Теріс сандарды қосу
Жамбыл облысы • Байзақ ауданы • Кеңес ауылы
Кеңес орта мектебі, математика пәні мұғалімі: Итбаева Акерке Абдыкалыевна
SMART мақсат
Оқушыларды теріс сандарды қосу ережесін қолдана отырып, есептерді дұрыс шығара білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже
-
Теріс сандармен амалдар орындау ережелерін жатқа біледі.
-
Ережелерді қолданып, есептерді шығара алады.
Түйінді идеялар
Негізгі сұрақ
Екі теріс санды қалай қосамыз?
Нәтиже
Екі теріс санның қосындысы қандай сан болады?
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Топтық және жеке жұмыс
Пәнаралық байланыс
География
Қолданылатын материалдар
- Тақырыптық презентация
- Электрондық оқулық
Оқыту модульдері
- 1 Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
- 2 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- 3 Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- 4 Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
- 5 Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
- 6 Талантты және дарынды балаларды оқыту
- 7 Оқытуды басқару және көшбасшылық
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен жұмыс
- Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Оқушыларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату.
1-кезең: Үй тапсырмасын тексеру
Семантикалық карта
Үй тапсырмасын тексеру үшін әр топқа семантикалық карталар таратылады.
Тапсырма
№432. Теңдеуді шешіңдер.
Ой толғау сәті
«Сұрақ — бізден, жауап — сізден» • 3 минут (5–10-слайд)
Өткен материалды еске түсіру үшін сұрақтар сыныпқа толықтай қойылады. Мұғалім слайдта жазылған сұрақтарды оқиды.
- 1 Қарама-қарсы сандар дегеніміз не?
- 2 Координаталық түзу дегеніміз не?
- 3 Рационал сандар деп қандай сандарды айтамыз?
- 4 Санның модулі дегеніміз не?
- 5 Теріс санның модулі қандай сан?
- 6 Екі теріс санды қалай салыстырамыз?
2-кезең: Қызығушылықты ояту және жаңа сабақты түсіндіру
«Миға шабуыл» • 10 минут (11–14-слайд)
Оқушыларға төмендегі есепті өз бетімен шығару ұсынылады:
Есеп
Кешке термометрдің көрсетуі −2°C болды. Түн ортасында термометрдің көрсетуі тағы да −4°C-қа төмендеді. Түн ортасында термометр неше градусты көрсетті?
Шешуін (-a) + (-b) = -(a + b) өрнегін пайдаланып жазыңдар.
Бұл есеп екі теріс санның қосындысын көрсетеді. Осыдан кейін жұлдызшамен белгіленген тапсырмалар орындалады. Бүгінгі сабақтың тақырыбы — теріс сандарды қосу.
Ереже
Екі теріс санды қосу үшін:
- 1 қосылғыштардың модульдерін қосу керек;
- 2 шыққан санның алдына «−» таңбасын қою керек.
Қорытынды
Екі теріс санның қосындысы — теріс сан.
Мысал 1
−8 + (−11) = −(8 + 11) = −19
−8 − 11 = −19
Мысал 2
−0,3 + (−0,9) = −(0,3 + 0,9) = −1,2
Мысал 3
−16,5 + (−3,56) = −(16,5 + 3,56) = −20,06
Координаталық түзу арқылы
Екі теріс санның қосындысын координаталық түзу арқылы да көрсетуге болады:
−4 + (−3) = −7