Сын есімді тап
Сабақ жоспары
Сын есім
Бұл сабақта оқушылар сын есім туралы теориялық білім алады, заттың әртүрлі белгілерін байқап, сапалық ерекшеліктерін ажырата білуге үйренеді. Сауаттылық, жазу мәдениеті мен каллиграфия, тілдік дағдылар жетілдіріледі. Логикалық ойлау жүйесі дамып, адамгершілік құндылықтар нығаяды.
Мақсаты
- Сын есім туралы теориялық білім беру.
- Заттың белгілерін бақылап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу.
- Сауаттылықты, жазу мәдениетін, каллиграфияны және тілдік дағдыларды жетілдіру.
- Логикалық ойлау жүйесін дамыту.
- Адамгершілікке тәрбиелеу.
Нәтиже
Біледі
Сын есімнің қызметін және сөйлемдегі қолданысын.
Ажыратады
Заттың сапасын, түсін, көлемін, дәмін, иісін білдіретін сөздерді.
Қолданады
Сын есімдерді сөйлем құрауда және сипаттауда.
Дамытады
Сөйлеу мәдениетін, жазу сауаттылығын, ойлау жүйесін.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
1) Психологиялық дайындық
Шынайы сыпайылық — адамдарға тілектестікпен қараудан басталады.
Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіз тілейік.
2) Еске түсіру сәті
Толықтыру тесті:
- Зат есім дегеніміз не?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- Лепті сөйлем дегеніміз не?
- Түбір сөз және қосымша дегеніміз не?
- Жұрнақ пен жалғау дегеніміз не?
II. Негізгі кезең: жаңа сабақ
Бүгін сөз табының бір түрі — сын есіммен танысамыз. Сын есім заттың белгілерін білдіреді.
Сұрақ
Мынау не?
Алма.
Сұрақ
Түсі қандай?
Қызыл.
Сұрақ
Көлемі қандай?
Үлкен.
Сұрақ
Дәмі қандай?
Тәтті.
Сұрақ
Иісі қандай?
Жұпар иісті, жағымды.
Сұрақ
Жеп болған соң қандай баға бересіңдер?
Жақсы піскен алма.
Осылайша алманың сындық ерекшеліктерін атадық. Мұндай сипаттамалар заттың сапасын білдіреді.
3) Сөзжұмбақ
Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешіңдер:
- Ас дайындайтын маман.
- Бие сүтінен жасалатын сусын.
- Ас атасы — ...
- Әкемнің анасы.
- Қазақтың ұлттық ойындарының бірі.
- Құрлықтағы ең үлкен жануар.
- Мұхит пен үлкен көлдерді жүзіп өтетін көлік құралы.
4) «Әдемі сөз білесің бе?» ойыны
Мақсаты: сын есімдерді қолданып, бір-біріне жылы сөз айту. Мысалы:
5) Оқулықпен жұмыс
- 407-жаттығу: мәнерлеп оқып, сын есімдерді тап.
- 408-жаттығу: мақал-мәтелді жатқа айт.
- 409-жаттығу: берілген сөздермен сөйлем құрастырып, тақтаға және дәптерге жаз: жуас, қалың, тегіс.
6) Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
7) «Аукцион» ойыны
Сатушы аукцион тәртібін түсіндіреді: бір зат көрсетіледі. Сол заттың сындық сапасын кім көбірек айтса, зат соған «сатылады».
Үй
Сиыр
Көйлек
Тамақ
Енді алған «заттарыңды» жоғары көтеріп көрсетіңдер. Білімдерің өмірде қажет болатынын дәлелдедіңдер. Құтты болсын!
8) Терме диктант
Мақал-мәтелдерден сын есімдерді теріп жаз:
1) Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.
2) Өнерлі адам өрге озар, өнерсіз адам жер соғар.
3) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Сабақты қорытындылау
Тест тапсырмалары
-
Зат есім дегеніміз не?
- a) заттың атын білдіреді
- ә) заттың іс-қимылын білдіреді
-
Сын есімді тап.
- a) өнер
- ә) сұлу
- б) бес
-
«Биік» деген сөз қай сөз табына жатады?
- a) сан есім
- ә) етістік
- б) сын есім
-
Сын есім болатын сөзді тап.
- a) үш
- ә) жасыл
- б) санады
-
Сын есімдерді тап.
- a) қызыл, әдемі, тәтті
- ә) дәрі, парта, ойын
- б) барды, келді, оқыды
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және ойындардағы белсенділігі бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
412-жаттығу