Ғарифолланың ұстаздары кімдер

Сабақ тақырыбы: күйші-ұстаз Дәулет Мықтыбаев

Бұл материал 4-сыныптың музыка сабағына арналған. Сабақта қобыз өнерінің ХХ ғасырдағы дамуына үлес қосқан күйші-ұстаз Дәулет Мықтыбаевтың өмірі мен шығармашылығы қарастырылады, сондай-ақ Ықылас Дүкенұлының «Шыңырау» күйінің шығу тарихы арқылы достық пен адамгершілік құндылықтары ашылады.

Негізгі бағыт
Қобыз күйлері, тұлғатану, тыңдалым
Дағды
Ән айту, талқылау, шығармашылық жұмыс
Құндылық
Достық, ізгілік, өз пікірін білдіру

Оқу мақсаттары

  • Қобызға арналған күйлерді ХХ ғасырда дамытқан күйші-ұстаз Дәулет Мықтыбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу.
  • Ықылас Дүкенұлының «Шыңырау» күйінің шығу тарихын білу және мазмұнын түсіну.
  • Ән айту қабілетін дамыту, ұжымда орындау мәдениетін қалыптастыру.
  • Жеке тұлғаға бағытталған жұмыс арқылы өзін танып, ой-өрісін кеңейткен, өзіндік пікірі бар, адамгершілікті әрі достыққа адал оқушы тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндірмелі және диалогтік оқыту, сыни ойлау, АКТ қолдану

Сабақтың барысы

Басы: ынтымақтастық атмосферасы

Сабақ оқушылардың қатысуын тексеруден, оқу құралдарының дайындық деңгейін және жалпы көңіл күйін анықтаудан басталады. Сәлемдесуден кейін психологиялық ахуал қалыптастыратын қысқа өлең жолдары айтылады.

Қазақша

Армысың, сен әлем!
Армысың, сен жарық күн!
Армысың, армысың,
Абзал адам, армысың!

Орысша

Здравствуй, мир!
Здравствуй, свет!
Здравствуй, добрый человек!

Топқа бөлу

Оқушылар түрлі түсті «ноталарды» таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Әр түстің өз «кілт» сәйкестігі бар; сәйкес келген орынға жайғасады.

1-топ
«Әншілер»
2-топ
«Домбырашылар»
3-топ
«Қобызшылар»

Үй тапсырмасын қайталау: «Алтын сандық» ойыны

Жаңа сабаққа өтпес бұрын оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

1) Ғарифолла Құрманғалиев қай жерде дүниеге келген?

Орал облысы, Қаратөбе ауданы.

2) Ғарифолла неше жасынан бастап ән салған?

10 жасынан бастап.

3) Ғарифолланың ұстаздары кімдер болған?

Мұхиттың атақты шәкірттері — Шыңтас пен Шайхы.

4) Ол қандай операларда рөлдер сомдаған?

«Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Біржан–Сара» және басқа да операларда 20-дан астам рөл.

5) Ғарифолланың шәкірттері кімдер?

Әскербек Еңкебаев, Қажыбек Бекбосынов, Қапаш Құлышева, Сәуле Жанпейісова.

6) Мұхит кімнен бата алған?

Ақын Бала Ораздан.

7) Неліктен Мұхиттың әні «Үлкен айдай» аталып кеткен?

Ақын Бала Оразға арналғандықтан.

8) «Шежіреші» дегенді қалай түсінесің?

Көне көз, көп білетін білгір адам.

Дауыс жаттығуы және ән орындау

Оқушылар дауыс жаттығуын жасап, С. Тойлыбаевтың сөзіне, А. Исағұлованың әніне жазылған «Отаным – Қазақстан» әнін топпен орындайды.

1-топ
1-шумақ (адымдап тұрып орындайды)
2-топ
Қайырмасы (қол шапалақтау арқылы)
3-топ
2-шумақ (аспаптармен сүйемелдеп)

Орындау аяқталғаннан кейін топтар бір-бірін бағалау парақшалары арқылы бағалайды.

