Қай түкпірге жолда

Жұмбақтар

Төмендегі жұмбақтар әртүрлі мамандықты, затты және табиғат құбылыстарын сипаттайды. Жауаптары жақша ішінде берілген.

Бұл қай маман?

Мамандықтар

Ала таяқ қолында, ағайлар тұр жолында.

Жауабы: Автоинспектор

Ұстап қалақ, жүр үй қалап.

Жауабы: Құрылысшы

Ойынды бұзсаң, күш қылып, тоқтатады ысқырып.

Жауабы: Төреші

Келіп бағана қасына, өрмеледі басына.

Жауабы: Монтер

Түсті де ағай жер асты, бұрғымен кен қазды.

Жауабы: Шахтер

Әлем-жәлем киінген, көрерменді күлдірген.

Жауабы: Клоун

Жұмысты шотпен, есептеп өткен.

Жауабы: Бухгалтер

Астында көлік, қолында құрық.

Жауабы: Жылқышы

Айтар болсаң ол жайлы, ауа райын болжайды.

Жауабы: Синоптик

Күтесің жолын, ол – шыным, болса егер берері. Көтеріп ап қоржынын, күнде үйге келеді.

Жауабы: Хат тасушы

Қолында екі жалаумен белгі беріп алыстан, хабарласар талаймен.

Жауабы: Кемеде белгі беруші

Асығыспын қаншалық, күтіп отыр, жол бер деп, келе жатыр жар салып.

Жауабы: Жедел жәрдем

Жолықтырмай-ақ өзін, күнде естисің сөзін.

Жауабы: Диктор

Жерде жұмысы жоқ, аспанда жүрісі көп.

Жауабы: Ұшқыш

Бір ай бойы шабар, он бір ай тыным табар.

Жауабы: Комбайн

Заттар мен құбылыстар

Күнделікті әлем

Түтіні жоқ отын: не шоғы жоқ, не күлі жоқ.

Жауабы: Газ

Қайнатсаң – шығымды, ішсең – жұғымды.

Жауабы: Шай

Қораптағы жиырма бүтін, тысқа шықса – ала түтін.

Жауабы: Сигарет

Асылыңбайтын алып қазан, іші толған шикі сазан.

Жауабы: Көл

Қызылы бар, қарасы бар. Болса да ащы, дәмді етер асты.

Жауабы: Келімдәрі

Көзін қысты, бейнең түсті.

Жауабы: Фотоаппарат

Жер үстінде сабағы, жер астында тамағы.

Жауабы: Картоп

Қайнақ суға былғап, ішіп алған ұнтақ.

Жауабы: Кофе

Он екіге тіліп, қосып, жібереді осып-осып.

Жауабы: Қамшы

Жоқ аяқ, қол да, қай түкпірге жолда — адаспайды сонда.

Жауабы: Хат

Жатса – түсі ақ, жазса – ізі ақ.

Жауабы: Бор

Доп-домалақ тұрқы, іші қызыл, көкала сырты.

Жауабы: Дарбыз

Талай табақ көтерген сабақ.

Жауабы: Күнбағыс

Шығымына қарап бояу деме, оны ішкенге ел құмар неге?

Жауабы: Шай

Ауызыңа алма демейсің, шайнағанмен жемейсің.

Жауабы: Сағыз

Ілініп төбеде, ұйықтайтын немене?

Жауабы: Жарқанат

Шикідей ішсе де болады, қуырып жесе де болады, өз қазаны өзінде десе де болады.

Жауабы: Жұмыртқа

Табиғат пен техника

Бейнелі сөз

Бір тілім еді туғанда, табақтай болды толғанда.

Жауабы: Ай

Қаптап түсіп, қатталып жатыр. Қатталып жерде, тапталып жатыр.

Жауабы: Қар

Салған жолдан шығуды білмейтін көлік.

Жауабы: Трамвай

Дереккөз

Ескен Елубаевтың кітабынан алынды.