Ертегіні мәнерлеп оқу
Екібастұз қаласы, №21 «Кішкентай данышпандар» балабақшасы
Тәрбиеші: Амирханова Айсулу Кайруллиновна
Білім беру саласы
Таным
Білім көздері
Экология
Тақырыбы
Нан дастарханға қалай келді?
Мақсаты
Нанды қадірлеуге үйрету; нанның дастарханға көптеген адамдардың еңбегі арқылы келетінін түсіндіру.
Көрнекілігі
Суреттер, ұн, қамыр, бидай, нан
Әдіс-тәсілдері
Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Сөздік жұмысы
Сабақ барысында балаларға нанның жолын түсіндіру үшін негізгі ұғымдар бекітіледі.
- Трактор
- Диқан
- Комбайн
- Элеватор
- Диірмен
I. Ұйымдастыру бөлімі
«Жылулық шеңбері»
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннен жылу алайық,
Жүрекке жылу салайық.
Кіріспе сұрақтар
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
Жұмбақ
Алтын, сары тоны бар,
Ортасында дәні бар.
Жауабы: Бидай
Балалар алгоритм-сызба арқылы бидай туралы әңгімелейді: бидайдан ұн жасалады.
II. Ертегі арқылы түсіндіру
Тәрбиеші балаларға «Нан қайдан шығады?» ертегісін қысқаша мазмұндап, мәнерлеп оқиды. Ертегі арқылы балалар нанның дастарханға дейінгі жолын түсінеді.
Сахналау
Үстелге суреттер қойылады. Әр бала бір суреттен таңдап алып, сол суретке сәйкес рөлді ойнап, ертегіні сахналайды.
Сергіту сәті
Балалар орнынан тұрып, қимыл-қозғалыспен өлең жолдарын орындайды:
Көктемде жер жыртамыз,
Тырмалап, тегістейміз.
Дәнді оған себеміз,
Жайқалып көктеп шықсын деп.
Күз болғанда орамыз,
Нанға біздер тоямыз.
III. Тосын сәт: кейіпкермен диалог
Көрініс
Есік қағылып, тышқан келеді. Амандасады.
Тәрбиеші: Балалар, ертегідегі тышқан келді!
Тышқан: Балалар, маған нанның қалай пайда болатынын көрсетіп, көмектесіңдерші. Мысықтан қорқып әрең құтылдым.
Тәрбиеші: Балалар, көмектесеміз бе?
Балалар: Иә!
Топтық тапсырмалар (деңгейлер бойынша)
I деңгей: «Орнын тап»
Суреттерді ретімен орналастырып, тақтада көрсетеді.
II деңгей: Алгоритм-сызбамен әңгімелеу
Нанның жасалу кезеңдерін сызба арқылы түсіндіреді.
III деңгей: Заттармен көрсету
Бидай, ұн, қамыр, нан үлгілерін көрсетіп, әрқайсысының маңызын айтады.
Қорытынды ой: Нанды жеу үшін көп еңбек керек. Адал еңбек еткен адам ешкімнен қорықпайды.
Тышқан: Иә, енді мен қалай еңбек ету керегін түсіндім. Рахмет!
IV. Тілдік бекіту және қорытынды
Аударма
- Нан хлеб
- Бидай пшеница
Аударма суреттер арқылы бекітіледі.
Мақал-мәтелдер
Ас – атасы нан.
Хлеб – всему голова.
Ойын: «Не артық?»
Суреттегі артық затты табу арқылы логикалық ойлау дамытылады.
Сабақты қорытындылау сұрақтары
- Ертегі ұнады ма?
- Ертегіде не ұнады, не ұнамады?
- Нан дастарханға келуі үшін кімдер еңбек етеді?
Білді
Нанның шығу жолдарын.
Меңгерді
Сызба арқылы жұмыс жасауды.
Игерді
Ертегіні сахналау арқылы көрсетуді.