Апта күндері арқылы топқа бөлу

Оқыту мақсаттары

Мазмұндау

Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау; үзіндіні мазмұндау.

Сахналау

Оқиға желісін түсініп, рөлге бөліп сахналау арқылы негізгі ойды жеткізу.

Бағалау критерийлері

  • Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындап, нәтижесін ұсына алады.
  • Тыңдаушының назарын өзіне аударып, ойды анық жеткізеді.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылардың бәрі

  • Мәтінді оқиды және түсінеді.
  • Бағалауға қатысады, сұрақ-жауапқа түседі.
  • Топта жұмыс жасайды.

Оқушылардың көпшілігі

  • Тақырыпты болжайды, сөздердің мағынасын түсіндіреді.
  • «Бір күнім» тақырыбында шағын әңгіме жазады.

Кейбір оқушылар

  • Қатесіз жазады.

Өткен сабақпен байланыс

Алдыңғы тақырып: «Аламын білім кітаптан».

Сабақ барысы

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

  • Сыныпты ұйымдастыру, оқу жұмысына бағыттау.
  • Апта күндері арқылы топқа бөлу (1 минут).

Ой сергіту

Бір аптаның күндері өтті: Бейсенбіде бақша баптап, Дүйсенбіде гүлдер ектім. Жұма күні тақпақ жаттап, Сейсенбіде жуа тердім, Сенбіде мен кино бардым, Сәрсенбіде су әкелдім. Жексенбіде бір демалдым.

Үй тапсырмасын тексеру

  • 1-топ: «Кітап» әңгімесін мазмұндау.
  • 2-топ: «Кітапханада» ойынына дайындық.
  • 3-топ: кітапханадан кітап алу ережелерін құрастыру.

«Ақылды доп» ойыны (қорытындылау)

Әңгіменің авторы кім?
Мұқан Иманжанов.
Қай облыста туған?
Қарағанды облысы.
Қандай кітаптары бар?
«Алғашқы айлар», «Шаңғышылар».

Топ атаулары

  • 1-топ: Дүйсенбі
  • 2-топ: Сейсенбі
  • 3-топ: Сәрсенбі

Сабақтың ортасы

30–35 минут

Мағынаны ажырату (ой қозғау)

Жұмбақ

Бір ұяда жеті жұмыртқа. (Жауабы: аптаның жеті күні)

Талқылау сұрақтары

  1. Бір аптада неше күн бар? (7)
  2. Осы 7 күннің атауларын кім айтады? (тақтаға жазу)
  3. Апта күндерін орыс және ағылшын тілдерінде атап көріңдер.
  4. Осы 7 күннің неше күнінде мектепке келесіңдер? Бүгін қай күн?
  5. Осы сұрақтар арқылы бүгінгі тақырыпты болжаңдар.

Тақырыпқа шығу

Бүгінгі сабақ аптаның күндері туралы және соның ішінде мектептегі бір күніміз туралы болады. Оспанхан Әубәкіровтың «Жеті шал» әңгімесімен танысамыз.

Жазушы туралы қысқаша мәлімет

Оспанхан Әубәкіров — Алматы облысында туған балалар жазушысы. «Қоңырау», «Күлкіңіз келе ме?» және басқа да жинақтардың авторы.

Тыңдалым

Оспанхан Әубәкіровтың «Жеті шал» әңгімесін тыңдау, мазмұнын түсіндіру және талқылау.

Дәптермен жұмыс

«Сөздің қабығын аршу» дегенді қалай түсінесің?

  • Сөзді бөліп айту
  • Сөзді созып айту
  • Сөзді түсінікті етіп айту (дұрыс жауап)
  • Сөзді дауыстап айту

Оқушылар дұрыс жауапты таңдап, дәптерге жазады.

Топтық жұмыс

Бағалау: «Бағдаршам»

Тапсырма: аптаның бір күнін таңдап, сол күнгі сабақтар туралы әңгімелеңдер.

Ой толғаныс (жеке жұмыс)

Бағалау: смайлик

Хрестоматиядан М. Жаманбалиновтың «Бір апта» өлеңін оқы. Сол үлгімен өз өлеңіңді құрастырып көр.

Сергіту сәті

«Көңілді күн».

Айтылым (жұптық жұмыс)

Әдіс: сұрақ-жауап

1-топ: Дүйсенбі

  1. Жеті саны қандай сан? Киелі сан.
  2. Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
    • Наурыз көже — жеті түрлі тағамнан.
    • Кемпірқосақтың жеті түсі.
    • Жеті қазына, жеті ата, жеті ырыс.
  3. Жабақтың атасының есімі кім? Сәрсенбі ата.

2-топ: Сейсенбі

  1. Аптаның бірінші күні қандай? Дүйсенбі.
  2. Сен қай күндері мектепке келесің? Дүйсенбі–жұма.
  3. «Сөздің қабығын аршу» дегенді қалай түсінесің? Сөзді түсінікті етіп айту.

3-топ: Сәрсенбі

  1. Сәрсенбі қандай күн? Сәтті күн деп саналады; қазақтар сәтті күні жолға шығады.
  2. Жұма қандай күн? Қасиетті күн; мұсылмандар мешітке барып, құран оқиды.
  3. Сәрсенбі қарт немересіне жеті күннің атын қалай үйретті?

    «О, аңқау балам-ай, жөндеп түсінбегенсің ғой. Дүйсенбі деген шалдың аты емес, күннің аты. Сейсенбі — екінші күн. Сәрсенбі мен емес, ол да күннің аты. Менің Сәрсенбі болып жүргенім — осы сәрсенбі күні туғанмын. Басқа шалдар да солай, балам».

Бағалау

Топтар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы

  • 1-топ: апта күндерін жаттау.
  • 2-топ: мәтінді оқып, мазмұндау.
  • 3-топ: мәтінді сахналауға дайындалу.

Кері байланыс және рефлексия

  • Оқушыларға ауызша кері байланыс беріледі.
  • Әр оқушы рефлексия кестесін толтырады.

Саралау, бағалау және АКТ

Дифференциация

Қабілеті жоғары оқушыларға: «Бір күнім» тақырыбында мазмұнды әңгіме жазу (A, A+ деңгейі).

Бағалау

Жетістік критерийлері, «Бағдаршам» әдісі және смайликтер арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта арқылы тақырыпқа қатысты көрнекіліктер көрсетіледі, электронды оқулық пайдаланылады.

Мұғалімнің рефлексиясына арналған сұрақтар

Ойлану

  • Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары қаншалықты жүзеге асты?
  • Бүгін оқушылар нені үйренді?
  • Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
  • Саралауды тиімді жүзеге асыра алдым ба?
  • Уақытты жоспар бойынша ұстандым ба?
  • Жоспарға қандай өзгеріс енгіздім және неліктен?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсе

  1. ............................................................
  2. ............................................................

Жақсартуға ықпал ететін екі нәрсе

  1. ............................................................
  2. ............................................................

Келесі сабаққа қажет ақпарат

..............................................................................................................