Мәтінмен танысып түсіну, түсіндіру

Сабақ тақырыбы

С. Сарғасқаевтың «Шыбық» шығармасы.

Жалпы мақсат

  • Көктемгі ағаш отырғызу науқаны туралы шығарма мазмұнымен таныстыру.
  • Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтауға үйрету.

Күтілетін оқу нәтижелері

  • Жас шыбық пен ағашты ажырата біледі.
  • Ағаштардың ерекшелігі мен өсіп-өну үдерісін түсінеді.
  • Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын бағамдайды.
  • Алған білімін қорытындылап, тұжырым жасай алады.

Негізгі идеялар

Оқушыларды еңбексүйгіштікке, табиғаттың сұлулығын қадірлеуге және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Ресурстар (сілтеме)

  • Оқулық
  • Суреттер
  • Презентация және АКТ құралдары

Оқыту әдістері мен форматтары

Негізгі тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау және жаңа әдістерге сүйенген белсенді оқыту.

Жигсо (1–2), топтық жұмыс, пікірталас

АКТ қолдану

Кіріспе презентация, суреттер арқылы ой қозғау.

«Ойлан – жұптас – талқыла»

Тақырыпқа қатысты ойды жинақтап, пікір алмасу.

Постер қорғау

Негізгі ойды көрнекі түрде ұсыну және дәлелдеу.

Сұрақ–жауап

Түсіну деңгейін тексеру, диалог құру.

Венн диаграммасы

Ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып, қорытынды жасау.

Топтық жұмыс

Мазмұнды бөліп меңгеру, бірін-бірі оқыту.

Сабақ барысы

I. Психологиялық ахуал және ұйымдастыру

3 минут

Мұғалімнің әрекеті

  • Сабақты ұйымдастыру.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Сыныпты топқа бөлу: кәмпит ішіне құстардың атауын жазу арқылы.
  • Әр топқа бағалау парағын беріп, топ басшысына бағалауды тапсыру.

Оқушының әрекеті

  • Кәмпиттен жасырылған сөздерді алып, топқа бөлінеді.
  • Топ басшысын сайлайды, топ атын таныстырады.

Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ–жауап)

  1. 1.Қарлығаш қандай құс?
  2. 2.Қарлығаш балапанын қалай қорғады?
  3. 3.Қарлығаш жыланнан қалай құтылды?
  4. 4.Қарлығаштың ұясына қандай қауіп төнді?
  5. 5.Қарлығаш жыланды көргенде қалай қиналды?
  6. 6.Қарлығаштың ұясында неше балапан болды?

II. Жаңа тақырып

Білу – 10 мин · Түсіну – 5 мин · Қолдану – 5 мин · Талдау – 7 мин

Кіріспе

  • Презентация арқылы тақырыпқа шығу.
  • Суреттер көрсету: ағаш пен шыбық туралы ой айтуға 1–2 минут уақыт беру.
  • Автор туралы қысқаша мәлімет беру.

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқуға беру және мазмұнын түсінудің маңызын нақтылау.
  • Жигсо әдісі: әр оқушы өз бөлігіне жауапты екенін ескерту.
  • Бастапқы топқа қайта оралып, үйренген бөлігін түсіндіру және топаралық пікір алмасу.

Топтық тапсырмалар

1-топ

Мақал-мәтелдер жазу (еңбек, табиғат, ағаш туралы).

2-топ

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

3-топ

«Өсімдік бізге не береді?» тақырыбын ашу.

Нәтиже

  • Әр топ мәтінді талқылап, түсіндіреді (Жигсо-2).
  • Постер дайындап, қорғайды.

Сергіту сәті

«Қара жорға» биі.

III. Қорытындылау

5 минут

Мұғалімнің қорытынды сұрағы

Сәуір–мамыр айларында қаламызда «Тазалық – денсаулық кепілі» және «Жасыл ел» акциялары аясында тазалық айлығы өтеді. Шығармадағы кейіпкердің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

Венн диаграммасы арқылы ойды жинақтайық.

Оқушының әрекеті

Венн диаграммасын толтырып, пікірін дәлелдейді.

IV. Үй тапсырмасы

2 минут

Мәтінді толықтыру мақсатында «Табиғатқа қамқорлық» тақырыбында эссе жазу.

Оқушылар тапсырманы дәптерге түртіп алады.

V. Бағалау

5 минут

Формативті бағалау

Сабақ барысындағы белсенділік пен тапсырма орындау сапасына қарай бағалау.

Өзін-өзі және өзара бағалау

Өзін-өзі өлшемді бағалау және топ басшысының бағалауы.

VI. Рефлексия

3 минут

Тақтаға ағаш суреті ілінеді. Оқушыларға қызыл, көк және сары стикерлер таратылады. Әр оқушы сабақтан алған әсері мен ой-пікірін стикерге жазып, ағашқа жапсырады.