Саяси география және геосаясат
10-сынып • География
Сабақ тақырыбы
Саяси география және геосаясат. Тарихи-географиялық аймақтар.
Пән мұғалімі: Берденова Мейрамгүл Темірсеріковна
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Саяси география және геосаясат ұғымдарына анықтама беру.
Тәрбиелік
Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Тірек-сызба және кестелермен жұмыс арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Ұйымдастыру және ресурстар
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі
Ізденіс
Көрнекіліктер
- Дүние жүзінің саяси картасы
- Әлемнің геосаяси үлгісі
Пәнаралық байланыс
Саясаттану, тарих
Сабақтың барысы
- I Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу.
- II Үй тапсырмасы: тақырыптық сұрақтар мен тапсырмалар.
Үй тапсырмасы: сұрақтар мен тапсырмалар
Төмендегі тапсырмалар саяси карта бойынша бағыт-бағдарды күшейтіп, елдер мен ұйымдарды ажырату дағдысын қалыптастырады.
1) Мұхитқа шыға алмайтын елдер
- Уганда
- Оңтүстік Африка Республикасы
- Замбия
- Зимбабве
- Қазақстан
- Парагвай
- Хорватия
- Иран
- Уругвай
2) Таяу Шығыс елдерін атаңыз
- Ливан
- Египет
- Йемен
- Ливия
- Судан
- Вьетнам
3) ОПЕК ұйымына мүше елдер
- Йордания
- Иран
- Ирак
- Индонезия
- Перу
- Египет
- Алжир
- Сауд Арабиясы
4) Еуропа елдерін атаңыз
- Норвегия
- Жаңа Зеландия
- Уругвай
- Словения
- Аустралия
- Лихтенштейн
- Грузия
- Сан-Марино
5–8) Тест тапсырмалары
5) Заң шығарушы билік парламенттің, ал атқарушы билік үкіметтің қолында болатын басқару түрі
- а) Федерация
- ә) Республика
- б) Абсолютті монархия
- в) Унитарлы мемлекет
6) «Үлкен жетілікке» (G7) кіретін елдер
- а) Дания, Италия, ГФР, Испания
- ә) Ватикан, Швеция, Норвегия, Эстония
- б) Франция, ГФР, Ұлыбритания, Италия
- в) Португалия, Польша, Исландия, Ирландия
7) Батыс Еуропадағы монархиялық басқару формасына жататын елдер
- а) Эстония, Латвия, Литва
- ә) Польша, Венгрия, Словакия
- б) Нидерланд, Дания, Венгрия
- в) Аустралия, Ирландия, Швеция
8) АСЕАН ұйымына кіретін мемлекеттер
- а) Бангладеш, Вьетнам, Мьянма
- ә) Лаос, Сингапур, Тайланд
- б) Вьетнам, Бруней, Филиппин
- в) Камбоджа, Малайзия, Сингапур
Ескерту: Кейбір тізімдерде әдейі «артық» немесе сәйкес келмейтін нұсқалар берілген. Оқушының міндеті — дұрыс елдерді таңдап, таңдауды дәлелдеу.