Салат құрамы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, журнал бойынша түгелдеу.
  • Екі топқа бөлу.
  • Сабақ мақсаты мен жұмыс тәртібіне назар аударту.

II. Үй тапсырмасын сұрау

1-топ

Салаттың қарапайым түрлері

  • Мысалдар мен ерекшеліктерін айту
  • Құрамындағы көкөністерді атау

2-топ

Салаттың күрделі түрлері

  • Құрама салаттардың айырмашылығын түсіндіру
  • Дайындау ретін атап өту

III. Бекіту: Венн диаграммасы

Оқушылар қарапайым және күрделі салаттарды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы арқылы жүйелейді.

Қарапайым салат

  • Құрамы аздау
  • Кесуі ірілеу болуы мүмкін

Ортақ белгілер

  • Көкөністерден дайындалады
  • Салқын тағам ретінде ұсынылады
  • Қаймақ, майонез немесе тұздықпен араластырылады

Күрделі салат

  • Құрамы көбірек, үйлесімі күрделірек
  • Турауы ұқыпты, көбіне ұсақтау

IV. Жаңа сабақ: салат деген не?

Салат — бір немесе бірнеше көкөніс түрінен дайындалатын салқын тағам. Әдетте ол қаймақпен, майонезбен немесе әртүрлі тұздықпен араластырылып, дәмі келтіріледі.

Жай салат

Көкөністер көбіне дөңгелектеп, тілімдеп, шыбықша

Құрама салат

Көкөністер көбіне текшемайда тілімдеп туралады. Бұл салаттың құрылымын біркелкі етеді.

Көрнекілік үшін суреттер мен қысқа бейнеролик көрсету ұсынылады.

Қауіпсіздік ережелері және тазалық талаптары

Техника қауіпсіздігі

  1. Қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауды ұмытпаңыз.
  2. Сулы қолмен электр құрылғыларына тимеңіз.
  3. Пышақ, шанышқы, қасық сияқты құралдармен ойнамаңыз.
  4. Пышақты басқа адамға ұсынғанда сабын өзіңізге қаратып беріңіз.
  5. Пышақпен жұмыс істегенде аса сақ болыңыз.

Тазалық талаптары

  1. Жұмыс орнын таза әрі жинақы ұстаңыз.
  2. Әр оқушыда алжапқыш және бас орамал болуы қажет.
  3. Салат дайындамас бұрын қолды жуыңыз, тырнақ қысқа әрі таза болсын.
  4. Көкөністер, ыдыстар және құрал-жабдықтар мұқият жуылып, таза болуы керек.
  5. Үстелде дастарқан болғаны дұрыс.
  6. Қажетті заттарды дастарқан үстіне қойып, мұғалімнің рұқсатымен жұмысты бастаңыз.

Шығармашылық жұмыс: топтық сайыс

Екі топ екі түрлі салат дайындайды. Әр топ салаттың атауын, құрамын және дайындау әдісін таныстырып, қорғайды.

Пайдалы кеңестер (I топ)

  • Сүтті қайнатқанда аздап қант қоссаңыз, ыстық күндері тез ашымай, бірнеше күнге дейін сақталуы мүмкін.
  • Шайды тым ыстық күйінде ішу ағзаға зиян.
  • Жұмсақ, ыстық нанды турау үшін пышақты 1–2 минут ыстық суға батырып алып кессеңіз, нан әдемі әрі тегіс кесіледі.

Пайдалы кеңестер (II топ)

  • Картопты үккіштен өткізіп, бетке 15 минут маска ретінде жағуға болады. Уақыт өткен соң жуып тастаңыз. (Қолданар алдында аллергияға тексеріңіз.)
  • Сәбіз, картоп, пияз аршығанда қол сарғайса, жұмысты бастар алдында қолды асханалық сірке суына батырылған шүберекпен сүртіп алуға болады.
  • Пияз, әсіресе сарымсақ иісі қолда қалып қойса, алдымен құрғақ тұзбен ысқылап, кейін жылы сумен жуыңыз.

Қорғау критерийлері

1) Құрамы

Қандай көкөніс, қоспа және дәмдеуіш қолданылды?

2) Дайындау әдісі

Турау түрі, реті, араластыру тәсілі.

3) Ұсыну

Тазалық, эстетика, атауы және таныстыруы.

V. Бекіту: «Екі бетті күнделік»

Оқушылар сабақ соңында ой қорытындысын төмендегі екі сұрақ арқылы жазады.

1) Таңқалдырған нәрсе

Сабақта ерекше есте қалған дерек, тәсіл немесе ереже.

Жауап жазылатын орын

2) Несімен таңқалдырды?

Неліктен әсер етті, қалай қолдануға болады?

Жауап жазылатын орын

VI–VIII. Қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасы

VI. Қорытындылау

Салаттың түрлері, турау тәсілдері, қауіпсіздік пен тазалық талаптары қысқаша қайталанады.

VII. Бағалау

Топтық жұмыстағы белсенділік, ұқыптылық, қауіпсіздік ережесін сақтау және таныстыру сапасы ескеріледі.

VIII. Үйге тапсырма

«Салат түрлері» тақырыбында реферат дайындау.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}