.
Қозғалысқа қатысты
- 1Жылдамдықты және қашықтықты табу үшін не істейміз?
- 2Уақытты табу үшін не істейміз?
Жұмыс пен өнімділік
- 3Жұмысты табу үшін не істейміз?
- 4Өнімділікті табу үшін не істейміз?
- 5Барлық жұмыс орындалған уақытты қалай табамыз?
Геометрия және есептеу тәсілдері
- 6Радиус дегеніміз не? Диаметр дегеніміз не?
- 7Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін ата.
Автор туралы белгі
Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Абдирбаева Айткүл.