Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі

Сабақтың тақырыбы

«Тәуелсіздік — тірегім, елім деп соққан жүрегім»

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге; Қазақстанның ұлттық нышандарын қастерлеуге; жерін, табиғатын және байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу.
  • Өз елін, жерін қорғай білетін, ел болашағын ойлайтын, ұлтжанды, патриоттық сезімі қалыптасқан; ойын анық әрі көркем жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

Әр топтың шығарған газеттері Слайд

Өтілу барысы

Кіріспе

Құрметті мұғалімдер мен оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік — тірегім, елім деп соққан жүрегім» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!

  • 16 желтоқсан қандай күн?
  • Тәуелсіздікті қашан, қай күні алдық?

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік алғанымызға 23 жыл толды. Тәуелсіздік — біздің ең басты бақытымыз.

1991 жылғы 16 желтоқсан — тарихымыздағы ұлы күн. Дәл осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.

Тәуелсіздікке бастар жол жеңіл болған жоқ: бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры талқыға түсті.

Желтоқсан оқиғасы (1986)

Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылғы 17–19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.

Назарға

Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі.

Көтерілістің басталуына түрткі

Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспай, Ресейдің Ульянов облысы партия комитетінің 1-хатшысы Г. В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы.

Бейнесюжет

Ендеше, осы тұста Желтоқсан оқиғасы туралы бейнесюжетке назар аударайық.

Тағзым

Ғасырлар бойғы езгіге қарсы тұрған қазақ халқы Мәскеудің өктемдігіне наразылық білдіріп, табанға тапталып бара жатқан тілі мен дінінің, ұлттық болмысының сақталуына жүрек үнін қосты. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толды.

Алаңға шығып, өз ойын айтуға тырысқан қарусыз қазақ жастарына мұздай қаруланған солдаттар мен полиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттер аяусыз соққыға жығылып, түрмеге қамалды.

Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира сынды өмірі енді ғана өркен жайған жастардың ғұмыры көктей солды. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан жазықсыз құрбандардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

1 минут үнсіздік жарияланады.

Біз әрдайым жігіттердің жүректі үніне, қыздардың ел намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.