Қазақстан қандай мемлекет

Тәрбие сағатының тақырыбы

Менің Отаным – Қазақстан

Мақсаты

  • Білімділік: жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Қазақстанның бай әрі қуатты ел екенін мақтан тұтуға үйрету; туған жерге сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
  • Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге баулу; ақындар өлеңдері мен ата-баба даналығы арқылы ұлтжандылық пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: ойды жүйелі жеткізу, шығармашылықпен жұмыс жасау, мәнерлеп өлең оқу және мағынасын түсіну дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі

  • Қазақстан Республикасының картасы
  • Мемлекеттік рәміздер
  • Авторлардың суреттері
  • Қанатты сөздер
  • Гүлдер

Әдісі және бағыты

  • Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.
  • Тәрбие үрдісі: азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие.

Барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Амансыңдар ма, балалар,

Күн сайын өскен саналар,

Талапты бол, талантты —

Бүгінгі сабақ елімізге арналар.

Бүгін біз «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткіземіз.

Сұрақ: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Жауап: Қазақстан.

Сұрақ: Қазақстан жері қандай?

Жауап: Қазақстан жері үлкен, әдемі әрі бай.

Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай шамамен 3000 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 км созылып жатыр.

Еліміз жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол: өріс толы малы, айдынды суларының балығы, теңіздей толқыған егін алқабы, даласының аң-құсы және таусылмас кен байлығы бар. Осындай мемлекетте өмір сүріп жатқанымыз — үлкен бақыт.

Шаттық шеңбері

Біз бақытты баламыз,

Өсіп-өніп аламыз.

2030 жылдары

Біз де азамат боламыз.

  • Аспанымыз ашық болсын.
  • Көк туымыз биік болсын.
  • Әке-шешеміз аман болсын.
  • Деніміз сау болсын.
  • Еліміз тыныш болсын.

Осы тілектеріміз қабыл болсын.

Қазақстан туралы өлең

Мұғалім:

Қазақстан дейтін менің елім бар,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл далада атам қолына ту алған,

Бұл далада жылап келіп уанған.

Бұл далада көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанға жоқ арман.

Туған жер туралы мақал-мәтелдер

1) Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың.

2) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

3) Туған жер – алтын бесік.

4) Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!

5) Отан – оттан да ыстық.

6) Отан отбасынан басталады.

7) Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

8) Арың үшін алыссаң — өлмейсің; Отан үшін отқа түс — күймейсің.

9) Ердің көркі — елімен, Отан көркі — жерімен.

Қорытынды

Өлең

Мұғалім:

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!

Жас ұландар, берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Алғыс және қоштасу

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар — баршаңызға көп-көп рақмет!

Сау болыңыздар!