Залыммен жақын болсаң, Басың кетер

Ғылым мен білім туралы нақылдар

Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер; залыммен жақын болсаң, басың кетер.

Ғылым — теңіз, білім — қайық.

Кітап — тілсіз мұғалім, ғылымның сенімді жолбасшысы.

Ғылым — гауһар: бағасы жоқ. Надандық — кесел: дауысы жоқ.

Өнер — ағып жатқан бұлақ, ғылым — жанып тұрған шырақ.

Бақыттың белгісі — ғылым мен ақыл.

Негізгі ой

Ғалымға жақындасаң — жолың ашылады; залымға жақындасаң — өзіңе қауіп төнеді. Ғылым адамды биіктетеді, ал надандық тұйыққа тірейді.