Айтып беріңдерші
Ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Негізгі мәліметтер
- Топ
- «Жұлдызша» ІІ кіші тобы
- Тәрбиеші
- Нуредилова Н. К.
- Білім салалары
- Әлеуметтік орта, Денсаулық, Шығармашылық, Таным
- Бөлімі
- Қоршаған ортамен таныстыру
- Тақырыбы
- Жайлауға саяхат
Мақсаты
- Балаларға жайлау туралы түсінік беру.
- Әңгімелесу арқылы тілін дамыту, көркемдік талғамын арттыру.
- Үй жануарларымен таныстыру, оларды ажырата білуге үйрету.
- Төрт түліктің пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.
Көрнекіліктер
Киіз үй керегесі, сандық, домбыра, көрпелер, жайлаудағы үй жануарларының үлгілері, мнемотехника кестесі, ат-арба, «көрпешек» тастар, карточкалар, «такси» атрибуты, руль.
Оқу қызметінің кезеңдері
1) Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Тәрбиешінің сөзі
Арайлап бүгін таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жадырайды даламыз.
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, қонақтар!
Балалардың әрекеті
Балалар тәрбиешінің соңынан қайталап айтады және шаттық шеңберін орындайды.
2) Ұйымдастырушылық-ізденістік
Сұрақ-жауап, мнемотехника, саяхат
Тәрбиешінің қызметі
Жыл мезгілі туралы әңгіме
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілінің басқа мезгілдерден қандай айырмашылығы бар?
Мнемотехника арқылы тақпақ
Алма пісті, алмұрт пісті, жерге түсті.
Қияр пісті, қауын пісті — қандай күшті!
Саяхатқа дайындық
— Бүгінгі сабағымыз ерекше: қонақтар келді. Біз жайлауға саяхатқа шығамыз. Қазір күз болғандықтан, бас киім мен мойын орағышты киіп алайық.
— Жайлауға көлікпен барамыз. Мынау қандай көлік?
(Балалар автобусқа мінеді, әуен қосылады.)
Жолдағы тапсырма
— Аялдамаға жеттік. Енді әрі қарай жаяу жүреміз. Мына жерде балшық бар. Балшық жаңбырдан кейін пайда болады. Тепе-теңдікті сақтап, тастарды басып өтейік.
Киіз үйге жақындау
— Ана жақтан киіз үй көрініп тұр. Жақындап барайық. Киіз үйдің ішінде ата мен әже отыр.
— Балалар, ата мен әжемен амандасайық. Ұлдар атамен қол алысады.
Диалог және төрт түлікпен танысу
Әже: Амансыңдар ма, балалар!
Тәрбиеші: Аманбыз. Біз бүгін жайлауға саяхатқа шықтық. Үй жануарларын көруге келдік.
Ата: Жақсы, балалар. Қазір сендерге жайлауда жүрген үй жануарларымды көрсетемін. Алдымен оларды шақырайық.
Сиыр
Шақыру: «аухау-аухау» • Дыбысы: мөңірейді
Пайдасы: сүтінен қаймақ, май, айран, ірімшік, құрт; ет алынады.
Қой
Шақыру: «пұшайт-пұшайт» • Дыбысы: «мә-мә-мә»
Пайдасы: жүні мен еті пайдалы.
Түйе
Шақыру: «қос-қос»
Пайдасы: әже түйенің пайдасы туралы әңгімелейді.
Ешкі
Шақыру: «шөре-шөре»
Пайдасы: әже ешкінің пайдасы туралы әңгімелейді.
Жылқы
Шақыру: «құрау-құрау»
Пайдасы: әже жылқының пайдасы туралы әңгімелейді.
Балалардың тақпақтары
Әже балалардан төрт түлік туралы тақпақ білетін-білмейтінін сұрайды. Балалар кезекпен айтады:
Айсұлу
Қой баласы қоңырым,
Қойдан жуас момыным,
Шопан ата түлегі,
Қошақаным, қайдасың?
Әмір
Қара көзің мөлдіреп,
Жібек жүнің желбіреп.
Жел-жеңіл етіп желесің,
Енеңе еріп келесің!
Арсен
Құлын, құлын, құлыншақ,
Шапқылайсың даламен.
Дос болайықшы, құлыншақ,
Мен сияқты баламен.
Назерке
Тентек болма, ақ бұзау,
Еріншек болма, ақ бұзау.
Кең далада сенімен,
Жарысып мен жүгірем.
Кері байланыс
Әже балаларды мақтап, тақпақтарының ұнағанын айтады.
Қоштасу және қайту
Тәрбиеші ата мен әжеге алғыс айтып, балабақшаға қайтатындарын жеткізеді: күз мезгілі болғандықтан, балалар тоңып қалмауы керек.
Әже балаларға кәмпит таратады. Ата балабақшаға тез жету үшін ат-арбамен жеткізіп салатынын айтады.
(Балалар ат-арбаға мініп, «Төрт түлік» әнін айтады. Атаға рақмет айтып, қоштасады.)
Балалардың қызметі
Сұрақтарға жауап
- Қазір — күз мезгілі.
- Күзде жапырақтар сарғайып түседі.
- Жемістер мен көкөністер піседі.
- Адамдар жылы киінеді, жаңбыр жиі жауады.
- Құстар жылы жаққа ұшады.
Саяхат барысындағы әрекеттер
- Автобусқа мініп, әуенмен бірге жол жүреді.
- Балшықтан өту кезінде тепе-теңдікті сақтап, тастарды басып өтеді.
- Ата мен әжемен сәлемдеседі, ұлдар атамен қол алысады.
- Төрт түлікті шақыру сөздерін қайталап, дыбыстарын тыңдайды.
- Тақпақтарын айтып береді, қоштасады, кәмпит алады.
Назар аударатын дағдылар
Жайлау туралы түсінік қалыптастыру, үй жануарларын тану, төлдерін ажырату, үлкендермен дұрыс амандасу.
3) Рефлексиялық-түзетушілік
Қорытынды және ойын
Қорытынды сұрақтар
— Міне, балалар, балабақшаға да келдік. Бүгінгі күн қызық болды ма?
— Қандай үй жануарларымен таныстық?
Дидактикалық ойын: «Төлін тап»
Балалар жануарлардың төлдерін сәйкестендіріп, өз жауаптарын айтады.
Күтілетін нәтиже
- Біледі
- Үй жануарларын таниды, төлдерін ажыратады.
- Игереді
- Төлдердің дыбыстау ерекшеліктерін меңгереді.
- Меңгереді
- Үлкендермен сәлемдесу мәдениетін және үй жануарларының пайдасын түсінеді.