Құлпынайдағы жасырынған санды тап

Сабақтың тақырыбы

10 көлеміндегі кестелік қосу және азайту.

Мақсаты

  • 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін бекіту; санды өрнектермен жұмыс, сандарды салыстыру, есеп шығару және есеп құрастыру дағдыларын дамыту.
  • Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін арттыру; өздігінен жұмыс орындап, қорытынды жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Таза әрі көркем жазуға баулу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ассоциация, талдау-жинақтау.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақтың өтілу барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру: оқу құралдарының толықтығын анықтау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері (өлең жолдары)

Қайырлы таң, достарым.

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

II. Жаңа сабақ

1) Дәптермен жұмыс

Күннің реті • Көркем жазу

Көркем жазайық!

Тізбектеліп сән құрып,

Көркем сандар келеді.

Зерек шәкірт әрине,

Жазылуына көңіл бөледі.

Қолына қаламсап алып,

Үлгімен жазып үйренеді.

Үлгі

9 — 9 — 9 — 9 — 9

  • 9 — бірлік сандардың ең үлкені.
  • 9 — тақ сан.
  • 9 санының көршілері: 8 және 10.

2) Ребус шешу

«Өрмек» (өрмек суреті + «м», «н» әріптері) арқылы сөз құрастыру және мағынасын талқылау.

3) Ассоциация құру

«Қосу», «азайту», «10 көлемі», «өрнек», «есеп» ұғымдары бойынша ассоциациялық қатар жасау.

4) Оқулықпен жұмыс (1-мысал)

Өрнектерді пайдаланып, теңсіздіктер құрастыру:

5 + 4
6 − 3
8 + 2
9 − 5
4 + 3
2 + 4

5) Сергіту сәті

Қорбаңдаған қонжықтың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

6) «Ойнайық, ойланайық»

Құлпынайдың ішіне жасырылған санды тап (логикалық ойлау мен зейінді дамытуға арналған тапсырма).

7) «Жасырынған сөзді тап» ойыны

Үлгі

4 — 2 — 4 — 5

Е — С — Е — П

«Есеп» ұғымын талқылау: есеп неден тұрады?

  1. 1 Шарты
  2. 2 Сұрағы
  3. 3 Шешуі
  4. 4 Жауабы

8) Дәптермен жұмыс (ауызша)

2–4 оқушыға ауызша есептің шартын құрастыру тапсырмасы беріледі.

2-есеп

Қысқаша жазуы бойынша есеп құрастыру және шешу:

а)

Болғаны — 6

Келді — 3

Барлығы — ?

6 + 3 = 9

Ж: барлығы 9 бала.

ә)

Болғаны — 8

Кетті — 2

Қалды — ?

8 − 2 = 6

Ж: қалғаны 6 бала.

9) Электронды оқулықпен жұмыс

Санның құрамы бойынша мысалдар шығару. Өзіндік жұмыс:

1-топ

9 санының құрамын жазу

2-топ

7 санының құрамын жазу

3-топ

10 санының құрамын жазу

III. Қорытынды

  • Бүгінгі сабақта 10 көлеміндегі қосу мен азайтуды қайталап, өрнектермен және теңсіздіктермен жұмыс жасадық.
  • Есептің құрылымын (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы) нақтылап, қысқаша жазу арқылы есеп құрастыруды үйрендік.

IV. Үйге тапсырма

Оқулықтан берілген тапсырмаларды орындау; 10 көлеміндегі қосу және азайту кестесін қайталау.

V. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындау дәлдігі мен ұқыптылығы, өздігінен жұмыс істеуі ескеріле отырып бағаланады.