Суреттер мен мәтіндер

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән
Информатика
Сынып
6-сынып
Мұғалім
Кенебаева Ж.
Тақырып
Презентация құру, безендіру шаблондары және мәтінмен жұмыс

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

  • Оқушыларға PowerPoint-та презентация құруды үйрету.
  • Сурет, диаграмма, мәтін және кестені слайдқа орналастыруды меңгерту.
  • Анимация қою мен бетке фон (түс) беруді тәжірибеде қолдандыру.

Күтілетін нәтижелер

  • PowerPoint бағдарламасында презентация құрып үйренеді.
  • Слайдқа сурет, диаграмма, мәтін, кесте орналастыра алады.
  • Слайдтағы объектілерге анимация беруге болатынын біледі және қолдана алады.
  • Бет фонын баптап, анимация параметрлерін орната алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

  • Жұптық және жеке жұмыс
  • Сын тұрғысынан ойлау (СТО)
  • Диалогтік оқыту
  • Блум таксономиясы

Сабақ кезеңдері

  1. 1Ұйымдастыру
  2. 2Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3Жұптық жұмыс
  4. 4Рефлексия
  5. 5Бағалау

I. Білу: «Миға шабуыл» және үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы «Миллион кімге бұйырады?» ойыны арқылы сұралады. Оқушыларға 10 сұрақ ұсынылады. Әр дұрыс жауап үшін 5 балл беріледі. Қажет болған жағдайда 50/50 мүмкіндігін пайдалануға болады.

Сұрақтар

  1. 1) PowerPoint бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?

    • A) Слайдтар құру
    • B) Презентация көрсетілімін автоматты түрде программалау тіліне аудару
    • C) Дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны экранда көрсету
  2. 2) PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосады?

    • A) Пуск → Программы → Microsoft Office → Microsoft Office Word
    • B) Пуск → Программы → Стандартные → Microsoft Office PowerPoint
    • C) Пуск → Программы → Microsoft Office → Microsoft Office PowerPoint
  3. 3) Презентация деген не?

    • A) Суреттер мен мәтіндер жиынтығы
    • B) Белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар жиынтығы
    • C) Беттерге ескертпе жазу
  4. 4) Слайд көрсетудің неше әдісі бар?

    • A) 3
    • B) 4
    • C) 5
  5. 5) Жаңа слайдты қосу үшін қандай амал орындалады?

    • A) Главная → Создать слайд
    • B) Вставка → Рисунок
    • C) Вставка → Дублировать
  6. 6) Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?

    • A) Файлда сақталған суреттер, бір немесе бірнеше дыбыстық объектілер және т.б.
    • B) Енгізуге болмайды
    • C) Тек мәтін
  7. 7) Word құжатының кеңейтімі қандай?

    • A) .doc
    • B) .xls
    • C) .ppt
  8. 8) Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:

    • A) Alt
    • B) Tab
    • C) Caps Lock
  9. 9) Бұл батырманың қызметі қандай?

    • A) WordArt мәнеріндегі жазба
    • B) Қою (қалың) мәтін мәнері
    • C) Мәтінді бояу

    Ескерту: батырма бейнесі тапсырмада көрсетіледі.

  10. 10) Абзацты дәл ортасына туралау қайсысы?

    Ескерту: нұсқалар белгішелер арқылы беріледі.

II. Түсіну: слайд түрлерін талқылау

Оқушыларға әртүрлі слайд үлгілері көрсетіліп, төмендегі сұрақтар бойынша талқылау жүргізіледі:

  • Слайдтан нені байқап отырсыңдар?
  • Бұл бағдарламаның басқа офистік бағдарламалардан артықшылығы мен ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?

III. Қолдану: жаңа тақырыпты меңгеру

Презентация — белгілі бір тақырып бойынша біріңғай стильде безендірілген слайдтар және олармен байланысты қосымша материалдар (презентация жоспары, баяндамашы ескертпелері, тыңдаушыларға үлестірмелі материалдар) жиынтығы.

MS PowerPoint бағдарламасында әрбір презентация слайдтар жиынынан тұрады. Әр слайдта графикалық фон орналасып, оның үстіне түрлі объектілер мен мәтін енгізіледі.

Слайдқа енгізуге болатын элементтер

  • Тақырып және мәтін
  • Кесте
  • Сурет және графика
  • Диаграмма
  • Бейнефайлдар
  • Дыбыс үзінділері

Объектілермен жұмыс: негізгі қағида

Безендірілген слайдқа объект қою оңай: объектіні екі рет шерту оны құруға немесе өңдеуге арналған тиісті қосымшаны шақырады.

Сурет (картинка) қою

Вставка → Рисунок → Картинки командасын орындаңыз немесе сурет енгізуге арналған аймақты екі рет шертіңіз.

PowerPoint-та суреттің түсін өзгертуге болады: суреттегі кейбір түстерді басқа түске алмастыру мүмкіндігі бар.

Дыбыс пен бейне

Слайд көрсетілімі кезінде дыбыстар мен видеороликтерді ойнатуға болады. Дыбыстардың бір бөлігі Эффекты анимации панелінде беріледі, ал басқа медиафайлдарды Вставка мәзірінен қосуға болады.

Клип енгізілгеннен кейін слайдта белгіше пайда болады. Ойнату үшін белгішені екі рет шертіңіз.

