Қазақтың ұлттық киімдерін ата

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы

«Атажұрт» танымдық ойыны

Сабақтың түрі

Ойын сабағы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын және оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық

Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке және өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Көрнекіліктер

  • 1 Безендірілген зал
  • 2 Нақыл сөздер
  • 3 Карточкалық тапсырмалар
  • 4 Логикалық есептер
  • 5 Әр топқа дайындалған үстел

Кіріспе сөз (жүргізуші)

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл ойын — ойдың бәйгесі.

Құрметті қонақтар мен оқушылар, бүгін сіздер «Атажұрт» атты танымдық ойынға қатысасыздар. Ойынға екі топ қатысады: «Болашақ» және «Достық».

Ойын кезеңдері

I айналым — «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Жедел сұрақ-жауап

1) Қазақтың көшіп-қонуға қолайлы баспанасы

Киіз үй

2) Киіз үй жиһаздары

Абдыра, кебеже, сандық, тұскиіз, алаша, ағаш төсек

3) Қазақтың ішекті музыкалық аспабы

Домбыра

4) Ғасырлар бойы қолданылған ата мүлік

Бесік

5) Мал жіліктері

Кәрі жілік, асықты жілік, тоқпан жілік, жамбас

6) Ұлттық киімдер

Кимешек, қамзол, сәукеле, шапан, бөрік, тақия, тымақ, ішік

7) Ұлттық ойындар

Ақсүйек, бәйге, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, асық

8) Қонақ түрлері

Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ

II айналым — Ұлттық ойындар және математика

Логика, есеп, ойлау

Қазақ халқының атадан балаға жалғасқан ұлттық дәстүрі мен тәрбие мектебінің бір көрінісі — ұлттық ойындар. Бұл кезеңде математикаға байланысты логикалық есептер ұсынылады.

1) Логикалық есептер

  1. Аяз ата әр сыйлық дорбасына 1 мандарин, 2 шоколад, 5 кәмпит салады. 11 кәмпит, 12 мандарин, 7 шоколад болса, ең көп қанша сыйлық жасауға болады?
  2. Менің ағам 2000 жылы 29 ақпанда туған күнін үшінші рет атап өтті. Ол неше жаста?
  3. Азат, Самат және Талғат жүлделі орындарға ие болды. Азат 1-орын алған жоқ. Талғат 1-орын да, 2-орын да алған жоқ. Әрқайсысы қандай орын алды? Жауабы: Самат — 1, Азат — 2, Талғат — 3.
  4. Үш дос 1, 2 және 3-сыныпта оқиды. Есімдері: Қайрат, Самат, Талғат. Ең кішісінің ағасы да, әпкесі де жоқ. Талғат Саматтың қарындасымен 1-сыныпта оқиды, ал ол — достардың ішіндегі ең үлкені. Әр сыныпта кім оқитынын анықтаңдар. Жауабы: Қайрат — 1, Самат — 2, Талғат — 3.
  5. Ақ, көк, қызыл көйлек киген үш қыз көшеге шықты. Аяқ киімдері де осы үш түсте. Айгүлдің көйлегі мен туфлиі бір түсті. Әлимада аяқ киім де, көйлек те ақ емес. Назымның аяқ киімі қызыл. Қай қыз қандай көйлек, қандай аяқ киім киген? Жауабы: Айгүл — ақ, Әлима — қызыл, Назым — көк.
  6. Алтай, Айгүл, Сәуле және Бекзат — туыстар. Алтай — Айгүлдің ағасы. Айгүл — Сәуленің қызы. Сәуле — Бекзаттың әпкесі. Бекзат Алтайға кім болады?

2) «Ұлы математиктер» сайысы

Тақтаға атақты ғалым-математиктердің портреттері ілінеді. Әр портреттің астында нөмірі көрсетіледі. Оқушылар ғалымды танып, сәйкес нөмірді көтереді.

  • Үшбұрыштың керемет қасиетін ашып, математиктер мектебін қалыптастырған ғалым — Пифагор (№1).
  • «Начала» кітабының авторы, геометрияның негізгі принциптерін жүйелеген — Евклид (№2).
  • Юрист әрі философ болуды армандап, кейін математик атанған — Декарт (№3).
  • «Химия — физиканың оң қолы, ал математика — оның көзі» деген сөздің иесі — Ломоносов (№4).
  • Еңбектерінің жартысын көзі көрмей жазған — Леонард Эйлер (№5).
  • Шеңбер ұзындығының диаметріне қатынасын анықтаумен байланысты — Архимед (№6).

III айналым — «Ас — адамның арқауы»

Дәстүр және тәрбие

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі — тыйым сөздер. Бұл кезеңде асқа байланысты тыйым сөздерді атау ұсынылады.

Тапсырма: асқа қатысты тыйым сөздерді топ болып жинақтап, мысал келтіріңдер.

IV айналым — «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

Киелі ұғымдар

Киелі сандар

Киелі сандар деп халықтық танымда ерекше мәні бар сандарды айтамыз: 3, 4, 5, 7.

Балалар тәрбиесіне қатысты салт-дәстүрлер

Тапсырма: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерді атап, олардың мәнін қысқаша түсіндіріңдер.

V айналым — «Білімді мыңды жығар»

Сөз құрау

Тапсырма: адасқан әріптерден сөз құраңдар.

Жиынтық 1

с ө ш а г с й

Жиынтық 2

п ш р о е п и ы а р р ш л ф ұ ы е ө р н б м к е

VI айналым — «Атадан жеткен асыл сөз»

Тілектер және қорытынды

«Сен маған — мен саған» қағидасымен әр топ бір-біріне және аудиторияға ақ тілегін білдіреді.

Соңында әділқазылар алқасына сөз беріліп, нәтижелер жарияланады.