Дулат өмір сүрген кезең жайлы

Сабақ тақырыбы

Д. Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Ақын өмірі туралы мәлімет беру, өлеңді мәнерлеп оқыту, идеялық мазмұнын ашу.

  • Дамытушылық

    Оқушының білімін кеңейту, ой-өрісін дамыту.

  • Тәрбиелік

    Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Әдістері

Мәнерлеп оқу, түсіндіру, топтау, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы.

Түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Оқушыларды түгелдеу.

II. Үй тапсырмасын сұрау

1) Құлпытастарға қашалып жазылған жазу ескерткіштері қандай жазулар деп аталады?

2) «Күлтегін — қаһармандықтың символы» тақырыбында ой бөлісу.

Күлтегін

47 жас ғұмыр кешкен әскербасы; Бумын, Істемі, Құтлығ, Қапаған қағандарының ұрпағы; Білге қағанның туған інісі. Жырдағы ең өзекті тұлға, эпостық бейне.

батыр қолбасшы өр, қайсар елін сүйген

Тоныкөк

Ақыл иесі, шешен, ғұлама жырау; данышпан, көреген, айлакер саясаткер. 85–86 жас ғұмыр кешкен ақылшы.

шешен данышпан көреген ақылшы

Венн диаграммасы: екі тұлғаның ортақ және айырмашылық белгілерін салыстыру.

3) Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер айту.

III. Жаңа сабақ

1) Дулат өмір сүрген кезең

Ақынның шығармашылығы қалыптасқан дәуірдің тарихи-әлеуметтік сипатына қысқаша шолу.

2) Дулат — заман туралы терең толғаған ақын

Дулат Бабатайұлы — қазақ әдебиетінде елеулі орны бар, өз дәуірінің ең білімді тұлғаларының бірі. Шығармалары Отан, туған жер, атамекен тақырыптарын кең қамтиды. Өлеңдерінде ел тағдырын, халықтың мұңы мен зарын, арманы мен үмітін шыншылдықпен жырлайды.

шешен шыншыл мысалшы жырау

Оқулықпен жұмыс

«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін мәнерлеп оқыту. Бұл өлең жетім бала Ақтанға арналған, яғни арнау өлең. Ақын баланың болашағына көз жүгіртіп, мақсатына жету үшін қажымай-талмай еңбек етіп, күресу керектігін айтады және оған сенім білдіреді.

Дәптермен жұмыс

Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады? Оқушы өз ұсынысын да қосып жазады.

Ақын үміті Сен ұсынар жол
1) «Сен де жетер ме екенсің?»
2) «Шаруа жиып кенеліп, бала сүйіп, мал жиып, өмір сүрер ме екенсің?»
3) «Жетімдіктен өтерсің, жетерсің, әлі жетерсің.»

IV. Жаңа сабақты меңгерту

Өлеңнің идеясы

Іздене еңбек етуге және білімге шақырады.

Ой-түйін

Ерді еңбек жеткізер. Еңбек етсең — емерсің, ерінбесең — жеңерсің.

V. Білімді бекіту

Сөзмаржан (сөздік жұмыс)

Бержін ер
Батырлардың ішінде ең таңдаулы ер.
Керсен
Тегеш, тегене.
Білтелі
Майшамның талшығы (білте).
Бадана көз
Үлкен көз.
Сауыт
Денеге киетін торкөзді кіреуке.

Риторикалық сұрақ (лепті сұрау)

Ойды және сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені сұрау түрінде, леппен айту. Оқушылардан өлеңнен немесе өз сөзінен мысал келтіру сұралады.

VI. Білімді бағалау

Оқушылардың жауаптары, талдауы және белсенділігі негізінде бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

  • Өлеңді оқу.
  • Өлеңді жаттау.