Диаграмма қою

Диаграмманы Excel-де құрып, дайын диаграмманы PowerPoint-қа енгізуге болады. Сондай-ақ PowerPoint ішінде Вставка → Диаграмма командасы арқылы диаграмма құрып, әрі қарай Excel-дегідей өңдеуге болады.

Word-та жасалған кестені қою

Егер кесте Word-та дайын болса, оны алмасу буфері арқылы көшіріп, слайдқа орналастыруға болады. Көлемі өте үлкен кестелер (мысалы, 3 бағаннан және 4 жолдан көп) әрдайым көрнекі бола бермейді, сондықтан ықшам кестелер қолданған дұрыс.

Word кестесін енгізу үшін: Вставка → Рисунок → Таблица Microsoft Word. Қатар мен жол санын енгізіп, OK батырмасын басыңыз. Осыдан кейін құралдар Word элементтеріне ауысып, кестені Word-тағыдай өңдей аласыз.

Презентация жасауға арналған қадамдық нұсқаулық

  1. 1 PowerPoint-ті іске қосыңыз. Файл → Создать командасын таңдаңыз.
  2. 2 Безендіру шаблонын таңдау үшін: Файл → Создать → Шаблон оформления.
  3. 3 Әр слайдтағы үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді енгізіңіз.
  4. 4 Объект немесе сурет енгізу үшін Вставка мәзірінен қажетті опцияны таңдаңыз.
  5. 5 Мәтін мен объектілерге анимация беру: Анимации → Настройка анимации.
  6. 6 Слайд фонын баптау үшін Дизайн командасын таңдаңыз.
  7. 7 Құрылым (Outline) режиміне өтіп, презентация жоспарын қарап шығыңыз.
  8. 8 Көрсетілімді көру үшін Показ слайдов мәзірін пайдаланыңыз.
  9. 9 Сақтау: Файл → Сохранить как командасын орындап, атау беріп сақтаңыз.

IV. Талдау: ой толғаныс және практикалық жұмыс

Өзіңді тексер

Оқушылар компьютерде жұппен жұмыс орындайды. Бір слайдты екі қырынан дайындайды: редактор мазмұнды құрастырып, мәтінді өңдейді; дизайнер безендіру мен көрнекілікті күшейтеді. Қызықты мәтіннің өзі безендірусіз әсерлі көрінбейтінін талқылау арқылы дәлелденеді.

Топқа бөлу ережесі

  • Көк түсті (1–8) қағаз алғандар — редакторлар.
  • Қызыл түсті (1–8) қағаз алғандар — дизайнерлер.
  • Цифрлары бірдей оқушылар жұп құрайды.

Жұмыс талабы

  • 3 слайдтан тұратын презентация жасау
  • Дизайн таңдау және фон түрін қолдану
  • Мәтін мен объектілерге анимация беру
  • Мәтінді сауатты, әдемі рәсімдеу

Тапсырма 1: №1–№3 жұптарға — «Ғарышкерлер күні»

  1. 1-слайд

    Градиент фонын таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты-жөнін жазыңыз.

  2. 2-слайд

    Текстура фонын таңдап, тақырыпқа сай сурет пен мәтін енгізіңіз. Сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.

  3. 3-слайд

    Узор (өрнек) фонын таңдап, слайд мазмұнын жазыңыз.

Тапсырма 2: №2–№4 жұптарға — «Ұлы жеңіске 70 жыл»

  1. 1-слайд

    Узорная заливка фонын таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты-жөнін жазыңыз.

  2. 2-слайд

    Сплошная заливка фонын таңдап, тақырыпқа сай сурет пен мәтін енгізіңіз. Сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.

  3. 3-слайд

    Рисунок или текстура фонын таңдап, слайд мазмұнын жазыңыз.

Тапсырма 3: №5–№7 жұптарға — «Менің ұстазым»

  1. 1-слайд

    Градиентная заливка (Линейный) түрін таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты-жөнін жазыңыз. Бетке анимация орналастырыңыз.

  2. 2-слайд

    Сплошная заливка фонын таңдап, тақырыпқа сай сурет пен мәтін енгізіңіз. Сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.

  3. 3-слайд

    Слайд мазмұнын жазыңыз және мәтінді анимациямен баптаңыз.

Тапсырма 4: №6–№8 жұптарға — «Біздің мектеп»

  1. 1-слайд

    Градиентная заливка (Радиальный) түрін таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты-жөнін жазыңыз. Бетке анимация орналастырыңыз.

  2. 2-слайд

    Рисунок или текстура фонын таңдап, тақырыпқа сай сурет пен мәтін енгізіңіз. Анимацияны баптаңыз.

  3. 3-слайд

    Узор фонын таңдап, слайд мазмұнын жазыңыз.

V. Жинақтау: қорытындылау

Сабақ соңында білімді бекіту мақсатында ребус тапсырмасы орындалады.

VI. Үй тапсырмасы және рефлексия

Үй тапсырмасы

Мұғалім үй тапсырмасын береді және келесі сабаққа дайындық талаптарын түсіндіреді.

Рефлексия сұрақтары

  • Маған сабақ ұнады: __________________________
  • Мен түсінбедім: __________________________
  • Мен үшін бұл сабақ қызықты болды, себебі: __________________________

VII. Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағалау парағы арқылы бағаланады.