Балаларды санау арқылы топқа бөлу

Сабақтың мақсаты

Тақырып

Ы. Алтынсарин — «Бір уыс мақта»

Мақсат

  • Оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелеп беруге үйрету, таныс ертегіні суреттер арқылы айтып беруге талпындыру.
  • Балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, тыңдау дағдысын жетілдіру.
  • Еңбекқорлыққа, үнемшілдікке және шығармашылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік

  • Слайдтар
  • Ертегілерден үзінділер
  • Ы. Алтынсариннің суреті

Сөздік жұмыс

Шапан

Астарына жүн не мақта салып, сырып тігілген сырт киім.

Мақта қиқымы

Мақтаның қалдығы, бір нәрсенің қалдығы.

Мамық

Құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер бойына тұрып, өз аттарын айтады. Санау арқылы топтарға бөлінеді және әр топ өзіне атау қояды.

Топтарға арналған сұрақтар

1-топ

Жыл мезгілдерін ата.

2-топ

Қазір жылдың қай мезгілі?

3-топ

Қыс мезгілінің айларын ата.

4-топ

Бүгін аптаның нешінші күні, қалай аталады?

Дұрыс жауап берген бала топ басшысы болады. Жауап берген балаларға жұлдызшалар беріліп отырады.

Автор туралы

Ыбырай Алтынсарин кім?

  • Тұңғыш ағартушы-педагог, оқулықтар жазған.
  • 1841 жылы Қостанай өңірінде дүниеге келген.
  • Мектеп ашып, білім беруді дамытуға үлес қосқан.
  • Ақын әрі жазушы.

Тапсырма

Әр топ Ы. Алтынсарин туралы қысқаша әңгіме құрап айтады.

Негізгі бөлім: «Бір уыс мақта»

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде тіл дамыту жұмысы арқылы Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесімен танысамыз. Мұғалім әңгімені оқып береді, түсіндіреді және сұрақтар қояды. Әр топтан бір бала жауап береді.

Түсінуді тексеру сұрақтары

  • Үйде анасы мен қызы не істеп отыр еді?
  • Қыз артық мақтаны не істеді?
  • Мақтаны іліп алып кеткен не?
  • Торғайға мақта не үшін керек болды?

Сергіту сәті

Қырға шықсаң өрлеп (қолдарын кезек жоғары көтереді)

Мұның аты — еңбек (екі қолын жаяды)

Кесте тіксең зерлеп (оң қолмен ине ұстап тіккен қимыл көрсету)

Мұның аты — еңбек (екі қолын жаяды)

Сабағыңа жөндеп (жанындағы көршісіне қолын жаяды)

Әзірленсең — еңбек

Қиындықтың бәрін (құшағын жаяды)

Еңбек қана жеңбек (екі қолын жаяды)

Қорытынды

Нені түсіндік?

  • Еңбек ету — жетістікке жетудің негізгі жолы.
  • Үнемшіл болу — ысырапшылдыққа жол бермеу.
  • Жаратылғанның ешқайсысы керексіз емес: әр нәрсенің өз пайдасы бар.

Өмірмен байланыс

Мысалы, мата қалдықтарынан көрпе құрауға болады. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізеді.