Объектілерді көшіру

Сабақтың тақырыбы

Объектілермен жұмыс істеу: қапшықты, файл мен таңбашаны жылжыту және көшіру; объектілердің атын өзгерту; операцияны болдырмау; Себет (Корзина); объектілерді жою және қалпына келтіру.

Бағдарламалық қамтамасыздандыру

Windows ОЖ (оқу материалы Windows 98 мысалында қарастырылады), ОЕТС.

Дидактикалық материал

Оқулық.

Қамтамасыздандыру

Жұмыс дәптері.

Сабақтың типі: практикум элементтері бар түсіндіру және көрсету

Сабақтың мақсаты

  1. Объектілерді жылжыту және көшіру ережелерімен таныстыру; объектілердің атын өзгерту, оларды жою және қалпына келтіру ережелерін меңгерту.
  2. Оқушылардың объектілермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту: жылжыту, көшіру, қайта атау, операцияларды болдырмау; Windows 98 жүйесіндегі Себеттің қызметін түсіндіру.
  3. Эстетикалық тәрбие беру және жұмыс мәдениетін қалыптастыру.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушылар білуі тиіс

  • объектілерді жылжыту және көшіру ережелерін;
  • объектілердің атын өзгерту ережелерін;
  • операцияларды болдырмау тәсілдерін;
  • Windows 98 жүйесіндегі Себеттің (Корзина) арналуын;
  • объектілерді жою және қалпына келтіру ережелерін.

Оқушылар меңгеруі тиіс

  • объектілерді жылжытуды және көшірмелеуді;
  • файлдар, қапшықтар және таңбашалардың атын өзгертуді;
  • операцияларды болдырмауды (Undo);
  • объектілерді жоюды;
  • жойылған объектілерді қалпына келтіруді.

Сабақтың барысы

I кезең
Ұйымдастыру
II кезең
Үй тапсырмасын тексеру
III кезең
Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV–V кезең
Бекіту және қорытынды

Қапшықтарды, файлдарды және таңбашаларды көшіру

Белгіленген объектіні басқа қапшыққа немесе алмасу буферіне көшіруге болады. Көшіру кезінде бастапқы объект өзгермейді, ал мақсатты қапшықта оның дәл көшірмесі жасалады. Бір қапшықта дәл сондай типтегі және дәл сондай атауы бар объект бар болса, сол қапшыққа көшіру мүмкін болмайды.

Көшірудің негізгі 3 тәсілі

  1. Алмасу буфері арқылы: белгіленген объектіні Правка немесе контекстік мәзір арқылы көшіру, мақсатты қапшықты ашу және сол жерде Вставить командасын орындау.
  2. Тышқанмен сүйреп апару: Ctrl пернесін басып тұрып, объект белгішесін бастапқы қапшық терезесінен мақсатты қапшық терезесіне апару.
  3. Командалар арқылы тасымалдау: сәйкес Файл

Объектілерді жылжыту

Жылжыту кезінде жүйеде жаңа объект пайда болмайды: объект тек орнын (мекенжайын) өзгертеді. Алмасу буфері арқылы жылжытқанда Копировать орнына Вырезать командасы қолданылады. Тышқанның сол жақ батырмасымен сүйреп апарғанда Ctrl пернесін басу қажет емес.

Практикалық тапсырмалар (3.5 бөлімі)

3.5.1 Тапсырма

Берілген суреттердің бірінде объектіні көшіру, ал екіншісінде жылжыту шартты белгіленген. Бейнеленген әрекеттерді атап жазыңдар.

3.5.2 Тапсырма

Тышқанның оң жақ батырмасы арқылы объектіні қалай көшіруге, жылжытуға немесе жаңа таңбаша жасауға болады?

  • Көшіру
  • Жылжыту
  • Таңбаша жасау

3.5.3 Тапсырма

Тышқанның сол жақ батырмасы арқылы объектіні көшіру, жылжыту және жаңа таңбаша жасау үшін қандай пернелер қолданылады?

Пернелер Әрекет
Ctrl Көшіру
Shift Жылжыту
Ctrl + Shift Таңбаша жасау

3.5.4 Тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңдер (тақырыпты меңгеруді бақылауға арналған).

Алмасу буфері дегеніміз не?

Алмасу буфері — орын ауыстырылатын ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.

Алмасу буферіндегі ақпарат ұзақ уақыт сақтала ма?

Ақпарат компьютер өшірілгенге дейін немесе буферге жаңа ақпарат жіберілгенге дейін сақталады.

Алмасу буферіндегі ақпаратты қанша рет кірістіруге болады?

Буфердегі ақпаратты бірнеше рет кірістіруге болады.

3.5.6 Тапсырма

Пернетақта арқылы Көшіру, Қиып алу, Кірістіру командаларын қалай шақыруға болады?

Команда Пернетақта тіркесімі
Көшіру Ctrl + C
Қиып алу Ctrl + X
Кірістіру Ctrl + V

3.5.7 Тапсырма

Объектіні жылжыту және көшіру әрекеттерінің ретін көрсетіңдер. Айырмашылығы бар әрекеттерді ерекше белгілеңдер.

Объектіні жылжыту

  1. Объектіні маус арқылы белгілеңдер.
  2. Правка — Вырезать (Түзету — Қиып алу) командасын орындаңдар.
  3. Қабылдаушы қапшықты ашыңдар.
  4. Правка — Вставить (Түзету — Кірістіру) командасын орындаңдар.

Объектіні көшіру

  1. Объектіні маус арқылы белгілеңдер.
  2. Правка — Копировать (Түзету — Көшіру) командасын орындаңдар.
  3. Қабылдаушы қапшықты ашыңдар.
  4. Правка — Вставить (Түзету — Кірістіру) командасын орындаңдар.

