Қар адамынан

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы

«Мөлдір» балабақшасы, «Айгөлек» тобы

Тәрбиеші: Бұрханова Райля Биғазизқызы

Сабақ тақырыбы: «Жапалақтап жауған қар»

Білім беру саласы

Шығармашылық

Бөлімі

Жапсыру

Мақсаты

  • Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
  • Қысқы табиғат көрінісін және қысқы ойын түрлерін атай білуге үйрету.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілікті арттыру.
  • Жапсыру дағдыларын меңгерту, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Алдын ала жұмыс

Балаларға қар туралы әңгімелеп, бастапқы түсінік беру.

Қажетті құрал-жабдықтар

Қыс көрінісі (сурет/макет) Шыршалар, ағаштар Қардың үлгісі Көк және ақ қағаз Желім Қол сүрткіш Жапсыру үлгісі

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі — «Шаттық шеңбері»

Амандасу — үлкенге, тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнекей бәріміз, сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Жұмбақ-өлең

Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарда омбығып, бет домбығып,
Балалар сырғанап ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Балалар: Қыс мезгілінде.

2) Әңгімелесу — қыс туралы сұрақ-жауап

Тәрбиеші: Қыс мезгілінің неше айы бар? Атап көрейікші.

Балалар: Үш айы бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Суық болады, қар жауады, боран соғады, адамдар қалың киім киеді.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

Балалар: Шаңғы тебеміз, шана тебеміз, коньки тебеміз, сырғанаққа сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қар лақтырып ойнаймыз.

Тәрбиеші: Қар қандай болады?

Балалар: Ақ түсті. Ұлпа қар, омбы қар, жапалақтап жауатын қар болады. Қолға ұстаса ериді, суық болады, жылтырайды.

3) Қызықты сәт — хат келді

(Есік қағылып, хат тасушы келеді.)

Хат тасушы: Бұл қай балабақша? Уф, әрең жеттім-ау. Сіздерге хат келді.

Балалар: «Мөлдір» балабақшасы, «Айгөлек» тобы.

Тәрбиеші: Рахмет сізге.

Хат тасушы: Сау болыңыздар, балалар!

Хат мазмұны

Сәлеметсіздер ме, балалар! Қалдарың қалай?
Сендерге хат жолдап отырған — Қар адамы.

Дорбаны ашып қарасаңдар, сендерге арнайы сиқырлы қар жасайтын құрал-жабдықтар бар. Егер сендер оны әдемі етіп жасап шығарсаңдар, мына сандық ашылып, сыйлыққа ие боласыңдар.

4) Түсіндіру — қар туралы қысқаша мәлімет

Қар ұлпалары әртүрлі болады: кейбірі жалпақ, кейбірі ине пішіндес; ұсақ та, ірі де кездеседі. Күн жылы болып, аяз бәсең кезде қар жапалақтап жауады. Ал қатты суық, аязды күндерде қар қиыршық түрінде түседі. Аяз күндері аяқ астындағы қар сықырлайды.

Сұрақ: Қыста күннің көзі шыға ма?

Жауап: Иә, шығады.

Сұрақ: Неге жерді жылытпайды?

Жауап: Қыс мезгілі суық болғандықтан, күн жерді жеткілікті жылытпайды.

5) Сергіту сәті

Тоңса біздің қолымыз — қолғап киіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт — шапалақтап соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз — етік киіп аламыз.
Топ-топ-топ — билеп-билеп аламыз.

Тоңса біздің денеміз — тонды киіп аламыз.
Зу-зу-зу — шанамызбен зулаймыз.

6) Шығармашылық жұмыс — жапсыру

Енді оқу іс-әрекетімізді жапсырумен жалғастырамыз. Үлгі ретінде тақтада қарды жапсыру жолы көрсетіледі. Балалар өз беттерінше жұмыс орындайды.

Нәтиже

Жапсыру дағдылары нығаяды

Даму

Ұсақ саусақ моторикасы дамиды

Тәрбиелік мәні

Табиғатқа сүйіспеншілік артады

7) Қорытынды

Бүгін не жапсырдық?
Жапалақтап жауған қардың бейнесін.

Хат кімнен келді?
Қар адамынан.

Енді сабағымызды шаттық шеңберімен аяқтаймыз:

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.