Тақтаға назар аударыңдар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Нысандар жиыны
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Paint графикалық редакторы
- Үлестірмелі қағаздар
- Оқулық
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Практикалық жұмыс орындау
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Жаңа білімді практикада қолдануға үйрету.
Тәрбиелік
Компьютер сыныбында тәртіп сақтау және техника қауіпсіздігін сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық
Тапсырмалар арқылы ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылықты дамыту.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Тізім бойынша түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеру және қайталау
Интерактивті тақта арқылы тапсырмалар беріліп, ауызша сұрақтар қойылады. Әр сабақта компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері мен техника қауіпсіздігін қайталау міндетті.
Тапсырма 1 — Дұрыс/жалған
- Компьютер сыныбында жүгіруге болады (иә/жоқ).
- Компьютерде жұмыс жасауға болады (иә/жоқ).
- Компьютерде жұмыс істеп отырып тамақтануға болады (иә/жоқ).
- Мониторға тым жақын отыруға болмайды (иә/жоқ).
- Тышқанмен ойнауға болады (иә/жоқ).
Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіргеннен кейін, өткен тақырыптар қайталанады: компьютердің құрамы және құрылғылардың қызметі (енгізу/шығару).
Тапсырма 2
Тақтадағы тапсырмаға назар аудару және орындау.
Тапсырма 3
Қай құрылғы қандай қызмет атқаратынын анықтау.
Тапсырма 4
Әріптердің орнын ауыстырып, компьютерге қатысты сөздер құрастыру.
Тапсырма 5
Тақтадағы шеңбердің ішіне компьютерге ақпарат енгізуге арналған құралдарды орналастыру.
3) Өткенді еске түсіру: «Нысан» ұғымы
Өткен сабақта «нысан» түсінігі, оның белгілері мен қасиеттері қарастырылды.
Сұрақ: Нысан дегеніміз не? Мысал келтір.
Жауап: Нысан — бұл зат, оқиға, процесс немесе табиғат құбылысы.
Бекіту үшін тақтадағы кесте толтырылады.
4) Жаңа сабақ: «Нысандар жиыны»
Бүгін «нысандар» тақырыбы жалғасады. Сабақтың тақырыбы — Нысандар жиыны.
Жиын — ортақ белгілері бар нысандар тобы.
- Кітапхана — кітаптар жиыны.
- Орман — ағаштар жиыны.
- Сынып — оқушылар жиыны.
1-тапсырма
Нысандарды берілген жиындар бойынша топтастыру:
- Оқу құрал-саймандары
- Ойыншықтар
- Техника
2-тапсырма
Берілген заттар қай мамандықтарға қажет екенін анықтау.
Оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қоюға мүмкіндік беріледі.
5) Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып,
Бір тұрып,
Бойымызды созайық.
Сергітуден кейін сабақ жалғасады.
6) Практикалық жұмыс (Paint)
Оқушыларға үлестірмелі қағаздар таратылады. Сынып 2 топқа бөлінеді:
- 1-топ: компьютерде отырып тапсырманы орындайды.
- 2-топ: мұғаліммен бірге тақтада жұмыс істейді.
- Тапсырма аяқталған соң, топтар орын ауыстырады.
Paint не үшін қажет?
Сурет салу және графикалық нысандармен жұмыс істеу үшін.
Іске қосу жолы
Пуск → Все программы → Стандартные → Paint
Нұсқаулық
- 1. Пуск → Все программы → Стандартные → Paint командасын орындап, Paint графикалық редакторын іске қосыңдар.
- 2. Файл → Открыть командасын орындап, жұмыс үстеліндегі «Нысандар жиыны 1» деп сақталған суретті ашыңдар.
- 3. Белгілеу құралын пайдаланып, нысандарды жиындарға бөліңдер: қажетті нысанды белгілеп, сәйкес «қайыққа» тасымалдап апарыңдар. Өзгерісті сақтамай бағдарламаны жабыңдар.
Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар жұлдызшалар арқылы бағаланады.
7) Сабақты қорытындылау
- Оқушылардан бүгін қандай білім алғанын және өзіне не пайдалы болғанын сұрау.
- Бағаларды жариялау және журналға қою.
8) Үй тапсырмасы
Paint графикалық редакторында практикалық жұмысты қайталау:
- 1. Пуск → Все программы → Стандартные → Paint командасымен Paint іске қосу.
- 2. Файл → Открыть арқылы жұмыс үстеліндегі «Нысандар жиыны 1» суретін ашу.
- 3. Белгілеу құралымен нысандарды жиындарға бөліп, қажетті нысандарды белгілеп, сәйкес «қайыққа» тасымалдау. Өзгерісті сақтамай бағдарламаны жабу.