Ақиқат тобына

Ашық тәрбие сағаты / сайыс

Құқықтық сауаттылық – заман талабы

Демократиялық қоғамда әр азамат өз құқығын біліп, міндетін сезінгенде ғана заң үстемдігі орнығады.

Конституция Құқық Жауапкершілік Жастар

Мақсаты

1) Құқықтық білімді тексеру

Оқушылардың құқықтық білімін саралап, жауапкершілігін арттыру және мақсат қоя білуге баулу.

2) Коммуникация мәдениетін дамыту

Ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру және сөздік қорын молайту.

3) Заңға құрмет қалыптастыру

Конституция мен құқықтық актілерді орындауға, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Кіріспе

1995 жылы маусым айында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Бұл құжат құқықтық мәдениетке жүйелі назар аударудың маңызды кезеңі болды.

Тәуелсіз Қазақстанда жаңа мемлекеттік институттар қалыптасты: Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес және басқа да құрылымдар жұмысын бастады. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституция мемлекеттік органдарды заңдастырып қана қоймай, әр азаматтың демократиялық құқықтары мен бостандықтарын бекітті, сонымен қатар міндеттерін де айқындады.

Негізгі ұстанымдар (Конституциядан)

І бап

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

12 бап

Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады және ешкім олардан айыра алмайды.

Өз мемлекетіміздің құрылымын білу — қандай елде өмір сүріп жатқанымызды, мемлекет алдына қандай мақсат-міндеттер қоятынын, азаматқа қалай қызмет ететінін нақты түсінуге көмектеседі. Азамат өзінің азаматтығына сәйкес құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Заңды бұзбай, әділ жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат мұратына жетеді.

Сондықтан заңды білу — заман талабы. «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» айдарымен ұйымдастырылған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу

  • 1-топ: «Әділет»
  • 2-топ: «Ақиқат»

Сайыс тәртібі

  • Әділқазылар алқасын сайлау
  • Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру

Сайыс жоспары

  1. 1Таныстыру (топ атауы, өмірлік ұстанымы, төсбелгі)
  2. 2Тікелей сұрақ (әр топқа 10 сұрақ, әр дұрыс жауап — 1 ұпай)
  3. 3Ой жалғау (мақал-мәтелдің жалғасын табу)
  4. 4Адасқан әріптер (терминдерді дұрыс құрастыру)
  5. 5«Суретті баптар» (Конституция баптарына сәйкестендіріп бейнелеу)
  6. 6Ой талқы (әр топқа 3 минуттық талқылау)
  7. 7Қорытынды (әділқазы шешімі, жеңімпазды марапаттау)

Бөлімдер мазмұны

I бөлім. Таныстыру

Әр топ өз атауын, ұстанымын және төсбелгісін таныстырады. Жоғарғы ұпай — 10 ұпай.

II бөлім. Тікелей сұрақ

10 сұрақ · 1 ұпай

«Әділет» тобының сұрақтары

  1. 1. «Конституция» сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)
  2. 2. ҚР-да биліктің бірден-бір бастауы кім? (Халық)
  3. 3. Республика заңдары қашан күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
  4. 4. Егемендік алғаннан кейін ҚР Конституциясы қанша рет қабылданды? (2 рет: 1993 ж. 28 қаңтар; 1995 ж. 30 тамыз)
  5. 5. Республикадағы жоғары заң шығарушы орган? (Парламент)
  6. 6. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тарау)
  7. 7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
  8. 8. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
  9. 9. ҚР Конституциясының 17-бабы не туралы? (Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды)
  10. 10. 17 желтоқсан қандай күн? (Демографиялық жаңару күні)

«Ақиқат» тобының сұрақтары

  1. 1. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991 ж. 16 желтоқсан)
  2. 2. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 ж. 15 қараша)
  3. 3. Мемлекеттік нышандар туралы заң қашан қабылданды? (1992 ж. 4 маусым)
  4. 4. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
  5. 5. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 ж. 20 қараша)
  6. 6. Преамбула нені білдіреді? (Кіріспе бөлім)
  7. 7. ҚР жаңа Әнұраны қашан қабылданды? (2006 ж. 2 қаңтар)
  8. 8. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)
  9. 9. ҚР Конституциясының 15-бабында не туралы айтылған? (Әркімнің өмір сүруге құқығы бар)
  10. 10. Қос азаматтық иесі қалай аталады? (Бипатрид)

III бөлім. Ой жалғау

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

«Әділет» тобы

  • Заңның құрығы — бәрінен ұзын.
  • Өш алғаннан гөрі — кешірген жөн.
  • Ақырын жүріп — анық бас.
  • Асыл тастан, өнер — жастан.
  • Тура биде — туған жоқ.

«Ақиқат» тобы

  • Ұрлық түбі — қорлық.
  • Жазасын тартпайтын — жамандық жоқ.
  • Әдепті бала — арлы бала.
  • Тәрбие — отбасынан басталады.
  • Әділ істің — арты игі.

IV бөлім. Адасқан әріптер

Термин сөздерді дұрыс орналастыру.

«Әділет» тобы

  • ЕКОНЮС — БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы.
  • АТКРДЕИЯМО — халық еркі немесе билігі.
  • ЕНТЕЗПРИДЕ — мемлекет басшысы.

«Ақиқат» тобы

  • УАТРА — айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім.
  • АТТӨЛЖҰҚ — азаматтықты куәландыратын құжат.
  • РПАЕЛМАНТ — заң шығарушы орган.

V бөлім. «Суретті баптар»

Әр топқа мақал немесе нақыл сөз беріледі. Мағынасын талдап, Конституция баптарымен сәйкестендіріп, көрініс арқылы бейнелейді.

«Әділет» тобы

«Еңбектің көзін тапқан, байлықтың көзін табады» — Ы. Алтынсарин

Конституциямен байланысы: 26-бап, 4-тармақ.

«Ақиқат» тобы

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім» — М. Әуезов

Конституциямен байланысы: 30-бап.

VI бөлім. Ой талқы

Уақыт: 3 минут

«Әділет» тобына сұрақ

Жастарды қылмысқа итермелейтін қандай себептер бар?

«Ақиқат» тобына сұрақ

Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін не істеу керек?

VII бөлім. Қорытынды

Әділқазылар алқасы ұпайларды қорытындылап, жеңімпаз топты марапаттайды.

Қорытынды ой

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты сайысымызды қорытындылай отырып, сіздердің алдағы уақытта білімдеріңізді шыңдап, рухани дүниелеріңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды терең меңгеріп, еліміздің үлгілі азаматы болуларыңызға сенім білдіреміз.

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды».
Б. Момышұлы

Әрқашан Ата Заңымызды құрметтеп, белгіленген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды әрі жауапкершілікпен пайдалануға шақырамыз. Сіздерге әрдайым сәттілік тілейміз!

Еске салу

Құқық

Құқық — қоғамдағы тәртіп пен әділдікті қамтамасыз ететін жалпыға міндетті нормалар жүйесі.

Міндет

Құқықпен қатар міндет те жүреді: заңды сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу, қоғамға зиян келтірмеу.

Жауапкершілік

Жауапкершілік — таңдау мен әрекеттің салдарын түсіну және заң алдындағы міндетті орындау.