Табиғат лирикасы

Сабақ тақырыбы: Көңіл-күй лирикасы (3-сынып)

Мақсаты

  • Білімділік: көңіл-күй лирикасы туралы білімді еске түсіру, лириканың түрлерін анықтау, Абай өлеңдерін талдау.
  • Дамытушылық: ой-қиялды дамыту, ақпараттық құзыреттілік арқылы шығармашылық қабілеттерді жетілдіру.
  • Тәрбиелік: ұлы тұлғалардан үлгі алуға баулу; өмірлік мақсат пен арманға жетудегі талпыныс пен табандылықты құндылық ретінде ұсыну.

Әдіс-тәсілдер және көрнекілік

  • Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап.
  • Көрнекілік: ұлы адамдардың суреттері, нақыл сөздер.

Сабақ барысы

1) Психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушылардың көңіл күйін көтеріп, бір-біріне жылы сөз айту арқылы сабаққа жағымды орта қалыптастырылады.

2) Қызығушылықты ояту (мәселені шешу құзыреттілігі)

Негізгі ұғымдар

Өлең дегеніміз не?
Өлең — белгілі бір өлшеммен қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін сөз жүйесі.
Лирика дегеніміз не?
Лирика — адамның көңіл күйін, қуаныш пен реніш сезімін білдіретін поэзия.

Лириканың түрлері

  • Табиғат лирикасы
  • Махаббат лирикасы
  • Философиялық лирика
  • Саяси лирика
  • Көңіл-күй лирикасы

3) Мағынаны тану (қысқаша шолу)

Абай лирикасын жоғарыдағы анықтамалар негізінде талдап көрейік. Мысал ретінде «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін сызба бойынша қарастырамыз.

Өлеңді талдау

  1. Авторы: Абай Құнанбайұлы.
  2. Тақырыбы: табиғат. Ақын табиғат көріністерін махаббат сезімімен үндестіре суреттейді.
  3. Жанр түрі: поэзия (өлең).
  4. Идеясы: табиғат қандай әсем әрі нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Өлең сұлулықты құрметтеуге, сезімді түсініп, бағалай білуге жетелейді.

Табиғат лирикасына мысалдар

  • «Жазғытұры»
  • «Жаз»
  • «Желсіз түнде жарық ай»
  • «Қыс»

Абай табиғатты ерекше шеберлікпен жырлаған: оның табиғаты — жанды, үнемі қозғалыста.

Философиялық лирикаға мысалдар

  • «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да»
  • «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
  • «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»
  • «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»

Бұл өлеңдерде ақын жастарды бос жүрістен сақтандырып, білім алудың маңызын айқындайды.

4) «Қожанасыр қоржыны»: сұрақ-жауап

«Сиқырлы конверт» ойыны ойнатылады. Ойын шарты: Балдырған өзі келе алмағандықтан, «сиқырлы конверт» жіберген. Конверт ішінде «4» пен «5» бағалары бар. Оқушылар бұл бағаларды алу үшін кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындайды.

  • 1Лирика дегеніміз не?
  • 2Абай өлеңдерінің тақырыптары қандай?
  • 3Лирика неше түрге бөлінеді?
  • 4Махаббат туралы қандай өлеңдерін білесің?
  • 5Абайдың табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдері бар?

5) Өздігінен жұмыс (мәселені шешу құзыреттілігі)

Тапсырма 1

«А» әрпінен басталатын қыз балалардың аттарын жаз.

Тапсырма 2: «Ақыл сөз» (С. Торайғыров)

Іздесең сөзді асыл,

Асыл сөзді іздесең,

Ерінбе,

Оқы, Абайды.

Абайды оқы, ерінбе.

Көздесең адамдықты,

Адамдықты көздесең,

Көңілге тоқы, жаттап тоқы көңілге.

Тапсырма 3: Сөз құрау

Сөздегі әріптердің орнын ауыстыру арқылы жаңа сөз жаса. Үлгі: нота → отан

Вена → _____
қатар → _____
алуа → _____
қарта → _____
аршын → _____
ағат → _____
күрке → _____
шара → _____
рота → _____
орақ → _____

6) Ой түйіндеу

Қуанған, мұңайған, таңданған және ашуланған баланың суретін сал. Сурет арқылы әр көңіл күйдің ерекшелігін қысқаша сипаттап бер.