Сутек элементтін ашқан кім
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы
«Благодарное орта мектебі» КММ
І санатты химия пәнінің мұғалімі: Боранбаева Бақтыгүл Боранбайқызы
Химиялық биатлон
Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, ептілікке және ұйымшылдыққа баулу мақсатында химияны спорттық ойындармен ұштастырып, биатлон көпсайысының ережесіне негізделген сыныптан тыс «Химиялық биатлон» ойынын өткіземіз.
Қатысушылар
- Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.
- Әр топта 7 оқушы болады.
Бағалау
- Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі.
- Реакция теңдеулерінің дұрыстығы бөлек бағаланады.
- Уақытты тиімді пайдаланған командаға қосымша ұпай қосылады.
Негізгі мақсат
Химиялық ұғымдарды қозғалыс, жарыс және командалық өзара әрекет арқылы бекіту; сыни ойлау мен жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Ойын кезеңдері
I кезең — Нысанадағы шар
ТапқырлықӘр командадан 3 оқушы нысанадағы шарды көздеп тигізеді. Шардың ішіндегі заттарға қатысты қасиеттері мен қолданылуы бойынша сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинайды.
II кезең — Қашықтық және реакциялар тізбегі
ШапшаңдықБелгілі қашықтықты жүгіріп өту кезінде команда мүшелері реакциялар тізбегінен бір реакция теңдеуін жазып, келесі мүшеге береді. Соңғы қатысушы жұмысын қазылар алқасына тапсырады.
Әр теңдеу үшін ұпай есептеледі, ал уақытты ұтымды пайдаланған командаға қосымша ұпай беріледі.
III кезең — Мәре және арнайы нысана
БілімМәреге бірінші жеткен әр командадан 3 оқушы арнайы дайындалған нысананы көздеп тигізеді. Содан кейін ғалымдардың еңбектеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, ұпай алады.
Жүргізушілер сөзі (Химия күні)
1-жүргізуші
Қызық думан өміріміз ғаламат,
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ.
Қыруар істің қайысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап.
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия,
Жаңарып бір зат жаралған.
Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады.
Алдағы білім шыңына,
Ең білімді топ шығады.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, білікті жас жеткіншек!
2-жүргізуші
Жарқырап күн көзіндей болашағы,
Химия қиындықпен таласады.
Химия ырыс-құтты көкке шырқай,
Ертеңгі болашаққа жол ашады.
Ақыл — тон: аңдығанға тозбайтұғын,
Білім — кең: қанша болса азбайтұғын.
Қатарынан оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауыруы не қозбайтұғын.
Тек сәттілік! Қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыспа.
Оқу және білім керек қашанда,
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?
Ұрандар
Тапқырлар
Тапқырлықта көп сыр бар!
Болашақ
Бар ізгілік тек білімнен алынар, химиямен болашаққа жол салынар!
Білгірлер
Білген сайын келеді біле бергім — біле беру емес пе, ел тілегі!
I кезеңге арналған тапсырмалар: «Нысана ату» жұмбақтары
Төмендегі жұмбақтардың жауабын тапқан оқушылар сәйкес элементті немесе затты атайды. Қажет болған жағдайда формуласы да сұралады.
Жұмбақтар (1–5)
-
Ақ металл айналады тыным таппай, жүргенде су бетінде орын таппай. Аяздан соң суға сіңіп жоқ болады. Оқушым, ойланып тап.
Жауабы: Натрий
-
Сыныптан бір шықпайды, тимесеңіз жұқпайды. Жәрдемісіз бұл заттың оқушы сабақ ұқпайды.
Жауабы: Бор
-
Мұғалімнің бірінші керегі: ол жоқ болса, қайда дер? Бұл тұздың формуласын айтып жібер.
Жауабы: CaCO3
-
Қара металлургияның «наны», машина-трактордың «жаны». 7-қосымша топшада болсам да, металл атаулының ең көп қолданылатынымын.
Жауабы: Темір
-
Болмасам да айтарлықтай салмағым, көптен ардақтымын. Ұшақ болып аспанға қалықтап, жердің жүзін шарладым. Қымбат болдым алтыннан да ертеде.
Жауабы: Алюминий
Жұмбақтар (6–9)
-
Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық. Отынды үйіп қайнатсаң да буланбас. Жылуда анық сұйықты көрсетіп, қандай заттан құрал құярсың?
Жауабы: Сынап
-
Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың.
Жауабы: Тұз
-
Қыздырып соқсаң иленеді, балға мен төстен именеді.
Жауабы: Темір
-
От көмір жейді, тот жейді.
Жауабы: Темір
III кезеңге арналған тапсырмалар: «Арнайы нысана» сұрақтары
Нысананы дәл көздегеннен кейін оқушылар ғалымдар мен негізгі жаңалықтарға байланысты сұрақтарға жауап береді.
-
1) Атомның планетарлық моделін ашқан кім?
Жауабы: Э. Резерфорд
-
2) Оттек элементін ашқан кім?
Жауабы: К. Шееле
-
3) Сутек элементін ашқан кім?
Жауабы: Г. Кавендиш
-
4) Химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасаған кім?
Жауабы: Д. И. Менделеев
-
5) Газдардың көлемдік қатынастар заңын ашқан кім?
Жауабы: Гей-Люссак
-
6) Электролиттік диссоциация теориясын ұсынған кім?
Жауабы: С. Аррениус
-
7) Азот элементін қай жылы, кім ашты?
Жауабы: 1772 жылы Д. Резерфорд
-
8) Протон бөлшегін ашқан ғалым?
Жауабы: Д. Чедвик
-
9) Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?
Жауабы: М. В. Ломоносов
Ескерту
Ғылыми деректерді мектеп бағдарламасына сай нақтылап қолдану ұсынылады. Кейбір сұрақтар тарихи дереккөздерде әртүрлі атрибуциялануы мүмкін.
Қорытынды
«Химиялық биатлон» оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, командалық жұмыс, жылдам ойлау және уақытты тиімді жоспарлау дағдыларын дамытады.
Сайыс соңында жүргізуші қорытынды сөз айтып, әділқазылар алқасына сөз беріледі. Әділқазылар алқасы ойын нәтижесін шығарып, жеңімпаздарды анықтайды.
«Ғылымның сырын ұғына, шығыңдар білім шыңына! Дарындылық пен тапқырлық жеткізеді сіздерді жаратылыстану сырына!»