Ойын Бақыт аукционы

«Отбасы бақыты» тренингі

Бұл тренинг ата-ана мен баланың отбасындағы өз орны мен жауапкершілігін айқындауға, өзара қарым-қатынас стилін дамытудағы отбасының ықпалын түсіндіруге және «отбасы бақыты» ұғымының құндылығын ашуға бағытталған.

Түрі

Тренинг

Мақсаты

Отбасындағы ата-ана мен баланың орнын ашып көрсету, қарым-қатынас мәдениетін нығайту, отбасы бақытының мәнін ұғындыру.

Әдіс-тәсілдер

  • 1
    Шаттық шеңбері
  • 2
    Топтастыру стратегиясы
  • 3
    Жағымды көңіл-күй тудыру
  • 4
    Модельдеу стратегиясы
  • 5
    «Жүректен — жүрекке» рефлексиясы

Көрнекілік және қажетті құралдар

  • Қанатты сөздер
  • Интербелсенді тақта
  • Конверттер (тапсырмалар)
  • Түрлі-түсті қағаздар (A4)
  • Фломастерлер, қалам
  • Майшам (шырақ)
  • Ватман қағаз
  • Желім, қайшы

Тренингтің барысы

  1. 1

    Сәлемдесу және «Шаттық шеңбері»

    Ата-аналар шеңберге тұрып, қолдарына жанып тұрған шырақ ұстайды. Әр қатысушы өз есімін айтып, «отбасы» сөзін қосып, бір-біріне ізгі тілек білдіреді. Шырақ келесі адамға беріледі.

    Ой салатын тіркес

    «Сәлем — сөздің анасы. Жүздің түрін танығанша, бірдің атын біл».

  2. 2

    «Өз тобыңды тап!» (топтастыру)

    Әке, ана, бала бейнелері бар қиынды қағаздар ұсынылады. Қатысушылар қалаған суретті таңдап, соған сәйкес топтарға бөлініп отырады:

    • Әке

      «Асқар тау»

    • Ана

      «Бауырыңдағы бұлақ»

    • Бала

      «Жағадағы құрақ»

  3. 3

    Тренинг қағидалары

    • Тақырыптан ауытқымаймыз

    • Белсенділік танытамыз

    • Ойымызды ортаға саламыз

    • Уақытты сақтаймыз

    • Бір-бірімізді мұқият тыңдаймыз

  4. 4

    «Ән — көңілдің ажары»

    Әр топ өз атауына сай ән шумақтарынан попурри орындайды. Мақсат — еркін атмосфера құрып, топтың ішкі бірлігін күшейту.

  5. 5

    Ойын: «Бақыт аукционы»

    Қатысушылар ақ параққа «Бақыт дегенді қалай түсінемін?» деген ойларын жазып, қағазды домалақтап, бір-біріне лақтырады. Әр топ өзіне түскен жазбаларды ашып, пікірлерді талқылайды.

    Қорытынды өлең жолдары

    Бақыт деген жанарыңда жарыңның,
    Бақыт деген бал-бөбегің — тамырың.
    Бақыт деген отауыңның шырағы,
    Бақыт деген қанағаты барыңның.
    Бақыт, бақыт — отбасыңның төрінде,
    Алыстан іздеп шаршамайық, тегінде!

  6. 6

    Талқылау: «Отбасында әке, ана, бала кім?»

    Әр топ өз рөліне сай көзқарасын білдіреді: әкенің тірек болуы, ананың мейірім мен үйлесім орнатуы, баланың отбасы құндылықтарын жалғастыруы. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырым жасайды.

  7. 7

    Модельдеу: «Отбасы бақыты»

    Әр топ ватманға «Отбасы бақыты» моделін құрастырып, қорғайды. Жұмысқа бағыт беретін сұрақтар:

    • «Отбасы бақыты деген не?»

    • «Отбасының қоғамдағы орны қандай?»

    • «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі қандай?»

  8. 8

    «Ұлылардың ұлағатты сөздері»: Бақытты отбасының «үйін» құрастыру

    Қатысушыларға ұлы тұлғалардың отбасы туралы нақыл сөздері араласқан түрде беріледі. Топтар сөйлемдер мен сөздерді орнына келтіріп, геометриялық пішіндер құрастырады. Пішіндер біріктірілгенде «үй» бейнесі шығады:

    • Әкелер тобы

      Іргетас

    • Аналар тобы

      Төрт қабырға

    • Балалар тобы

      Шаңырақ (шатыр)

    Соңында әр топтан бір адам ортақ қорытынды айтады.

  9. 9

    «Жүректен — жүрекке»: жылы лебіз және ақ тілек

    Қазақ «Отбасы — киелі шаңырақ» дейді. Ошағымыздың оты өшпеуі үшін отбасы мүшелерінің жылы сөзі, махаббаты, сыйластығы мен жарасымы берік болуы қажет. Қатысушылар жүрекшелерге өз тілектерін жазып, киіз үй макетіне орналастырады — бұл «Бақытты отбасы шаңырағына» арналған ортақ ниет.

Қорытынды

Барлық шаңырақта береке мен бірлік орнап, бақыт баянды болсын деген ізгі ниетпен басқосуымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!