Табыс септіктің тапсырмасын орындау

Сабақтың тақырыбы

«Септіктер әлемінде»

Сабақтың түрі

Оқушылардың білімін байқау және тексеру сабағы.

Қолданылатын әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Сурет бойынша әңгімелеу
  • Жазбаша жұмыс

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта Флипчарт

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Өткен модуль материалдарын қайталау арқылы оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету, жаттығулар арқылы септік жалғауларын практикалық жолмен меңгерту.

Дамытушылық

Оқушылардың ізденімпаздық қасиетін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыру, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік

Әр тапсырманы ұқыпты орындауға баулу, тілге деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Тіл жаттықтыруға арналған сұрақ-жауап

  • Сыныпта кім кезекші?
  • Сыныпта кім жоқ?
  • Бүгін қарашаның нешесі?
  • Ауа райы қандай?
  • Не жауды?

II. Сабақ ережелерін еске түсіру

Сыныптағы ортақ мәдениет

Белсенді қатысу

Тыныштық сақтау

Бір-бірін тыңдау

Ойын ашық айту

Бір-бірін сынамау

Ынтымақтастық

III. Сурет бойынша сабақ тақырыбын анықтау

Ой қозғау және жүйелеу

  • Суретте не бейнеленген?
  • «Гүл» сөзі қай сөз табына жатады?
  • Гүлдің неше жапырағы бар?
  • 7 саны немен байланысты?
  • Апта күндерін атаңдар.
  • Септіктерді атаңдар.

IV. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Оқушыларға сабақтың бағыты түсіндіріледі: септік жалғауларын қайталау, тапсырмалар арқылы қолдану және білімді тексеру.

V. Атау септік бойынша тапсырма

Атау септіктің қолданысын еске түсіру және тапсырма арқылы бекіту.

VI. Ілік септік бойынша тапсырма

Оқулықпен жұмыс

61-бет, 1-тапсырма

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Түсінген сөйлемдерді аудару.
  • Асты сызылған сөздердің септік жалғауларын анықтау.

VII. Барыс септік бойынша тапсырма

Сурет орнына тиісті сөзді қойып, оны барыс септікте жазу.

VIII. Табыс септік бойынша тапсырма

  • Сұрақтарға жауап беру.
  • Сөйлемдерді толықтыру.
  • Табыс септіктегі сөздердің жалғауларын анықтау.

IX. Жатыс септік бойынша тапсырма

Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру және жатыс септік жалғауларын дұрыс қолдану.

X. Шығыс септік бойынша тапсырма

Орыс тілінен қазақ тіліне аударма жұмысы

Орысша

Вчера из Астаны приехал мой друг.

Қазақша

Кеше менің досым Астанадан келді.

Орысша

Влад пришел из магазина.

Қазақша

Влад дүкеннен келді.

Орысша

Дверь сделали из дерева.

Қазақша

Есікті ағаштан жасады.

Орысша

Настя идет от учителя.

Қазақша

Настя мұғалімнен келе жатыр.

XI. Көмектес септік бойынша тапсырма

Суреттерді сөзбен сипаттап, көмектес септік жалғауларын жалғап жазу.

XII. Сөзжұмбақ шешу және үй тапсырмасы

  • Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты бекіту.
  • Үй тапсырмасын беру және түсіндіру.