Алғыс айту, ризашылық білдіру адамгершілік қасиет
Мақсат, форматы және құралдары
Мақсаты
- Ата-аналармен еркін қарым-қатынас орната отырып, алғыс айту мен ризашылық білдірудің мәні мен маңызын ұғындыру.
- Алғыстың адамға және айналадағы ортаға әсерін сезіндіру, өзара түсінісуге дағдыландыру.
- Кеңпейілділікке, адамгершілікке, тыңдай білуге және сыйластыққа тәрбиелеу.
Түрі және әдіс-тәсілдері
- Түрі: тренинг.
- Әдістері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, қимыл-әрекет арқылы көрсету.
Көрнекіліктер
- Мультимедиа.
- Түрлі түсті қағаздар.
Кіріспе ой
Жақсы сөз айту және жақсылық жасау — әрбір адамның міндеті. Әрине, жыл бойы сыпайы болуға тырысуымыз керек. Дегенмен күнделікті өмірде біз кейде алғыс айтуды ұмытып кетеміз немесе оған жеткілікті мән бермейміз.
Алғыс сөздерінің өзіне тән жылуы мен күші бар: олар арқылы бір-бірімізге ризашылығымызды білдіреміз, көңіл күй сыйлаймыз, жақсы эмоция таратамыз. Ғалымдардың пікірінше, «рахмет» деу адамдар арасында жылы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Алғыс — жүректі жылытудың, жанды тыныштандырудың тиімді жолы. Ең бастысы — алғыс жүректен шығуы керек.
Егер алғыс айтуға ұялған, үлгермеген немесе батылдық таппаған сәттеріңіз болса, бүгін соны түзейтін күн болсын. Ендеше «Өмірге риза болып, алғыс айт» тренингін бастайық. Айтпақшы, рахмет!
Тренинг бағдарламасы
-
1-бөлім
Шаттық шеңбері
-
2-бөлім
Ойланайық, пікірлесейік
-
3-бөлім
Тыныштық сәті
-
4-бөлім
Миға шабуыл
-
5-бөлім
Аппликация
-
6-бөлім
Сергіту сәті
-
7-бөлім
Ойын
-
8-бөлім
Қорытынды. «Жүректен — жүрекке»
Жүру барысы
1) Шаттық шеңбері
Шаттық шеңберін құрайық. Үстел үстіндегі қағаздарды алып, екі-екіден бір-бірімізге қарама-қарсы тұрамыз.
Қағаздағы белгіге қарай амандасу түрін таңдаңыз:
- Күлімдеу белгісі — күлімдеп, ишаратпен амандасып, жылы сөз айтамыз.
- Екі смайлик — қол алысып, жылы сөз айтамыз.
- Жүрек белгісі — құшақтасып амандасып, жылы сөз айтамыз.
- Күн белгісі — күндей шуақ шашып, тілек айтып амандасамыз.
2) Ойланайық, пікірлесейік
Талқылауға арналған сұрақтар:
- 1 «Алғыс айту», «ризашылық білдіру» дегенді қалай түсінесіз?
- 2 Адам өз ризашылығын қандай сөздермен білдіреді?
- 3 Сіз көбіне қандай жағдайларда алғыс айтасыз?
- 4 Алғыс білдіру қиын ба, әлде кешірім сұрау қиын ба?
3) Тыныштық сәті
Кейде алғыс айтуды ұмытып кетеміз немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздері жүректі жылытады: алғыс айтқанда көңіл күйіміз көтеріліп, ішіміз жеңілдеп қалады. Ал реніш керісінше ауырлық тудырады.
Сондықтан бойымыздағы өкпе-реніштен арылып, оның орнын алғыс сөздерімен толықтыру үшін тыныштық сәтін өткізейік. (Классикалық музыка қосылады.)
Нұсқаулық
- Көздеріңізді жұмып, денеңізді еркін ұстаңыз.
- Терең дем алып, жай шығарыңыз да, аз ғана үзіліс жасаңыз.
- Соңғы кездері болған өкпе-ренішіңізді еске түсіріңіз: кімге және не себепті ренжідіңіз?
- Сол реніш ішіңізде бұлт болып тұрғанын елестетіңіз. Ол кіндік тұсында орналасқандай.
- Саусақтарыңызды сол жерге апарып, бұлтты көтеріп алғандай сезініңіз.
- Бұлтты біртіндеп жоғары көтеріп, аузыңыз арқылы сыртқа шығарып жіберіңіз.
Орынбасатын жылы сөздер
- Өмір сыйлаған анама рахмет!
- Бақытқа бөлеген балаларыма рахмет!
- Жұпар иісі аңқыған далама рахмет!
- Күннің шуағындай жылылық сыйлаған өміріме рахмет!
Алғыс айту және ризашылық білдіру — адамгершілік қасиет. Ендеше, осы сезімді жүрегімізге орналастырып, кеңпейілді жүрегімізге қол соғып қояйық.
Қорытынды және «Жүректен — жүрекке»
8) Қорытындылау
Құрметті ата-аналар, жылы сөзді, қайырымды істі, жақсы ойды және кіршіксіз сезімді ешкімнен аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар.
Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасауға ұмтылады. Өмірдің әр сәтін бағалап, Табиғат-Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен аппақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдардың қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.
Жүректен — жүрекке
Енді «Жүректен — жүрекке» айдарына шақырамын. Шеңбер болып тұрып, төмендегі сөздерді хормен айтамыз:
Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
Мен айналама тек жақсылық тілеп, алғыс білдіремін!
Мен ризамын!
Мен бақыттымын!
Рахмет! Рахмет! Рахмет!
Ұйымдастыру ақпараты
Мекеме
«Боташым бөбекжай» балабақшасы
«Балақай» ерте жас тобы
Тәрбиешілер
- Төлегенова Б. А.
- Құлмажитова Т. К.