Мейірімді жүрек
Мейірімді жүрек (тренинг-жаттығу)
Қатысушылар
Үйден оқытылатын оқушы және 9-сынып оқушылары.
Мақсаты
- Үйден оқитын баланың сыныптастарымен араласуына жағдай жасау, көңілдегі кірбіңді сейілту.
- Мейірімділікпен өмір сүру — бақыт екенін ұғындыру.
- Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру.
- Мейірімді сөз айту, кішіпейілдік пен бауырмалдық қасиеттерін дамыту.
- Сара Алпысқызының адамгершілік үлгісі арқылы қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Слайд, қанатты сөздер, суреттер
- A3–A4 қағаздары, ватман
- Фломастерлер, қарындаштар
- Қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар
- Үлестірмелі смайликтер
Тренинг міндеттері
Тренинг құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Топқа бөлу
- «Шаттық шеңбері»
II. Мақсат-міндеттерді хабарлау
Тренингтің мақсаты түсіндіріліп, қатысу ережелері қысқаша еске салынады.
III. Кіріспе
(Фонда балалық шаққа арналған күй ойнап тұрады.) Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Сара Алпысқызының балаларға деген мейірімі орасан зор екенін білесіңдер. Ол әрдайым балаға шуақты көңіл күймен қарап, адамгершілік пен рухани байлықты дәріптеп келеді.
Өлең жолдары
Қайтер едім жақсы адамдар болмаса,
Бақыттысың сенім гүлі солмаса.
Шыңыраудан алып шықты жарыққа,
Адал достар арманымды қолдаса.
«Мейірімді жүрек» атты тренинг-жаттығуымызға қош келдіңіздер! Тренингті бастамас бұрын Мирасты ортаға шақырамыз. Мирас, алдағы өміріңе жақсылық тілейміз. Бүгін сыныптастарыңмен бірге жақсы көңіл күйде болып, ойын-жаттығуларға белсенді қатыс. Сыныптастарыңның саған арнаған жылы тілектерін қабыл ал.
Топқа бөлу
I топ
«Жан жылуы»
II топ
«Күн шуақ»
Ереже
Әр қатысушы пікірін ашық айтады, өзгелерді бөлмей тыңдайды және берілген уақытты сақтайды.
Негізгі бөлім
I жаттығу: Мәтінмен жұмыс
Әрқайсыңызға парақ таратылады. Төмендегі үш сұраққа жауап жазасыздар. Соңында әр топ жауаптарын түсіндіріп, қорғайды. Бұған қоса, әр топ мейірімділік туралы 1–2 шумақ өлең жолдарын айтады.
- 1 «Мейірімді» дегенді қалай түсінесіздер?
- 2 Мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде боласыздар?
- 3 Сіздер үшін кім мейірімді?
Қосымша тапсырма
I топ II топтан ең мейірімді оқушыны атайды.
Қосымша тапсырма
II топ «Жан жылуы» тобынан ең мейірімді оқушыны атайды.
II жаттығу: Менің жақсы істерім
Жақсы болу — өзіңнен, жаман болу — өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да, өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?» деп ойла!
Әр топқа ватман беріледі. Өздерің жасаған жақсы істерді жазып немесе сурет арқылы бейнелеңіздер.
Сұрақ
Жақсылық жасауға не кедергі болады?
Сұрақ
Кімге мейірімділік көрсеттіңіз?
Нәтиже
Әр топ өз жұмыстарын таныстырады.
III бөлім: Психологиялық ойын
Мейірімді болу үшін өзімізді жақсы танып, жақсы жаққа тәрбиелеу маңызды. Енді бірнеше қысқа жаттығу арқылы өз бойымыздағы ерекшеліктерді байқап көреміз.
A) Саусақ айқастыру
Екі саусақты бірнеше рет айқастырып біріктіріңіз. Қай қолдың бас бармағы үнемі жоғары қалады? Сол қол үстінде болса — эмоционалды адам, оң қол үстінде болса — аналитик (талдауға бейім).
Ә) Қолды кеудеде айқастыру
Қолды кеуде тұсында айқастырыңыз. Жоғарыда оң қол тұрса — қарапайымдылық пен мейірімге жақын, ал жоғарыда сол қол тұрса — мақтануға бейім болуы мүмкін.
Б) Қол шапалақтау
Қол соққанда оң қол жетекші болса — жігер басым, сол қол белсенді болса — шешім қабылдауда көп ойланатын адам.
Осы үш шағын тест бойынша өз мінезіңізге қатысты қорытынды жасап көріңіздер. Келісесіздер ме? Ұқсастық бар ма?
IV жаттығу: «Күлмес қыз» (логикалық ойын)
Баяғыда бір ханның қызы болыпты. Ол ешқашан күлмейді екен. Сол себепті ханның қызы «Күлмес қыз» атаныпты.
1-сұрақ (30 секунд)
Неліктен ханның қызы ешқашан күлмеген деп ойлайсыздар?
2-сұрақ (30 секунд)
«Күлмес қыздың» күлуі үшін не істеу қажет?
V бөлім: Сергіту сәті — «Қарын мен төбе»
Мидың екі жарты шарын қатар іске қосу үшін қысқа жаттығу орындаймыз.
Ереже
- Сол қолмен қарынды сипайсыз.
- Оң қолмен төбені шапалақтайсыз.
- Жаттығуды 3 рет орындаймыз: 1-рет баяу, келесі 2-уі жылдамырақ.
- Белгі берілгенде қолды ауыстырамыз.
VI жаттығу: 10 айырмашылықты тап
Суреттер таратылады. Тапсырма: 10 айырмашылықты табу.
VII жаттығу: Есімнен сөздер құру
I топ
«Бағдат» есімінен сөздер құру
II топ
«Бақытжан» есімінен сөздер құру
Қорытынды
Ортаға Мирасты шақырамыз: ол өз тілегімен бөліседі. Сыныптастарыңның саған арнаған жылы тілектері мен сыйлықтарын қабыл ал.
Халық даналығы
«Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе».
Осы даналық сөзге сүйене отырып, тренингімізді аяқтаймыз. Әрқашан мейірімді болыңыздар! Назарларыңызға рақмет!