Болашақ тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасыБілім беру саласы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы (№15)

Топ

«Болашақ»

Тақырыбы

Құстар – біздің досымыз

Білім беру салалары

  • Коммуникация
  • Таным
  • Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі

  • Қоршаған ортамен танысу
  • Сөйлеуді дамыту
  • Жапсыру

Мақсаты

Білімділік

Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін дамыту; тақпақтар, мақал-мәтелдер және тыйым сөздерді айтқыза отырып, тілін жетілдіру.

Тәрбиелік

Адамгершілікке баулу, табиғатты сүюге және табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Сабақтың барысы

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Тәрбиеші балаларды топқа бір қатармен кіргізіп, шеңберге тұрғызады.

«Балалар, айналаға қараңыздаршы: тобымыз бүгін ерекше безендірілген. Айнала шарлар мен гүлдерге толы!»

«Балалар, қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келіпті. Қане, шаттық шеңберін құрып, қонақтармен амандасайық.»

«Жарайсыңдар! Енді орындарымызға отырайық.»

Балалардың іс-әрекеті

Балалар бір қатармен топқа кіріп, шеңбер құрады. Топтың әсем безендірілгенін көріп, қуанады.

Шаттық шеңбері

Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса.

Сәлем саған, Жер-Ана! Сәлем саған, нұрлы күн! Аман-есен болайық, Бейбітшілік қалайық.

«Сәлеметсіздер ме, апайлар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!»

Балалар орындарына отырады.