Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстан туралы суреттер
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан — егеменді ел.
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың бойында көпұлтты, егемен Қазақстанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
- Танымдық белсенділікті арттыру.
- Қазақстан картасымен жұмыс істей білуге үйрету.
- Бақылау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.
Ұйымдастыру және ресурстар
- Сабақ түрі
- Жаңа сабақ
- Әдісі
- Топпен жұмыс
- Көрнекілік
- Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстан туралы суреттер
- Пәнаралық байланыс
- География, әдебиет
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: «Біз қандаймыз?» тренингі.
Тренинг мәтіні
Талабы биік таудаймыз.
Мың бұралған бишіміз.
Күмбірлетер күйшіміз.
Біз қызықпыз, қызықпыз — сәл еркелеу, бұзықпыз.
Біз шеберміз, ақылдымыз, парасаттымыз, көңілдіміз.
Ізгі нұрмыз.
Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқоршымыз.
Жақсылықты ұнатамыз, жамандықтан тез қашамыз.
Көп оқимыз, өнерліміз.
Жанып тұрған шырақпыз, толқынды су бұлақпыз.
Елімізді өркендететін, бабаларға тағзым ететін, аналарға бас иетін ұрпақпыз.
Елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбаттымыз.
Біз — қазақ елінің болашағымыз!