Қожа Ахмет Ясауи қандай кітаптың авторы

Сабақ туралы мәлімет

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы орта мектептің мұғалімі — Даулеткелдиева Айгерім.

Сабақтың тақырыбы

Жүсіп Баласағұн. «Құтты білік» трактаты.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ақынның өмірі туралы мәлімет беру. «Құтты біліктің» әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі екенін, сондай-ақ түркі тілдес халықтарға ортақ, өлеңмен жазылған трактат екенін таныту.

Дамытушылық

Шығармаларында көтерілген ізгі мұраттарды үлгі ету: оқу мен білімнің құндылығы, тіл өнері, ел басқару мәдениеті, моральдық-эстетикалық және тұрмыстық мәселелер.

Тәрбиелік

Поэманың бүгінгі күнге дейінгі өміршеңдігін, тәрбиелік мәнін ұғындыру және үлгі-өнеге ету.

Сабақтың көрнекілігі

  • Оқулық
  • Көркем әдебиет
  • Суреттер
  • Нақыл сөздер
  • Карта

Ұйымдастыру және әдістеме

Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, жинақтау, топтастыру, ой бөлісу, шығармашылық жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Тіл, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырып: Қожа Ахмет Ясауи хикметтері. Әдіс: «Мен саған, сен маған» — оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы Қожа Ахмет Ясауи туралы білімдерін жан-жақты дәлелдейді.

Тексеру сұрақтары

  1. 1 Қожа Ахмет Ясауи қай қалада туған?
  2. 2 Ұлы ойшылдың ұстазы кім болған?
  3. 3 Қожа Ахмет Ясауи туралы ел аузында қандай аңыз тараған?
  4. 4 Қожа Ахмет Ясауи қандай кітаптың авторы?
  5. 5 Қожа Ахмет Ясауи шығармаларында нені жырлады, ал өмірінде нені насихаттады?
  6. 6 Ақынның өмірлік мақсат-мұраты қандай?