М. Мақатев шығармаларын оқыта отырып, оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, білімге деген құштарлықтарын оятуДамытушылық

Сабақтың тақырыбы

Әлі талай жыр болып жазыларсың…

Сабақтың мақсаты

Білімділік

М. Мақатаев шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын ояту.

Дамытушылық

Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, көркем тілмен еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Сыпайылыққа, ұстанымдылыққа тәрбиелеу; қарсылық білдіргенде дау көтермей сөйлеу әдебін меңгерту, мәдениеттілікке баулу. Жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.

Ұйымдастыру және ресурстар

Сабақтың көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Электронды оқулық
  • Кеспе қағаздар

Сабақтың форматы

Түрі
Аралас сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап, пікірталас, топтық тапсырмалар

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

  2. II. Үй тапсырмасын сұрау

    Үйге берілген М. Мақатаев өлеңдерінен үзінділер оқыту.

  3. III. Жаңа сабақ

    • Мұқағали бейнелерін еске алу
    • Мұқағали қаламынан жыр төгіледі
  4. IV. Сабақты бекіту

    «Не үйрендім, не білдім?»

  5. V. Сабақты қорытындылау

    Тақырып бойынша негізгі ойларды жинақтау, ортақ тұжырым жасау.

  6. VI. Оқушыларды бағалау

    Белсенділік, жауаптың дәлдігі, пікір айту мәдениеті бойынша бағалау.

  7. VII. Үйге тапсырма

    Мұқағали жырларынан қосымша үзінді жаттау және талдауға дайындалу.

Мұқағали Мақатаев туралы қысқаша

Мұқағали Мақатаев — ақын, аудармашы, прозашы. Оның өлеңдері — мәңгілік жауһар. Уақыт өткен сайын бұл жырлар өзіне шексіз дос-сыңар тауып, Хантәңіріндей асқақтап, жыр сүйер қауымның жүрегінен берік орын алады.

Ақын адам жан дүниесіне терең бойлап, ішкі сезім сырын, психологиялық күйін дәл береді. Мұқағали поэзиясында моральдық-этикалық қасиеттер жан-жақты суреттеліп, жағымпаздық, мақтаншақтық, ұрыншақтық секілді мінездер сыналады. Ол оқырманын мұндай қасіреттерден сақ болуға шақырып, адамдық биіктікті қорғайды.

Жаңа сабақ: ақын шығармашылығынан үзінділер

Дін, иман және рухани беріктік

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!

Құбылаға бет алып қол қусырып,

Сәждеге бас қоятын қайда күнім?

Сатпаймын, сатпақ емен дінімді мен,

Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.

Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,

Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.

Бәрі рас айтқанының Ақ Алламның,

Құм менен топырақтан жаралғанмын.

Кішіпейілділік пен адамдық өлшем

Өсіңіз, жетіліңіз, тасқынбаңыз,

Бірақ та биікпін деп мақтанбаңыз.

Сен мықты, анау осал, мен орташа —

Бәріміз бір аспанның астындамыз.

Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,

Шайқаңыз, осы жүріп мейлі.

Ойлаңыз: арзан атақ, сасық ырыс

Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді.

Туған күн туралы ирониялы сыр

Арыз жазып кетейін:

Бүгін менің туған күнім.

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау — шапан», «Мынау — атың, мін!» — демей?!

Өлеңнің миссиясы

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,

Ермек үшін немесе өлмеу үшін.

Жазсам, жазам жырды мен жасырмаймын,

Жаралы жүректерді емдеу үшін.

Ермек үшін белгілі жырламасын,

Ермек десе, ел мейлі тыңдамасын.

Өтсем болды арқалап адамдардың

Қуанышын, шаттығын, мұң-наласын.

Өнер және күндестік

Ойлаңдар, достар,

Өнерде жарыс болмайды.

Өресі жетпей,

Күндестік қылған оңбайды.

Өнерің жетіп,

Өсе алмай қалсаң — сол қайғы.

Күндес таласқан,

Өнерің өнер болмайды.

Қорытынды және үй тапсырмасы

Біз Мұқағали ағамызбен қоштаспаймыз. Бүгінгі сабақта ашылмай қалған сырларын алдағы уақытта тереңірек талдаймыз.

Үйге тапсырма

  • Мұқағали жырларынан айтылмай қалған өлеңдерден үзінді жаттау.
  • Жаттаған үзінді бойынша ой-толғау жасап, қысқаша талдаумен келу.