Атаның баласы
Сабақ тақырыбы: лиро-эпостық жырлар
Негізгі мәліметтер
- Сынып
- 8
- Күні
- —
- Қатысқан оқушылар саны
- —
- Қатыспаған оқушылар саны
- —
Мектеп
№5 мектеп-гимназия КММ
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім: Шатемірқызы Ақмарал
Оқу мақсаттары (бағдарламаға сілтеме)
О.8.3.3.1
Прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау; кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкер образына баға беру.
О.8.3.5.1
Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу; ерекшеліктерді бақылау.
Сабақ мақсаттары (барлығы)
Автордың көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды.
Сабақ мақсаттары (көбі)
Пікірін сенімді дәлелдейді; демеулік шылаулардың қызметін біледі.
Сабақ мақсаттары (кейбірі)
Мәтіндерді талдап, салыстырады; демеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.
Бағалау критерийлері
- Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқиды, көтерілген мәселелер бойынша ақпарат береді.
- Негізгі ойды анықтайды, сұрақтарға еркін жауап береді.
- Өз ойын жүйелі жеткізеді.
Құндылықтар
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Тілдік мақсат
Пәнге тән лексика мен терминология
Диалог пен жазуға пайдалы сөздер
Лиро-эпостық жырлар туралы қысқаша түсінік
Лиро-эпостық жырлар (ғашықтық жырлар) — лирикалық та, эпикалық та сипатқа ие шығармалар. Оқиға желісі бір-бірін шынайы сүйген екі жастың махаббатына құрылады. Көп жағдайда кейіпкерлер сүйгеніне қосылуды аңсап, ескі салт-сананың қысымына қарсы тұрады; оқиға көбіне трагедиялық аяқталумен сипатталады.
Бұл жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі мен көңіл күйі кең суреттеледі. Әдетте, бақытқа кедергі келтіретін күш ретінде ата-ананың қарсылығы, қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы немесе екі рудың араздығы көрсетіледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың басы
Психологиялық ахуал (раппорт)
Оқушылар шеңберге тұрып, бірге айтады:
- Біз қазақ тілін жақсы көреміз.
- Қазақша сөздік қорымыз күннен күнге көбейіп келеді.
- Бүгін мақсатымызға жетеміз.
Қызығушылық ояту және үй тапсырмасын қайталау
Сұрақ
Халық ауыз әдебиеті деген не?
Дескриптор: сұрақтарға жауап береді.
«Кім жылдам?» (лексикалық минимум)
Мақсаты: берілген сөздердің қазақша/орысша сәйкестігін табу және мағынасын бекіту.
- любовь
- чувство
- сверстники
- совесть
- невеста
- ізетті
- подросток-девочка
- наследственность
- жена старшего брата
Сұрақ
Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
Дескриптор: сұрақтарға жауап береді.
Мадақтау
Үй жұмысын жақсы орындаған оқушыларға қолдау сөздері айтылады: «Жарайсың!», «Күтпеген едім!», «Сен талаптысың!»
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
Тақырып: Лиро-эпостық жырлар
Мақсат: лиро-эпостық жырлар туралы білімімізді кеңейту.
Мәтіналды жұмыс және оқылым
Жаңа сөздер
Мұғалім интерактивті тақта арқылы жаңа сөздермен таныстырады. Оқушылар аудармасын оқулықтан тауып, қайталайды және сөздік дәптерге жазады.
Оқылым (3-тапсырма)
Мәтінді оқып, тақырып қойыңыз. Оқушылар мәтінді аударып, түсінгенін қысқаша баяндайды.
1-топ
Тірек сөздерді табу.
2-топ
Жоспар құру.
3-топ
Диаграмма толтыру.
Дескриптор
- Сызба жасайды, ізденеді, толтырады.
- Тірек сөздерді табады.
- Жоспар құрады.
Жазылым
2-тапсырма
Қажетті етістіктерді қойып, мақал-мәтелдерді толықтырып жазыңыз.
-
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар. -
Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі. -
Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол. -
Ақылды адам айтқызбай біледі.
Дескриптор
- Қажетті етістіктерді дәл табады.
- Мақал-мәтелдерді сауатты жазады.
Қалыптастырушы бағалау
Топ басшылары бір-бірінің жұмысын түрлі түсті стикерлер арқылы бағалайды.
Кері байланыс және сергіту
«Аяқталмаған ой» әдісі
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, топтағы жұмыс барысын тізбектейді:
Алдымен, біз … деп ойладық.
Кейін мынадай мәселе пайда болды: …
Мәселені шешу үшін … жасадық.
Бұдан біз … көрдік.
Демек, бұл … екенін білдіреді.
Сонымен, біз … деген қорытындыға келдік.
Физминут: «Қарын мен төбе»
Мидың екі жартышарын қатар іске қосуға арналған жаттығу:
- Оң қолмен басты шапалақтау, сол қолмен ішті сипау.
- Мұғалімнің белгісімен қолды тез алмастыру: сол қолмен басты шапалақтау, оң қолмен ішті сипау.
- 4–5 рет қайталау.
«Бір сөзбен» әдісі
Оқушылар тапсырманы қалай орындағанын бір сөзбен сипаттайды.
«Ойтаразы»: бес саусақ тәсілі
Оқушылар сұрақтарға қысқаша жауап жазады:
Бас бармақ — басты мәселе
Бүгін сабақта қай мәселе өте құнды болды?
Балаң үйрек — бірлесу
Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім?
Ортан терек — ойлану
Мен бүгін қандай білік-дағдыға ие болдым?
Шылдыр шүмек — шынайылық
Маған сабақ ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек — көңіл күй
Сабақта өзімді қалай сезіндім?
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы 4-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты және орындау жолы түсіндіріледі.