Ой шақыру: қобыз және күй

«Қобызбенен сыйлаған, Қорқыт, Ықылас күйлерін.
Халқына өшпес мұра етіп, күйші-ұстаз атанған кім?»

Талқылау сұрақтары

  • Мұғалім қолындағы аспап қалай аталады? Қобыз.
  • Қобызда кімдер ойнайды? Қобызшылар.
  • Қобыз аспабының негізін қалаған кім? Қорқыт ата.

Қобыз күйшілері

Оқушылар қобызда ойнап, бізге әртүрлі көңіл күйді күй арқылы жеткізген күйшілерді атайды: Ықылас Дүкенұлы, Жаппас Қаламбаев және т.б.

Музыка тыңдау: «Шыңырау»

Ықылас Дүкенұлының «Шыңырау» күйі Дәулет Мықтыбаевтың орындауында тыңдалады. Тыңдалымнан кейін күйдің сипаты, көңіл күйі және әсері талқыланады.

Мақсат: тыңдай білу, негізгі ойды ажырату, музыкалық образды сөзбен сипаттау.

Жаңа тақырып: Дәулет Мықтыбаев

Портрет арқылы оқушыларға белгілі тұлға таныстырылады: ол — атақты қобызшы күйші, ұстаз Дәулет Мықтыбаев. Оқулықпен жұмыс барысында оның өмір жолы, өнердегі орны, қобыз күйлерін насихаттаудағы еңбегі және шәкірт тәрбиелеудегі үлесі қарастырылады.

Постер тапсырмасы (1-топ)

Дәулет Мықтыбаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Постер тапсырмасы (2-топ)

Ықылас Дүкенұлы — күйші-қобызшы тұлғасы.

Постер тапсырмасы (3-топ)

«Шыңырау» күйінің шығу тарихы.

Құндылыққа жетелеу: «Шыңырау» күйі және достық

«Шыңырау» күйінің аңызы бойынша оқушыларға ой қозғайтын сұрақтар қойылады: Ықылас нені көреді? Балапандарға қандай қауіп төнеді? Ол қандай әрекет жасайды? Талқылаудың түйіні — адам мен құстың (жалпы жануарлардың) арасындағы достық, мейірім және қамқорлық.

1-тапсырма (1-топ)

«Дос» ұғымын қалай түсінесің? Әр оқушы парақшаға жазып, өз пікірін айтады.

2-тапсырма (2-топ)

«Достық» ұғымын бір ғана суретпен бейнелеу (1 минут).

3-тапсырма (3-топ)

«Бес саусақ» үлгісіне топтағы достарының есімдерін жазып шығу.

Қорытынды ой

«Бес саусақ бірікпей, ине қолға ілікпейді» — бірлік пен сыйластықтың маңызын дәлелдейтін нақыл.

Жаңа ән: «Дос болайық бәріміз»

Оқушылар И. Нүсіпбаевтың «Дос болайық бәріміз» әнін тыңдап, көтеріңкі көңіл күйде орындайды. Ән орындау барысында ырғақ, біркелкілік және топпен айтудың үйлесімі назарға алынады. Орындау Yamaha аспабының сүйемелдеуімен жүзеге асады.

Талқылау сұрағы: тыңдалған күй мен үйренген әннің ұқсастығы қандай? Негізгі жауап — достық.

Соңы: ой қорыту және рефлексия

1

Бүгін мен не үйрендім?

2

Маған не ұнады, не ұнамады?

3

Жаңа сабақ бойынша пікірім және сұрағым.

Оқушылар «Мен бүгін не білдім?» сұрағы аясында жауап беріп, мұғалім түрткі сұрақтар арқылы ойды нақтылайды. Қорытынды бағалау бағалау парақшалары негізінде жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

  • Күйші-ұстаз Дәулет Мықтыбаев туралы оқып келу.
  • «Дос болайық бәріміз» әнін жаттау.
  • Достық туралы бір мақал-мәтел жаттау.

Автор туралы

Қызылорда қаласы, №112 орта мектептің музыка пәні мұғалімі — Дүйсенгазиева Алмагүл Бисенбайқызы.