3.5.2 және 3.5.3 тапсырмалары мұғалімнің түсіндіруімен қатар орындалады. Нәтижесінде оқушылар Windows 98 жүйесінде әртүрлі объектілермен жұмыс істеудің ортақ тәсілдері бар екенін түсінуі тиіс. Барлық әрекеттерді мұғалім оқушылармен бірге компьютерде көрсетіп, кейін оқушыларға өз бетінше орындауға мүмкіндік береді.

Қапшықтың, файлдың немесе таңбашаның атын өзгерту

Белгіленген объектінің атын өзгерту үшін Файл

Қайта атаудың қысқа алгоритмі

  1. Объект белгішесінде тышқанның оң жақ батырмасын басыңдар (контекстік мәзір ашылады).
  2. Переименовать опциясын таңдаңдар.
  3. Жаңа атауды енгізіп, Enter пернесін басыңдар.
  4. Балама тәсіл: Файл → Переименовать командасын қолдану.

3.5.8 Тапсырма

Объектілердің атын өзгерту тәсілдерін жазыңдар. Тапсырма оқулықпен өздік жұмысқа немесе тақырыпты меңгеруді бақылауға қолданылады.

1-тәсіл

Оң жақ батырма → Переименовать → жаңа ат енгізу.

2-тәсіл

Сол жақ батырмамен бір рет шерту → Файл → Переименовать → жаңа ат беру.

3-тәсіл

Объектіні белгілеу → атауында шерту → жаңа ат енгізу немесе бұрынғысын түзету.

4-тәсіл

Объектіні белгілеу → F2 → жаңа ат енгізу немесе түзету.

Операцияны болдырмау (Undo)

Жылжыту, көшіру немесе қайта атау сияқты әрекеттер дұрыс орындалмаса, оларды болдырмауға болады. Бұл дағды оқушыларға қателікті тез түзетіп, жұмысты қауіпсіз жүргізуге көмектеседі.

3.5.9 Тапсырма

Операцияны қалай болдырмауға болады? Екі тәсілді көрсетіңдер.

  1. Правка → Отменить (Түзету — Болдырмау) командасын орындау.
  2. Құрал-саймандар тақтасындағы Отменить батырмасын шерту.

Объектілерді жою және Себет (Корзина)

Себет — өшірілген объектілер (қапшықтар, файлдар, таңбашалар) уақытша сақталатын арнайы қапшық. Себетті ашып, объектіні бұрынғы орнына немесе басқа орынға қалпына келтіруге болады. Сондай-ақ Себетті толық немесе ішінара тазартуға мүмкіндік бар.

Объектіні жою тәсілдері

Белгіленген объектіні жою үшін Файл

3.5.10 Тапсырма

Объектіні жою тәсілдерін жазыңдар.

  1. Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу.
  2. Оң жақ батырма → контекстік мәзірден Удалить командасын таңдау.
  3. Объектіні белгілеу → Файл → Удалить командасын орындау.
  4. Объектіні Себет белгішесіне сүйреп апару.

Жою әрекетін қалай болдырмауға болады?

Правка → Отменить (Түзету — Болдырмау) командасын орындау.

3.5.11 Тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңдер (жойылған объектілерді қалпына келтіру).

Сұрақ Жауап
Объектіні Себетте қанша уақыт сақтауға болады? Себетте объект жойылғанға дейін немесе қалпына келтірілгенге дейін сақталады.
Себеттегі объектілерді көру үшін не істеу керек? Себет белгішесінде екі рет шертіп, оны ашу керек.
Себеттегі объектіні өзі жойылған қапшыққа қалай қайтаруға болады? Объектіні белгілеп, Файл → Восстановить командасын орындау керек.
Себеттегі объектіні басқа қапшыққа қалай қалпына келтіруге болады? Объектіні Себеттен қиып алып, қажетті қапшыққа кірістіру керек.
Дискетадан жойылған объектілер Себетке түсе ме? Жоқ. Дискетадан жойылған объектілер Себетке салынбайды.

3.5.12 Тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңдер (Себетті тазарту және топпен жою).

Файлдар Себеттен қандай мақсатпен жойылады?

Жаңа бағдарламалар мен құжаттарға орын босату үшін.

Файлды Себеттен қалай жоюға болады?

Себетті ашып, файлды белгілеп, Delete пернесін басу керек.

Себетте қатар орналасқан объектілер тобын қалай жоюға болады?

Бірінші объектіні шертіп, Shift пернесін басып тұрып, соңғы объектіні шертіңдер. Содан кейін Delete басыңдар.

Себетте әр жерде орналасқан объектілер тобын қалай жоюға болады?

Ctrl пернесін басып тұрып, жойылатын объектілердің әрқайсысын белгілеңдер. Содан кейін Delete басыңдар.

Себеттің ішіндегісін қалай бірден жоюға болады?

Себет белгішесінде оң жақ батырмамен шертіп, Файл → Очистить корзину командасын таңдаңдар.

Жаңа тақырыпты бекіту

Тақырыпты бекіту үшін 3.5.1–3.5.12 тапсырмаларын орындау ұсынылады (оның ішінде 3.5.2 және 3.5.3 — мұғалімнің түсіндіруімен қатар).

3.5.1 3.5.2 3.5.3 3.5.4 3.5.5 3.5.6 3.5.7 3.5.8 3.5.9 3.5.10 3.5.11 3.5.12

Қорытындылау

Үй тапсырмасы

Объектілермен жұмыс істеу: қапшықты, файл мен таңбашаны жылжыту және көшіру; объектілердің атын өзгерту; операцияны болдырмау; Себет; объектілерді жою және қалпына келтіру.

Оқушыларды бағалау

«Windows операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша білімді тексеру тестін жүргізу ұсынылады.