Химиялық қару
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сұлутөр ауылы, №38 орта мектеп
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі: Кистаубаев Ершат Кадырбекович
Практикум-семинар сабағы
Сабақтың тақырыбы: Радиациялық және химиялық барлау және бақылау аспаптары
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың радиациялық және химиялық аспаптардың құрылысы, қасиеттері мен арналуы, жұмыс принциптері, сондай-ақ аспаптарды күтіп ұстау және сақтау ережелері туралы білімін пысықтау.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, іскерлігін, шығармашылық қабілетін дамыту және АӘД пәніне қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Патриоттық сана-сезім қалыптастыру және әскери тәртіпке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: меңгеру сабағы
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Әдіс-тәсілдер: жаңа оқыту технологияларын қолдану
Керекті құрал-жабдықтар
-
ДП-5В — дозиметрлік аспап
-
ХБӘА — химиялық барлау әскери аспабы
-
Компьютер, проектор, суреттер, үлестірме карточкалар
Сабақтың жоспары
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
-
2
Үй тапсырмасын қайталау
-
3
Негізгі бөлім: жаңа тақырып (зерттеу сабағы)
-
4
Қорытындылау: бағалау және үй тапсырмасын беру
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Уақыты: 10 минут
-
Взвод командирінің рапорты.
-
Сәлемдесу.
-
Әнұранды орындау.
-
Түгелдеу.
-
Оқушылардың сыртқы киімдерін тексеру.
-
Взводты екі топқа бөлу.
2) Үй тапсырмасын қайталау
Уақыты: 6 минут
Бейнефильм үзінділерімен жұмыс
Оқушылар тақырыпқа қатысты бейнематериалдар бойынша негізгі ұғымдарды қайталайды.
Санитарлық өңдеу түрлері
Дегазация (газсыздандыру)
Химиялық зақымдаушы заттарды залалсыздандыруға бағытталған шаралар.
Дезактивация
Радиоактивті ластануды азайту және жоюға арналған шаралар.
Дезинфекция
Биологиялық (бактериологиялық) қауіптерді жоюға арналған өңдеу.
Тірек сызбанұсқасымен жұмыс
Оқушылар сызбанұсқа бойынша қысқаша сипаттама беріп, ұғымдарды өзара байланыстырады.
3) Негізгі бөлім: жаңа тақырып (зерттеу сабағы)
Уақыты: 30 минут
Аспаптармен танысу
Уақыты: 15 минут
Оқушылар радиациялық (ДП-5В) және химиялық (ХБӘА) барлау-бақылау аспаптарымен танысады. 5 минуттан кейін топтар аспаптармен алмасып, зерттеуді жалғастырады.
Жұмыс дәптерінде: негізгі бөліктері, қызметі, қолданылу реті бойынша қысқаша жазба жасалады.
Презентация және түсіндіру
Уақыты: 10 минут
ДП-5В (рентгенометр-радиометр)
Мұғалім ДП-5В аспабының құрылымын, тағайындалуын және жұмыс принциптерін түсіндіреді. Аспап гамма-сәулелену бойынша әртүрлі заттардың радиоактивті зақымдануын және гамма-радиация деңгейін өлшеуге арналған.
Гамма-сәулелену қуаты (радиация деңгейі) кеңістіктің белгілі нүктесі үшін миллиридгенмен немесе 1 сағаттағы рентгенмен анықталады. Қосымша түрде бета-сәулеленуді анықтау мүмкіндігі бар.
Жұмысқа дайындау тәртібі
- Кезектілікті сақтай отырып қоректендіру көзін қосу; ажыратып-қосқыш тұтқасын «Режим бақылау» жағдайына қою (меңзер боялған секторда орнығуы тиіс).
- Қоректендіру бөлігінің қақпағын жабу; қаптама белдікті тағу және аспапты кеудеге орнату; бас телефондарын қосу.
- Детекторлау блогының экранын «К» (контроль/бақылау) жағдайына қою.
- Қосымша диапазондар тұтқасын кезекпен x1000, x100, x10, x1, x0.1 мәндеріне әкелу (x1000 және x100-де меңзер ауытқымауы мүмкін, бірақ телефонда шықылдар естіледі және меңзер тербелуі тиіс).
- Экранды «Г» жағдайына қою; ұзартқыш тіректі белдікке бекіту.
Аспап барлық диапазонда дыбыстық сигнал береді. Кепілді дәлдікке жету үшін өлшеу уақыты 45 секундтан аспайды.
Қоректендіру
3 × КБ-1 элементі
Үздіксіз жұмыс
кемінде 55 сағат
Массасы
3,2 кг-нан аспайды
Құрылғыда 12 және 24 В тұрақты тоқ көздерінен қоректендіруге мүмкіндік беретін көшпелі кернеу бөлгіші бар.
ХБӘА (химиялық барлау аспабы)
Мұғалім ХБӘА-ның сыртқы көрінісін көрсетіп, оның ауада, жергілікті жерде және техникада зарин, зоман, иприт, сондай-ақ ауада V-газы, фосген, дифосген, көгерткіш қышқылы, хлорциан буларының бар-жоғын анықтауға арналғанын түсіндіреді.
Жинақталым және индикаторлық түтікшелер
- Қызыл сақина және қызыл нүкте — зоман, зарин және V-газының бар-жоғын анықтауға арналған.
- Сары сақина — фосген, дифосген, көгерткіш қышқылы және хлорцианның бар-жоғын анықтауға арналған.
Температура төмен болғандағы ерекшелік
Қоршаған ауа температурасы төмен болғанда индикаторлық түтікшелерді қыздырғышта −10°C-тан +15°C-қа дейін жылыту қолданылады.
- Температура +15°C-тан төмен болса — түтікшелерді қыздыру үшін спирт қолданылады.
- Температура 0°C және одан төмен болса — зоман үлгілі уландырғыш заттарға арналған түтікшелерді қыздыру үшін қолданылады.
- Индикаторлық түтікшелердегі ампула құрамын еріту үшін пайдаланылады.
Массасы
шамамен 2,2 кг
Соңында мұғалім 2–3 оқушыдан аспаптардың құрылысын қаншалықты меңгергенін сұрап, қысқаша тексеру жүргізеді.
Оқушылар жұмысының қорғалуы
Уақыты: 5 минут
Оқушылар зерттеу нәтижесін қорғайды: Венн диаграммасы арқылы ДП-5В және ХБӘА аспаптарының ортақ және айрықша белгілерін салыстырады.
Үлестірме карточкалар таратылады, қысқа жауаптар арқылы қорытынды жасалады.
4) Қорытынды бөлім
Уақыты: 5 минут
-
Оқушылардың сұрақтарына жауап беру.
-
Сабақты талдау.
-
Оқушыларды бағалау.
-
Үй тапсырмасын беру.