Басты кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету
Білім саласы
Коммуникация
Мотивациялық қозғаушы кезең
Педагогтің сұрақтары
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Көңіл күйлерің қалай?
- Бүгінгі оқу қызметіне дайынсыңдар ма?
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, Жарқыраған күнге!
Жыл мезгілдерін қайталау
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар? Айтайық.
Бүгін бізге бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлер қонаққа келді. Бұл жолы бауырсақты ешкім жемейді — керісінше, кейіпкерлер оған көмектеседі. Мен сендерге осы кейіпкерлер туралы ертегі айтып беремін.
Ізденушілік-ұйымдастырушылық кезең
Ертегінің басталуы
Ертеде Ата мен Әже өмір сүріпті. Бір күні Ата Әжеден бауырсақ пісіруін сұрайды. Әжесі қапшықтың түбін қағып-қағып, бауырсақ пісіреді де, суысын деп терезе алдына қояды. Бауырсақ өте әдемі сарғыш түсті болып пісіпті.
Бауырсақтың сөзі
Маған терезе алдында отыра берген ұнамайды. Ойнағым келеді. Маған бостандық керек. Сендер маған бөгет бола алмайсыңдар.
Қоянның ескертуі: ауладан алысқа шықпа
Бауырсақ терезеден секіріп түсіп, жолға шығады. Асфальтқа бормен сурет салғысы келіп, ауладан жолға қарай домалап кетеді. «Ой, сурет салуға қандай тамаша жер!» — деп ойлайды.
Қоян
Бауырсақ, бауырсақ, ол жер өте қауіпті! Саған бекер айтқан жоқ: ауладан ұзап кетпе. Көліктің астына түсіп қаласың.
Бауырсақ
Мен мұндай ауа райында терезе алдында отырғым келмейді. Далада ойнағым келеді.
Бірақ жол бойында сурет салу бауырсаққа ұнамайды: машиналар жүріп, сигнал беріп, кедергі жасайды. Бауырсақ өз ауласына қайтқысы келеді, Ата мен Әжені көргісі келеді де, қайтадан жолға домалай жөнеледі. Сол сәтте бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрған еді. Абырой болғанда, ешқандай жамандық болмады.
Қасқырдың ақылы: бағдаршамды тыңда
Қасқыр
Бағдаршам саған көмек береді. Жасыл шам жанғанда еркін өт, бірақ жолда ойнама. Ал қызыл шам жанса, орныңда тұр да машиналарды өткіз.
Бауырсақ
Мен мұндай ауа райында терезе алдында отырғым келмейді. Далада ойнағым келеді.
Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»
Балалар ашық алаңда еркін ойнайды: гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді. Тәрбиеші «Жаңбыр жауды!» дегенде — балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. «Күн шықты!» дегенде — қайта алаңға шығып, ойынды жалғастырады.
Мақсаты:
Балалардың табиғат құбылыстарын сезіне білуін дамыту.
Аюдың көмегі: жер асты өткелі
Бауырсақ әндетіп келе жатып, артына бұрылса — машиналар зулап жақындап келеді. Қорқып кетеді: «Ата мен Әжеге қалай жетем?» дейді. Ал алдыңғы жағына қараса, бағдаршам көрінбейді. Сол кезде жол бойымен қорбаңдап аю келе жатады.
Аю
Бауырсақ, қорықпай жүре бер. Ана жерде жер асты өткелі бар.
Бауырсақ
Мен мұндай ауа райында терезе алдында отырғым келмейді. Далада ойнағым келеді.
Бауырсақ тыңдамаған соң, аю ренжіп кетіп қалады. Бауырсақ болса одан сайын қорқады. Ол Ата мен Әжесін, өз үйін сағынады. Жолда жүру ережелерін білмегендіктен, қатты қиналып, үйіне жете алмайды.
Сергіту сәті
Біз орманға барамыз, Жан-жағымызға қараймыз. Аю шықты қорбаңдап, Қасқыр шықты ырылдап: Ыр-ыр-ыр-ыр-ыр. Түлкі шықты майысып, Қоян шықты секіріп. Қорықпаңдар, балалар, Қарап, қарап алыңдар!
Түлкінің шешімі: жаяу жүргінші өткелі
«Мүмкін, түлкі көмектесер», — деп ойлайды бауырсақ. Сол сәтте шынында да түлкі келе жатады.
Түлкі
Бауырсақ, зебраға ұқсас жолақ — ол сен үшін жасалған. Оны білген адам айналып өтпейді: ең қауіпсіз жол — жаяу жүргінші өткелі.
Қорытынды ой
Бауырсақ жолда жүру ережелерін сақтамау өте қауіпті екенін түсінді. Ол енді ешқашан жол ережесін бұзбауға және барлық ережені мұқият үйренуге уәде берді. Сөйтіп, бауырсақ бағдаршаммен дос болыпты.
Автор туралы мәлімет
Қарағанды қаласы
КМҚК «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі
Адилова Нуржанат Сагатбековна