Сабақтың көрнекілігі. Өткен сабақты пысықтау

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Пәні
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Ж ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды Ж дыбысы мен әрпімен таныстыру, оқу мен жазуға үйрету. Ж дыбысы кездесетін сөздерді оқыту және жаздыру, осы әріп арқылы сөз құрастырып, ойларын дамыту. Есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, сөздік қорын және танымдық дағдыларын жетілдіру. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру және ана тілін құрметтеуге баулу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Жануарлар мүсіндері
  • Суреттер
  • Кеспе әріптер
  • Жаңа әріптің баспа және жазба үлгілері

Әдістер мен байланыс

  • Түсіндіру, талдау
  • Сұрақ-жауап
  • «Кубизм» әдісі
  • Топтастыру технологиясы
  • Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру.

II. Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!

Сұрақ-жауап:

  • Қазір қай сабақ? — Әліппе сабағы.
  • Әліппе сабағынан не үйрендіңдер? — Әріптерді, дыбыстарды жазып, айтып үйрендік.

Өтілген дыбыстарды қайталау: дыбыстарды тиісті текшеге салу (қызыл — дауысты, көк — дауыссыз).

III. Өткен сабақты пысықтау (Кубизм әдісі)

  1. Дыбыс деген не? — Естиміз, айтамыз.
  2. Әріп дегеніміз не? — Көреміз, жазамыз.
  3. Дыбыс нешеге бөлінеді? — Дауысты, дауыссыз.
  4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? — Созылып айтылады.
  5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? — Қысқа айтылады.
  6. Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? — Ғ ғ.

IV. Топтастыру (Ғ ғ дыбысы)

Дыбыстың сипаты

  • Дауыссыз дыбыс
  • Ұяң дауыссыз
  • Жуан дыбыс

Сөз ішіндегі орны

  • Сөздің ортасында кездеседі
  • Сөздің басында кездеседі
  • Көк текшемен белгіленеді

V. Үй тапсырмасын пысықтау

«Ат тағалау» мәтіні бойынша талдау-жинақтау жұмысы:

  1. Мәтінде неше сөйлем бар?
  2. Үшінші сөйлемдегі кісі аттарын ата.
  3. Олардың жазылуын түсіндір.
  4. Бірінші және екінші сөйлемдегі бір буынды сөздерді тап.

VI. Жаңа сабақ: Ж ж дыбысы мен әрпі

Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр!
Жау егіннің көгі өссін,
Сұлудай бұраң құрақты,
Айдын шалқар көл өссін!

Талқылау: Өлеңнің алғашқы жолындағы сөздер қай дыбыстан басталып тұр? — Ж дыбысынан.

Бүгінгі жаңа дыбыс: Ж ж.

Жұмбақ

Бос жер қалмай аспаннан,
Түнде шешіп тасталған.
Моншақтардың аты не?
Қайсы әріптен басталған?

Жауабы: жұлдыз (Ж әрпінен басталады).

Оқулықпен жұмыс

  • «Жіп» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
  • 48-беттегі буындарды оқу.
  • Буындар мен сөздер: жа, жо, жы, жу; жал, жол, жыл, жуан.

Суретпен жұмыс

  • Суретке ат қою.
  • Сурет бойынша сөйлем құрастыру.
  • Мәтінді оқу.

Дәптермен жұмыс

  • Ж дыбысын ауада жазып көрсету, әріп элементтерімен танысу.
  • 7-беттегі жазуға арналған тапсырмаларды орындау.
  • Үлгі бойынша дыбыстық талдау мен жазу: жаға, жалау.

Қарсы мәндес сөздер

Қарсы мәндес сөздерді орнына қойып, сөз тіркестерін оқу:

жуан тар жаңа ағаш жол орамал аласа тау

Қорытындылау

«Баспалдақ» ойыны

  • Нені үйрендік?
  • Ж дыбысы қандай дыбыс?
  • Мысал келтір.

Үй тапсырмасы

Дәптерді толықтыру, жазба жұмыстарын аяқтау.

Бағалау

Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау: жапырақша және жұлдызша үлестіру.