Балалар сендер мені оқыдыңдар
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы • №26 мектеп-гимназия • Бастауыш сынып мұғалімі: Батаева Үміткен Еркінқызы
Бұл мәтін — «Әліппемен қоштасу» мерекелік кешінің сценарийі. Оқушылардың алғашқы қадамдары, ата-ана мен ұстазға алғыс, ертегі кейіпкерлері арқылы тапсырмалар орындау, білімге ынта ояту идеясы бір арнаға тоғысады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Тойымызға қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріміздің қадамдарына сәттілік тілейміз. Бүгін сіздерді алғашқы айларда үйренген өнерін тамашалауға шақырамыз.
Балаларыңыздың осы қара шаңыраққа аттаған қадамдары құтты болсын. Тойларыңыз тойға ұлассын! Бүгінгі мерекеміз ерекше: біз ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз.
Көздеріңізді жұмып, ертегілерді елестетіңіздер. Қандай ертегі естеріңізге түсті? Бүгін біз «Бауырсақ» ертегісінің желісімен тапсырмалар орындаймыз.
Ертегіге саяхат: «Бауырсақ»
Басталуы
Ерте, ерте, ертеде шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал: «Кемпір, қарным ашты, бауырсақ пісірші!» — дейді. Кемпір: «Үйде ұн жоқ», — дегенде, шал: «Қаптың түбін қырып ал!» — депті.
Кемпір бауырсақ пісіріп, терезе алдына суытуға қояды. Бауырсақ домалап жерге түсіп, қашып кетеді. Жол-жөнекей әндетіп келе жатып, мерекеге тап болады: «Ой, мұнда той болып жатыр екен! Бұл қандай той?» — деп сұрайды.
Балалар: «Бұл — Әліппемен қоштасу тойы!»
Қасқырмен кездесу: өлең мен ән
Бауырсақтың алдынан Қасқыр шығады: «Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!» — дейді. Бауырсақ балалардың артына тығылып: «Балалар, көмектесіңдерші!» — деп өтінеді. Балалар келіседі.
Балалардың орындауы (үзінді)
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!
2-оқушы
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгінгі үлкен салтанат.
Оқулықпен достассаң,
Әліппемен қоштассаң.
Өсті білім бойымыз,
Құтты болсын тойымыз!
3-оқушы
Армысыздар, аналар!
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңдар.
Әліппеге арналмақ —
Бүгінгі жыр-әніміз!
4-оқушы
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Хор
Қасқыр кетіп қалады.
Әліппенің келуі: білімге шақыру
Әліппе
Армысыздар, жас достар! Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол ашар — Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғалымның әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың басталады сендерден!
Жақсы білім — көрімдік, болсын сізге, халайық!
Не үйрендік, не білдік — қане, ортаға салайық!
Сұрақ-жауап
Әліппе: «Балалар, сендер мені оқыдыңдар. Менен нені үйрендіңдер?»
Оқушы: «Жұмбақ, жаңылтпаш, өлең үйрендік. Жазуды меңгердік. Енді кез келген кітапты өзіміз оқи аламыз.»
Жұмбақ
Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.
Аюмен кездесу: мақал-мәтел жалғастыру
Бауырсақ әрі қарай әндетіп келе жатып, Аюға кездеседі. Аю: «Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!» — дейді. Бауырсақ балалардан көмек сұрайды. Балалар: «Әрине көмектесеміз!» — дейді.
Мақал-мәтелдер
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
- Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
- Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.
- Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен.
Ең алғаш қолыма алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Білім алып мектепте талай пәнді оқимыз,
Мұғалімнің айтқанын зердемізге тоқимыз.
11-оқушы
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс, әртүрлі әріптермен.
Оқушы
Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
19–20-оқушы (үзінді)
Әліппе деген алтын жол — апарар сені алысқа.
Еңіл емес, ауыр жол — тырмысып бақ намысқа.
Әріптерді үйреніп, сауат аштық тойладық.
Қорытынды ән/ұран (үзінді)
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға «Ана тілі» аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
«Ана тілі» пәнін қарсы алу
Әліппе: «Дұрыс, балалар! Сендер мені оқып бітірдіңдер, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді ары қарай білім беретін — “Ана тілі”. Ендеше, бәріміз “Ана тілі” пәнін ортаға шақырайық!»
Ана тілі
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлем, достар, аман ба?
Аман болған әрқашан — ана тілін ардақта!
Туған тілдің тілімін, ақылы мен танымын,
Таныстырар бәріне — «Ана тілі» пәнімін.
Ана тілім — ұраным, ана тілім — құралым.
Ана тілім болмаса, мықты болмас тұрағым.
Түлкімен кездесу: есеп және санамақ
Бауырсақ әндетіп келе жатып, Түлкіге кездеседі. Түлкі: «Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!» — дейді. Бауырсақ балалардың артына тығылып: «Көмектесіңдерші!» — деп өтінеді. Балалар тапсырмаларды орындауға кіріседі.
Есеп
Ойда жүр бес ешкі,
Қырда жүр бес ешкі,
Болады сонда неше ешкі?
Хормен: «Он ешкі».
Санамақ (оннан кері)
- 10 — ешкі ойда жүр.
- 9 — ешкі торда тұр.
- 8 — і серке екен.
- 7 — уі жеке жүр.
- 6 — уы алды екен.
- 5 — ешкі бесте екен.
- 4 — ешкі тойған екен.
- 3 — ешкі жайылуды қойған екен.
- 2 — ешкі секіріп тұр.
- 1 — ешкі кекіріп тұр.
Түлкі: «Өте жақсы!» — деп, кетіп қалады.
Айдаһармен кездесу: безендіру және тапсырмалар
Бауырсақ жолын жалғап келе жатып, Айдаһарға тап болады. Айдаһар: «Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!» — дейді. Бауырсақ балалардың артына тығылып көмек сұрайды.
Айдаһардың шарты
«Жаңа жылдық шыршаны құрып қойыпсыңдар. Оны кім безендірді? Егер шыршаны менің көңілімнен шығатындай етіп әсемдесеңдер, мен ренжімеймін. Келер жыл — менің жылым ғой», — дейді.
Ойын-тапсырма
- Шыршаны түрлі түсті ойыншық үлгілерімен безендіру.
- 10 көлеміндегі қосу-азайту тапсырмаларын орындау.
Әліппе: «Шырша безендірілді, Айдаһармен дос болдыңдар. Енді мен сендермен қоштасамын. Менің орнымда “Ана тілі” қалады. Мектептегі әр пәнді жақсы оқып, үлкен азамат болып өсіңдер. Сау болыңдар!»
Хор
Қош бол, құтты Әліппем!