Кітапты жарықта

Мәлімет

Мектеп
Қарағанды қаласы, №20 орта мектеп
Пән
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Асанова Гульмира Сейсембаевна

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Кітап туралы білімді жүйелеу, жинақтау және бекіту.

Дамытушылық

Тақырып бойынша оқушылардың сөйлеу мәдениетін және сауатты жазу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Кітапты бағалауға, жақсы мен жаманды ажыратуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың типі

Білімді жүйелеу сабағы.

Көрнекілік

Интерактивті тақта, слайдтар, карточкалар.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ–жауап
  • Әңгімелесу
  • Фонетикалық жаттығулар
  • Деңгейлік тапсырмалар орындау
  • Мәнерлеп оқу

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныппен қысқа әңгімелесу: «Қазір қандай сабақ?», «Қазақ тілі нешінші сабақ?», «Сыныпта кім кезекші?», «Кім жоқ?», «Қазір жылдың қай мезгілі?», «Күз айлары қандай?», «Бүгін нешесі?», «Аптаның қай күні?»

2) Үй жұмысын тексеру

«Әмбебап дүкенінде» тақырыбы бойынша өзара сөйлесу. Жауаптарды бағалау.

3) Жаңа тақырыпқа кіріспе: сөздік жұмысы

білім

знание

бағалы

ценный

алдымен

сперва, сначала

көркем

художественная

мәдениет

культура

шығармалар

произведения

1-тапсырма: мәтінді түсініп оқу

«Кітап оқу — өнер»

Білім — адам үшін ең бағалы іс. Сол білімді тарататын құралдардың бірі — көркем әдебиет.

Әрбір адам алдымен әдебиетті жақсы білуі керек. Әдеби шығармаларды оқу арқылы біз көркемдікті, жақсы мен жаманды түсінеміз.

Кітапты түсініп оқу қажет. Оның мазмұнын жазып немесе біреуге айтып бере алатындай деңгейге жету керек.

Сондықтан көркем шығармаларды көп оқып, кітапты бағалай білуге тиіспіз.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Қосымша: «Кітап дүкенінде» тақырыбына диалог құрастыру

Жұппен жұмыс.

2-тапсырма: диалогты оқып, толықтыру

Сәлем!

Сәлем!

Сен бүгін кітап дүкеніне барасың ба?

Иә, мен бүгін кітап дүкеніне барамын.

Дүкеннен не сатып аласың?

Қазақ тілі кітабын сатып аламын.

Жақсы, сау бол!

Сау бол!

3-тапсырма: сөздерді орнына қойып жазу

таза ұстама жазба мұқабасын оқы
  1. 1 Әрбір кітапты ... сақта.
  2. 2 Кітапты кір қолыңмен ... .
  3. 3 Кітапқа атыңды ... .
  4. 4 Кітабыңның ... қаптап ал.
  5. 5 Кітапты жарықта ... .

4-тапсырма: мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып, кітаптың қандай қасиеті бар екенін айтып беріңдер.

Кітаптан не іздесең, бәрін табасың. Ол — білімнің жолдасы. Ол — ғылымның ордасы.

Асыл дос пен шынайы адамгершілік үлгісін кітаптан табуға болады. Кітап — шебер ұстаз. Кітап — ұлы үйретуші.

Есіңде сақта!

  • Күш — білімде, білім — кітапта.
  • Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде.
  • Жаста оқыған білім — тасқа жазғанмен бірдей.

6-тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою

Көп нүктенің орнына оң жақтағы сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Таңдау сөздері

сөреден менен кітапхананың жолдасымнан
  1. Мен кеше ... кімнен хат алдым.
  2. Гүлсім ... ненің оқу залында ... оқып отыр.
  3. Ол ... кімнен екі жас үлкен.
  4. Мұғалім журналды ... неден алды.

7-тапсырма: жұмбақтың шешуін табу

Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.

Жауабы

Кітап

Қорытынды

Үйге тапсырма

«Кітап дүкенінде» тақырыбы бойынша сұхбат құрастыру.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырма орындауына қарай бағалау.

Сау болыңыздар, балалар!