Табиғаттағы өзгерістерді үнемі бақылап отыру және табиғат апаттарына жол бермеу

Жамбыл облысы, Меркі ауданы

№35 орта мектебінің биология пәні мұғалімі: Тилегенова Қамар Жайлаубайқызы

Сабақ тақырыбы

Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Білімдік мақсат

Оқушылардың экология ғылымының бағыттары, өзекті проблемалары, экологиялық қағидалар және биосфераның біртұтастығы туралы алған білімдерін жинақтап, жүйелеуге бағыттау.

Дамытушылық мақсат

Оқушыларды шығармашылықпен, топтық жүйеде жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсат

Экологиялық тәрбие беру. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, имандылыққа және адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың типі
Қорытындылау, жүйелеу
Сабақтың әдісі
Ой толғау, қорыту
Көрнекілігі
Интерактивті тақта слайдтары, коллекция, суреттер
Пәнаралық байланыс
География, әдебиет

Сабақ эпиграфы

«Өспеген табиғаттың аясында, табиғат сұлулығын аясын ба?!»

Мұзафар Әлімбай

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сабақтың мақсат-міндеттері нақтыланып, оқушылардың назарын тақырыпқа бағыттау жүзеге асырылады.

II. Өткен тақырыптар бойынша қайталау

Сергіту кезеңі сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі: оқушыларды сабаққа жұмылдыру, негізгі ұғымдарды еске түсіру және жауаптарға сүйене отырып тақтадағы жасырын сөздерді ашу.

  1. Экология қандай ғылым?

    Тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын және олардың сыртқы орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым.

  2. Экология ғылымының қандай салалары бар?

    Биоэкология, аутэкология, популяциялық экология, синэкология, адам экологиясы, әлеуметтік экология, геоэкология, ғаламдық экология және т.б.

  3. В. И. Вернадскийдің ноосфера тұжырымдамасы нені білдіреді?

    Болашақта адамзат Жер бетіндегі барлық өзгерістердің негізгі факторы болады.

  4. Экологиялық сауаттылықты қалай түсінесің?

    Экологиялық білімді меңгере отырып, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашу.

  5. Экологиялық мониторингтің мақсаты қандай?

    Табиғаттағы өзгерістерді үздіксіз бақылау және табиғи апаттардың алдын алуға ықпал ету.

  6. Экожүйе деген не?

    Жер шарында зат пен энергия ағындары үздіксіз жүретін табиғи бірлестіктер мен тірі организмдер жиынтығынан тұратын жүйе.

  7. Тіршілік ортасының түрлерін атаңдар.

    Су, топырақ, организмдердің өзі, құрлық-ауа.

III. Жаңа материалды меңгерту

Тірі ағзалар мекендейтін ортада оларға қандай факторлар әсер ететінін түсіну үшін келесі тақырып қарастырылады: орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары.

1) Еске түсіру және мағынаны ашу

Оқушылар мәтіннен тірек сөздерді тауып, анықтамаларын дәптерге жазады және сыныпта талқылайды.

  • Орта факторлары: минимум, максимум, оптимум
  • Төзімділік шегі
  • Шектеуші фактор
  • Экологиялық орын
  • Эпифиттер
  • Фанерофиттер
  • Хамефиттер
  • Гемикриптофиттер
  • Криптофиттер (геофиттер)
  • Терофиттер

2) Кесте толтыру

Экологиялық факторларды жіктеу бойынша кесте толтырылады.

Экологиялық факторлар Түрлері
Абиотикалық Жарық, температура, ылғал, топырақ құрамы, қысым және т.б.
Биотикалық Бәсекелестік, жыртқыштық, симбиоз, паразитизм және т.б.
Антропогендік Адам әрекетінің табиғатқа әсері: ластану, ресурстарды игеру, жер пайдалану өзгерістері және т.б.