Балалар қазір математика сабағы
Сабақ жетекшісі
Бодаухан Тілеухан
Сабақтың түрі
Альтернативті сабақ
Сабақтың типі
Жаңа білім беру
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сабаққа назар аударту
Балалар, қазір математика сабағы. Қажетті құрал-жабдықтарыңды дайындап, оқушы ережесіне сай түзу отырамыз. Бүгін сабағымыз ерекше: білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр. Алаңдамай, еркін жұмыс істеңдер. Ойларыңды қысылмай ашық айтыңдар. Барлығыңа сәттілік тілеймін.
2) Психологиялық дайындық
«Шаттық шеңбері» арқылы бір-бірімізге тілек айтамыз.
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде.
3) Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма: №6. Бірнеше оқушы оқиды, қалғандары тексереді.
4) Өткенді қайталау (тест)
Білімді қысқа сұрақтар арқылы тексереміз.
Тест тапсырмалары
-
1) Өрнек түрінде жаз:
x пен 7-нің көбейтіндісіне 630-дың 7-ге бөліндісін қос.
- а) x·7 − 630·7
- ә) x·7 + 630:7
- б) x·7 + 630 − 7
-
2) Күрделі теңдеуді тап:
- а) x + 5 = 15·2
- ә) x − 10 = 30
- б) 10 + 5 = 15
-
3) Амалды орындап, өрнектің мәнін тап:
15:3 + 20
- а) 35
- ә) 13
- б) 25
-
4) Қабырғалары 4 см, 5 см, 7 см үшбұрыштың периметрін тап:
- а) 2 см
- ә) 15 см
- б) 16 см
II. Жаңа сабақ
Мұғалім үстел үстінен балаларға арналған хат табады. Хаттың ішінде гүлдің бөлшектері бар екені байқалады. Бұл — жауқазын гүлі.
Хаттың мазмұны
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің сыныптарыңа үлкен өтінішпен келдім. Маған көмектерің керек. Мен де сендер сияқты есептеу мен санауды үйренгім келеді. Жер бетіне құлпырып шыққым келеді. Маған көмектесіңдерші.
Оқушылар көктемде алғашқы күн күркірегеннен кейін шығатын гүлді атайды: Жауқазын. Ендеше, жауқазынның жер бетіне шығуына тапсырмалар арқылы көмектесеміз.
Жауқазынның I тапсырмасы
ТүсіндіруБүгінгі тақырып: үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. Жаңа сабақты бастамас бұрын көбейту кестесін еске түсіреміз.
1·2 = 2
2:2 = 1
2·2 = 4
6:2 = 3
3·2 = 6
8:2 = 4
4·2 = 8
Мысал: 134 · 2
134 санының разрядтарын атаймыз: 1 жүздік (100), 3 ондық (30), 4 бірлік (4).
- 100·2 = 200
- 30·2 = 60
- 4·2 = 8
Толымсыз көбейтінділерді қосамыз: 200 + 60 + 8 = 268.
Осыны баған түрінде есептеу логикасы:
- 1) Бірліктен көбейтеміз.
- 2) Ондықтан көбейтеміз.
- 3) Жүздіктен көбейтеміз.
134 · 2 = 268
Кері амал: 268 : 2
268 санының разрядтарын атаймыз: 2 жүздік (200), 6 ондық (60), 8 бірлік (8). 3 толымсыз бөлінгіш шығады.
- 200:2 = 100
- 60:2 = 30
- 8:2 = 4
Қосындысы: 100 + 30 + 4 = 134.
Тақтада 3 оқушы келесі тапсырмаларды орындайды: 134·2, 241·2, 639:3, 963:3.
Бірінші тапсырма орындалды. Жауқазынның жер бетіне сабағы шығады.
Жауқазынның II тапсырмасы
Оқулықпен жұмыс№2 есепті орындау алгоритмі
- 1) Есептің шартын оқу.
- 2) Есепті талдау.
- 3) Қысқаша шартын жазу.
- 4) Шешуі мен жауабын жазу.
Кері есеп құрастыру (үлгі)
Қысқаша шарт
- І кітапта — 138 бет.
- ІІ кітапта — 2 есе кем (немесе 2 есе артық деп кері құрылады).
- ІІІ кітапта — 3 есе артық/кем байланысы беріледі.
- ІІІ кітапта — 92 бет (кері есепте берілетін шама).
Шешуі (үлгі)
- 138·2 = 276
- 276:3 = 92
- 92·3 = 276
- 276:2 = 138
Жауабы: 92 бет, 138 бет.
Екінші тапсырма орындалды. Жауқазынның жапырағы пайда болады.
III. Сергіту сәті
Бойымызды сергіту үшін «Ойна да ойла!» ойынын ойнаймыз.
Жауқазынның III тапсырмасы
Деңгейлік тапсырмаларБарлығымыз тапсырмаларды орындаған соң, жауқазынның өскіні (гүл шанағы) көріне бастайды.
Жауқазынның IV тапсырмасы
№5 тапсырмаКөпбұрыш 2 тік төртбұрыштан құралған. Енді оның периметрін және ауданын табамыз.
Периметр
Периметр — барлық қабырғалардың қосындысы.
P = A + E + K + D + O + V
P = 3 + 4 + 2 + 2 + 1 + 6 = 18 см
Аудан
Әр тік төртбұрыштың ауданын тауып, қосамыз.
S₁ = 4·3 = 12 см²
S₂ = 2·1 = 2 см²
S = 12 + 2 = 14 см²
Барлық тапсырма орындалды. Енді жауқазын туралы не білетінімізді еске түсіреміз: 1-сыныпта өткен өлеңді жаңғыртайық.
IV. Бекіту
Қорытынды сұрақ
Бүгін қандай тақырыппен таныстық? Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.
Не үйрендік?
- Есептер мен мысалдар шығаруды.
- Деңгейлік тапсырмаларды орындауды.
- Фигуралардың периметрі мен ауданын табуды.
- Жүздік, ондық, бірлік разрядтарын ажыратуды.
- Жазбаша көбейту мен бөлудің тәсілдерін қолдануды.
V. Үй тапсырмасы
Үйге тапсырма: №6, №7 (166-бет).
VI. Бағалау және рефлексия
Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Әр оқушы өз ойын қысқаша айтып шығады.